Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сөз таптары жайлы білімдерін еске түсіру, сұрақ қою арқылы қай сөз табына жататынын анықтауға болатынын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын ойнату, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: алма ағашы, суреттері, қима қағаздар, сөзжұмбақ, семантикалық карта.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу
Сабаққа даярлықтарын тексеру
- Психологиялық дайындық: Қазақ тілі – көгіндегі шамшырақ. Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге. Ұрпақтарды танытады әлемге, — деп, сабағымызды бастаймыз.
- Қазақ тілім – болашаққа жетелеп,
- Қазақ тілі –өмірің де, өлең де.
- Қызығушылығын ояту
Қазақ тілі – өз жұлдызың көктегі
- Үй жұмысын тексеру және бағалау
Ереже қайталау. «Ыстық орындық» стратегиясы
— Түбір сөз дегеніміз не? мысал келтір
— Қосымша нешеге бөлінеді?
— Жұрнақ пен жалғау туралы айтып көр.
1) Топқа бөлу (қиынды парақшалармен)
- Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Біріншіден біздің сабағымызға қонақтар келді. Ол үшін сендер 4 топқа бөлінесіңдер.
1-топ: Зат есім
2-топ: Етістік
3-топ: Сын есім
4-топ: Сан есім
2) Күтілетін нәтиже «Жемісті ағаш»
3) Бағалау парақшасы (Критерийлер)
- Жаңа білім беру
- Кластер қорғау
Зат есім — заттың атын білдіреді. Кім? Не?
Етістік — іс-қимылды білдіретін- не істеді? Не қылды?
Сын есім — заттың сапасын, түсін, түрін білдіреді
Сан есім — заттың реттік санын білдіреді- Қанша? Неше? Нешінші?
Зат есім — заттың атын білдіреді. Кім? Не?
Етістік — іс-қимылды білдіретін- не істеді? Не қылды?
Сын есім — заттың сапасын, түсін, түрін білдіреді
Сан есім — заттың реттік санын білдіреді- Қанша? Неше? Нешінші?
Зат есім — заттың атын білдіреді. Кім? Не?
Етістік — іс-қимылды білдіретін- не істеді? Не қылды?
Сын есім — заттың сапасын, түсін, түрін білдіреді
Сан есім — заттың реттік санын білдіреді- Қанша? Неше? Нешінші?
Сонымен, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не?
–СӨЗ ТАПТАРЫ
2. «Күш – білімде, білім – кітапта» деп, оқулықтың 116 бетін ашамыз. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
3. СССС — семіз сегіз сиыр сатылды.
*Балалар, айналамызға бір уақыт зер салып қарайықшы. Бізді жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.
* Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер етістік деп аталады.
* Заттардың түрі, түсі, сапасын білдіретін сөздерді сын есім деп атаймыз.
* Заттардың санын білдіретін сөздер сан есім деп аталады.
СӨЗДЕР МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ БІРНЕШЕ СӨЗ ТАПТАРЫНА БӨЛІНЕДІ. Зат есім, Етістік, сын есім, Сан есім – сөз таптары.
-Жаңа тақырыпты 312 -жаттығу арқылы түсіндіремін7
1. Оқулықпен жұмыс:
Тапсырмасы: Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой.* заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді тиісті сұрақтардың астына жаз.
ІV.ТОППЕН жұмыс.
І топ: Жұлдыз, тау, ата, ақын, адам, құс
ІІ топ: Оқыды, жуынды, жүзді
ІІІ топ: Көк, үлкен, биік, жасыл
ІV топ: Екі, жеті, отыз
4-жаттығу
I-II топқа: Төмендегі сөздердің қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта және зат есім мен етістікті тіркестіріп жаз
Қайық жүзеді. Бала жүреді. Бақа секіреді. Доп ұшады. Құс ұшады. Ұшақ ұшады. Ағаш өседі. Балақай жүреді.
СЕРГІТУ Сәті «Көңілді күн» биі
- V. «Сөзжұмбақты» шешу
1) Жыл мезгілі
2) Көру мүшесі
3) Үй құсы
4) Сан есім
5) Әдемі гүл
6) Су жәндігі
7) Ару, әдемі жан
VІ. Семантикалық карта
VІ І. Суретпен жұмыс. Үш тілде айту
Көбелек – бабочка – батэфлай Кітап – книга — бук
Құс – птица – буд Гүл – цветок — флауэ
Аққала – снеговик – сноумен Орындық – стул — чейә
Қоян – заяц – рәббит Дәптер – тетрадь — копибук
Бас киім – шапка Алма – яблоко — эппл
Қызанақ – помидор – томатоу
Үй – дом – хауз
VІ І І. Қорытынды: «Екі жұлдыз, бір тілек» Жеміс ағашына тілек пен ұсыныс жазды.
Бағалау парақшасымен бағаланды.
Туримова Ботагоз Иманалиевна,
«Сәтбаев қаласының
№ 1 мектеп-гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды облысы