Home » Мақалалар » Табиғаттың өзі дәрі. Ибрагимова Махфуза

Табиғаттың өзі дәрі. Ибрагимова Махфуза

Табиғат байлығының ішінде өсімдік әлемі ерекше орын алады. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден   бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді. Солардың   ішінде дәрілік өсімдіктердің пайдасы өте зор. Ол әртүрлі ауруларға ем. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасы нығайтады, оған күш – қуат береді, бауыр мен бүйректің, жүрек пен өпкенің, ішек – қарын мен әртүрлі бездердің қызметтерін жақсартады, қан мен зат алмасуды ретке келтіреді, ағзаға жиналған зиянды, улы заттарды несеп, нәжіс, қақырық, тер арқылы сыртқа шығарады, микробтар мен бактерияларды, вирустарды жояды, ауырған жерді, дене қызуын басады, қан тоқтадады, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.
Еліміздің солтүстік аймағынан басқа жердің барлығында өсетін адыр – аспан өсімдігінің емдік қасиеттеріне назар аударуды және бәріміз білетін пияздың емдік қасиеттері туралы мәлімет беруді жөн көрдік.
Адыраспан – тұзды сортаңды топырақтарда, тұрғын жерлерде, жайылымдарда және егістіктерде, шөлейт және тау беткейлерінің жазықтығының сазды және құмды топырағында, кейде таудың 2800 м биіктігінде де кездеседі.
Адыраспан өсімдігінің тұқым құрамында 3,5 – 6 % алкалоид бар. Оның 60 % гармарин, 30 % гармин және аз мөлшерде   гармалол, пеганин, дезоксивазицин, 60 % пегонин ( вазицин ) және вазицинон. Өсімдікте табылған алкалоидтар: пегнидин, пеганин, пеганол және дезоксипеганин. Тамыр құармында 2,45 – 2,70 % алкалоид бар, атап айтқанда гармин, вазицин, вазицинон. Адыраспан өсімдігімен емдеу тәсілдеріне тоқталайық. Гасрит ауруын 10 грамм қоспаны, 0,5 литр суға салып, 2 сағат тұндырады, сонан соң оны сүзіп тазалайды. Дайындалған препартты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 грамнан 4 рет ішеді. Осылай 4 – 6 ай емделу керек. Құздамамен ауыратын адамдар 100 грамм адыраспан шөбін алып, беті жабылатын ыдысқа салып, үстіне 10 литр   су құйып 15 – 20 минут қайнатып, салқындағаннан кейін сүзіп алып, қайнатпаны 38 – 39 о С температурада ваннаға құйып, әрбір 2 күн сайын 10 – 15 рет ваннаға түсіп отырса айығады.
Адыраспан өсімдігін құздамамен, буынның қабынуынан, ұмытшақ асқазанда тазалауға, тарамыс, тіс, бел, сал, бастың созылмалы   ауыруларының емдік ретінде пайдаланылады. Қазақ халқы адыраспан өсімдігін ем үшін қолданып қана қоймай, сонымен қатар бәле – жаладын сақтайды деп түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Бұл дәстүр осы уақытта да сақталған. Қазақ   халқы ертеден адыраспанда жинау кезінде иіліп сәлем жасап барып терген. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден – ақ белгілі болған. Адыраспандар Кавказ халқы   ұйықтатын дәрі ретінде қолданады. Адыраспан өсімдігі медициналық препараттардың көзі болып есептеледі.

Пияз – фитонцидтік өсімдік.

Фитонцидтер – микроорганизмдерді құртуға ықпал ететін қорғаныш химиялық заттар. Олар химиялық жағынан әр түрлі. Олардың   ішінде патогендік микроорганизмдерге қашықтан әсер ететін ұлпа фракциясы мен ұласа әсер ететін ұшпайтын шырындар бар. Ұшпа фитонцидтерге эфир майлары жатады. Фитонцидтік маңызы бар өсімдіктер мен айналысатын ғылым фитонцидтерапия деп аталады. Фитонцидтердің емдік күші бір қатар жүрек, жұйке жүйесі ауруы, тұмау, тыныс алу жүйесі ауруларын емдеуде айқын бөлінеді. Осындай фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктің бірі – пияз. Пияз – лалагүлділер тұқымдасының жуа туысына   жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жуашығы екі бүйірінен қабысыңқы шар тәрізді, кейде жұмыртқа пішіндес де болады. Гүлсерігінде   6 жапырақша бар. Олардың түстері сары, ақ, ақшыл, қызғылт болып келеді. Жемісі – үш   ұялы қауашақ. Тұқымының пішіні шар тәрізді. Жуаның құрамында эфир майы, глюкоза, фруктоза, мальтоза, С,В дәрумендері бар. Пиязды тамақ және дәрі ретінде халық ерте заманнан бері пайдаланып келеді. Құлаққа   суық тиіп ауырғанда, естімей қалғанда жуашықтан алынған шырынға мақтаны ылғалдап алып, құлаққа салып қояды. Құлақ шұлаған жағдайда   жуашықтың ортасын алып тастап, тмин шөбін қосып пайдаланады. Жуашықтың шырынын бетке әжім түсірмеу үшін аздап суға араластырып бетке жағады. Сонымен қатар шашты өсіру үшін жуа шырынына аздап су араластырып шаш түбіне жаққанда жақсы нәтиже береді.

Қазақстанда жабайы жуа көп өседі. Пияздың 250 түрі белгілі болса, Қазақстанда 108 түрі өсіріледі. Пияздың өзіндік иісі мен дәмі эфир майына ұқсас. Пияздағы заттар атеросклероздың ұлғаюың тежейді, зат алмасуға, қандағы холестириннің бір дәрежеде болуына ықпал етеді. Пияз ас қорыту мүшелерінің жұмысын реттейді, тәбет ашады, асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі, осының нәтижесінде ішекпен асқазан астындағы безде асқорыту ферменттері жасалады. Калийдың аса бай көзі саналатын көк пияз жүрек бұлшық еттерінің   дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.
Пияздың құрамы; Каротин, С дәрумені, Калий тұздары, Фитонцид.

І.Тұмауға қарсы пияздың шырынын пайдаланылады.

ІІ.Тыныс жолдарын ашу үшін пияз сөлін пайдаланып ем табамыз.

ІІІ.Шаштың түсуіне қарсы пияздың сөлін басқа сүреміз.

ІV.Созылмалы тонзилитке қарсы істелінеді..

  1. Тері ауруларына қарсы емдік қасиеті бар.

VІ. Тамақ ауруына қарсы емдік қасиеті бар.

VІІ. Гипертонияға қарсы қолданамыз.

Өсімдіктердің   фитонцидтік қасиетінің маңызы зор. Олар көкөністерді консервілеуге, азық – түліктерді сақтауға, сондай – ақ бау – бақша зиянкестеріне қарсы қолданылады. Фитонцидтердің емдік рөлінің де маңызы зор, ол ауаны жақсартады, фитонцидтердің   ықпалы мен ауаның бактерицидтігі артады. Фитонцидердің қоршаған ортаға ықпалы да түрліше келеді. Мәселен,пиязды пайдалану арқылы ағзадағы микробтардан арыламыз. Міне, бұл фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктердің бірі – пияздың маңызы. Қыс айында тыныс алу мүшелері аурулары, әсіресе тұмау дендеген шақта біз үшін пияздың маңызы, құны зор болады. Халықта « Мың теңге тұратын дәрі, дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр » деген даналық сөзі өз мәнісін табуда. Шын мәнінде өзіміз қолдан егетін   пияздың қадірін жете ұғынғандаймыз. Мен пияздың көптеген ауруларға ем екенін білетінмін, алайда оның құрамындағы фитонцидтердің қасиетін білмедім. Жуа тарағанда көзден шығатын жас эмир майы екендігі мен үшін жаңалық болды. Сондай ақ пияздан аллиглицер сығындысы мен аллилчен тұнбасы алынатынын білдім. Күнделікті өмірде тұтынып, көріп жүрген өсімдіктер әлемінің сыры тереңде екен. Мен фитонцидтердің шипалық қасиетін ұққандаймын. Сондықтан да кез келген затты тұтыну барысында оның сырына терең ұңіле білген дұрыс деп есептеймін. Халқымыз « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде » деп тектен – тек айтпаса керек. Олай болса қолда бар байлығымызды   үнемді, ысырапсыз пайдаланайық,   сонда ауамыз таза, көңіліміз шат болары сөзсіз.
Қорытынды. Табиғат байлығының ішінде өсімдік әлемі ерекше орын алады. Адам баласы өсімдіктерді   сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін қажетіне жаратып пайдасына асырып келеді.

 

Ибрагимова Махфуза,
Д. Қонаев атындағы №25 колледждің
биология пәні оқытушысы,
ОҚО, Сайрам ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.