Home » Жаңалықтар » «Сәтті қадам» жобасы — жарқын болашаққа жолдама

«Сәтті қадам» жобасы — жарқын болашаққа жолдама

 «Жас Отан» жастар қанаты Шу аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен партияның «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында аудандағы кәсіпкерлер мен жұмыссыз жастар арасында кездесу өтті.

            Аталмыш жоба 2013 жылы бастау алған болатын. Жобаның басты мақсаты – бітіруші түлектерді еліміздің түрлі мекемелерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік жасау және жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту.

Кездесуде жұмыспен қамту орталығының маманы Ақжол Құрманғазыұлы аудан орталықтарында ұдайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп отыратындығын, сол арқылы аудан, ауыл жастарының жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар екендігін тілге тиек етті.

                                    

 

 

 

 

 

 

Білім сынында бағы жанбағандардың жабырқауына негіз жоқ. Мемлекет жігерлі жастар үшін түрлі бағдарлама әзірлеген. Олар бір жыл уақытын босқа өткізбей, қайта даярлау курсына қатыса алады. «Сәтті қадам» жобасы аясында жастар арасында қоғамдық-рухани құндылықтарды ілгерілету және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша көптеген жұмыстар жасап келе жатыр, — деді ол.

Ал, «Жас Отан» Жастар қанатының бөлімше басшысы Ақбота Уалиханқызы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, мекемелерге іс-тәжірибеден өтуге баратын жастардың көбіне біліктіліктерін көрсете алмауларына байланысты, жұмысқа орналаса алмай қалатындығын да қынжыла жеткізді.

— «Жас Отан» жастар қанаты – бүгінде барлық қала, аудандарда бөлімшілері бар еліміздегі және өңіріміздегі ең үлкен жастар ұйымы. Жастар арасында жұмыссыздық болдырмау бағытында «Сәтті қадам» жобасы оқу бітірген жас маманға зор мүмкіндік жасап отыр. Жастар тек осы мүмкіндіктерді дер уақытында, әрі тиімді пайдалана білуі керек, — деді өз сөзінде жеке кәсіпкер Роза Нұрақова.

Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлер палатасының менеджер-консультанты Айгерім Махмұтқалиқызы жұмыссыздарды қамтитын тиімді жоба «Бастау Бизнесі» туралы қызығушылық танытқандарға дәйекті ақпарат беріп өтті.

Бұдан соң жиынға қатысушылар еркін пікір алмасуға көшті. Мәселен, жастар шағын кәсіп ашу үшін үкімет тарапынан қандай көмек, қолдау барын, несие рәсімдеу шарттарын сұрап, қосымша кәсіппен айналысқысы келетіндері туралы айтты.

Жастар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға кәсіпкер азаматтар, мамандар толыққанды жауап берді.

                                                         

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.