Home » Мақалалар » Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жұмыс істеу тәсілдері

Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жұмыс істеу тәсілдері

            №7 Аманжол Тұрғынбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту сабақтарының ерекшеліктері» тақырыбымен аудан көлемінде ППТК мұғалімдері және жалпы білім беретін мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтары арасында  Жамбыл облысы Меркі ауданында семинар болып өтті.
             Семинарды Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сауле Әбдібайқызы ашып, семинарға қатысушыларды құттықтап, семинар бағдарламасымен таныстырды.
«Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары» тақырыбымен ППТК логопед мұғалімі Д.О.Тлешова баяндама жасап, фотослайд арқылы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жүргізіп жатқан түзету-дамыту жұмыстарын, логопед ретінде тілдік жаттығу массаждарына кеңінен тоқталды. «Жалпы тіл кемістігі бар балалармен тілдік түзету жұмыстарында ойын түрлерін пайдалану» тақырыбында баяндама жасаған  ППТК тәрбиешісі Н.Қ.Шөңгербаева видеослайд арқылы көмекші құралдарды, шығармашылық және ережелі ойындарды пайдаланып өткізген сабақтарын көрсетті. Баяндама арасында №7 ОМ педагог-психологы А.К.Нысанова мұғалімдерге арналған тренинг жүргізді. «Оқу үрдісінде инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың жолдары» тақырыбымен №20 ОМ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары З.Ш.Лескенова баяндама жасады. Баяндама барысында  инклюзивті білім беру үрдісімен таныстыра отырып, мектеп бағдарламасымен оқытылып жатқан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жүргізілген жұмыстарын слайдта   көрсетті.
«Инклюзивті білім берудің қажеттіліктері» тақырыбымен № 18 ОМ әлеуметтік-педагогы М.Қ.Кужабекова баяндама оқып, фотослайдта  инклюзивті білім беру бағдарламасы негізінде  балалармен өткізілген іс-шараларын, жұмыстарын көрсетті.  №17 ОМ әлеуметтік-педагогы А.К.Золотько «Использование активных методов обучения в работе с детьми ЗПР» тақырыбы  баяндамасында  слайд арқылы  ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды күнделікті тұрмыстық дағдыларға үйрету жұмыстарымен таныстырды.
Семинар соңында ППТК әдіскері, мұғалімдері, жалпы білім беретін мектеп психологтары мен әлеуметтік-педагогтары ой бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты. №48 ОМ әлеуметтік педагог М.Мадилиев өз сөзінде ППТК мұғалімдерінің жасаған баяндамаларын құптап, өз тәжірибесінде қолданатынын айтып өтті.Сондай-ақ,  №1 ОМ психологы Н.Бекжанова семинардың жоғары деңгейде өткені туралы пікірімен бөліссе, ал мектеп мұғалімдері тарапынан осындай семинарлар көптеп бола берсе деген ұсыныстарын білдіріп жатты. ППТК әдіскері Н.А.Сулейменоваға ұйымдастырушылық қабілетінің шыңдалып, көркеюіне тілектестік білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Сөз кезегін алған Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері С.А.Метеркулова семинарға қатысқан педагогтарға шығармашылық табыс тілеп, дипломмен марапаттады.
Қазіргі таңда әртүрлі жағдайларға байланысты  небір кемістікпен сәбилер  дүниеге келуде. Ауру балаға ем іздеп, отбасы күйзеліп, сергелдеңге түсетіні баршамызға аян.  Бұл отбасының ғана емес еліміздің қасіреті.Көппен көтерген жүк жеңіл демекші, ата-аналардың жан қиналысына жәрдем берер осынай ППТК мұғалімдері мен мектеп психологтары, әлеуметтік-педагогтары тарапынан үлкен демеу, зор қолдау қажет.

Меркі ауданының психологиялық-педагогикалық
түзету кабинетінің әдіскері
Н.А.Сулейменова және мекеме ұжымы
Жамбыл облысы, Меркі ауданы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.