Мақсаты:
- Оқушыларға әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сәлемде де сұлу сыр бар екенін білдіру.
- Ойлау қабілетін арттыру, сыйластық қасиетін, үлкенге-құрмет, ізеттілігін дамыту.
- Адамгершілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, топтық.
Көрнекілік: Суреттер, үлестірмелі қағаздар, видеоролик.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу
Шаттық шеңберін құру. «Таныстыру» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын….
Оқушыларды 3 топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын орындау. «Әдепті бала – арлы бала»
- Сипаттау әдісі. Топтар өз ойын жазады.
Ба Әдепті бала | Әдепсіз бала |
|
2.Суретпен жұмыс жасау. Суретке қарап мәтін құрау.
III.Жаңа сабақ.
Сәлемдесу – кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы.
Тегінде, әдеп, адамшылық қасиет – амандасудан бастау алады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі жұмыр басты пенделердің бір-біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде. Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт заманды, бір-бірімен сыйласып өмір сүруді армандаған. Соның негізін сәлемдесу әдебі қалаған десек, артық айтқандық болмас.
Сонымен, қалай амандасу керек?
Ең алдымен амандасатын адамның көзіне қараңыз. Адамдарға қыр көрсете немесе менмендікпен қарамай, достық пейілмен, жылы шыраймен қарауды әдетке айналдырыңыз.
«Сәлеметсіз бе?», «Сәлем бердік» немесе тәуліктің мезгіліне сәйкес, «Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш» деген сөздер айтып амандасқан дұрыс. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын және ешқашан дауыс көтермей, сабырсызданбай айту керек. Әдептілік қағидасы бойынша, қарсы келе жатқан адамға 3-4 қадам қалғанда амандасады.
Қазақ салтындағы сәлемдесудің ерекшелігі туралы видеоролик көрсетіледі.
Мұғаліммен бірге ой бөлісіп, түсінгендерін айтады.
Сәлемдесу туралы мақал-мәтелдер айтылады.
- Сәлемдесе білу де – өнер. Сөздің басы сәлемнен басталады.
- Сәлем беру-өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
- Сәлемдесуден жалықпайық.
- Сәлем беру – кішіліктің белгісі.
- Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.
Ойын: Сөзден сөзжұмбақ құрастыру
С –
Ә-
Л –
Е –
М –
- Бағалау. Смайликтермен бағалау.
V. Кері байланыс. Стикерлерді алма ағашына жапсыру.
Исакова Калдыкыз Сериковна,
сынып жетекшісі,
№ 90 жалпы орта мектебі
Шымкент қаласы