Home » Балабақша » С.А.Аршкенова. «Өнерлі отбасы» қалалық сайыс

С.А.Аршкенова. «Өнерлі отбасы» қалалық сайыс

№33 «Алтын дән» балабақшасында   2018 жылдың 25 сәуір күні «Көркемдік – эстетикалық тәрбие» кластер бағыты бойынша ұйымдастырылған   «Өнерлі отбасы» қалалық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: Ата — аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата — аналардың балабақшамен, тәрбиешімен, басқа ата — аналармен тұрақты қарым — қатынасын қалыптастыру.Балабақша-отбасы- бала қарым — қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.  Сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға балабақша меңгерушісі  Кенесова Айсұлу Егізбайқызы шығып ақ тілегін білдірді. Сайысқа  9 балабақша — жетекші №33 «Алтын дән» балабақшасынан Абуталипова Айнұр, ұлы Бекбау Рүстеммен , №38 «Шаттық» Айнабекова Жанар,  қызы Серикова Жаниямен, серіктес балабақшалар- №17 «Ер Төстік» бб – Наширали Айжан, қызы Бигелді Алуа, №19 «Балбөбек» б/б  Хасенова Динара, қызы Галиханова Данель, №31 «Ақ сұңқар» бб – Сопыбекова Дана, қызы Мыңжасар Үміт, №60 «Арай» бб  Каденова Гуляйна,  қызы Саулембек Каусар, №87 «Қадыр» бб Дюсенова Гүлайша, қызы Ұзақбай Зерде, №88 «Баяy cұлу» бб –Жанабаева Нұржамал, қызы Узыханова Жанерке, №90 «Еркежан» бб – Мұқанова Мейрамгүл, қызы Түлкібай Аминамен сайысқа қатысты.

Әділқазы алқаларының құрамы: ақын, сазгер, бірнеше балаларға арналған өлең ән жинағының авторы – Жотаева Гүлайым Жүнісқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қалибек Қуанышбаев атындағы акдемиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы — Қылышбай Гүлбаршын Рәшкенқызы, № 2 Өнер мектебінің оқытушысы, дизайнер — Халиева Эльмира арнайы шақырылды.

Сайыс 4 кезеңдерден –

Таныстыру, Өнерлі өрге жүзер, Шебер қолдар, Сән үлгісі.

Сайыс болған соң жеңімпаз болары хақ. Бас жүлдені- №33 «Алтын дән» б/б Бекбау отбасы, мен  І орын — №60 «Арай» б/б Бурлибаевтар отбасы , ІІ орын —      №38 «Шаттық» б/б Сериковтар отбасы, ІІІ орын — №90 «Еркежан» бб – Мұхановтар отбасы иеленді. Қалған балабақшалар алғыс хаттармен марапатталды.Сайыс өте қызықты да тартысты өтті. Әрдайым балабақшадағы ата-аналар арасында осындай сайыстарға құлшына қатысатын болса, балабақша мен ата-аналар арасында қарым-қатынас нығая түсуі сөзсіз. Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашағымыз екенін ұмытпайық ағайын!

 

  С.А.Аршкенова
Астана қаласы,
№33 «Алтын дән»
балабақшасының инновация әдіскері

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.