Мақсаты: Бүлдіршіндерге «Білім күні» мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру. Сахналық мәдениетін қалыптастыру. Мерекелік көңіл күй сыйлау.
Көк байрағым көк жүзінде қалқыған
Әнұраным әуелеген, шалқыған
Бес құрлыққа елдің атын паш еткен,
Елбасы да өткен ұстаз алдынан.
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректен сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайықшы еліміздің Әнұранын.
-Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, балалар, барша қонақтар! Бүгін 1 қыркүйек -Білім күні! Мерекелеріңіз құтты болсын.«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя Балабақшам» атты мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі бөбекжай директоры Ж.Ж.Нагимоваға беріледі.
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да.
Білім бастауы – балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде бүлдіршіндерімізге сөз кезегін берейік.
Еркеназ: Қуаныш бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем.
Балабақшаға келген алғашқы
Жан досым саған мың сәлем!
Аружан: Балабақша есігін
Үшке толы ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп
Өсірді бізді бақшамыз.
Айгерім:Балабақша – базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы мол шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Жарайсыңдар! Өңерлерің өрге жүзсін. Бүлдіршіндеріміздің өнер, білім үйреткен сүйікті балабақшаға арналған кезекті әніне кезек берейік.
Ән: «Балабақша»
Жалқаубек: -Уф, жеттім-ау әйтеуір. Сәлеметсіздер ме!
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Жүргізуші: Ой Жалқаубек, жасың онға келгенде, балабақшаға келгеніңе жол болсын!
Жалқаубек: -Қайдағы балабақша? Мен мектепке келдім емес пе? Маған апам айтты ғой, бүгін білім күні, мектепке бар деді. Балалар әндетіп жатқасын осы жерге келдім. Сөмкеме тоқашты толтырып алдым, мектепте қарным аш болмасын деп.
Жүр.: Ай Жалқаубек, саған не дейін. Бізде де «Білім күні» өтіп жатқаны рас. Өйткені білімге деген құштарлық балабақша жасынан басталады.
Жалқаубек:-Не, сонда мына балалар тақпақтар айтып береді, әнді де шырқап береді. Олар сондай өнерлі.
Тақпақтар (Жорға, ақ тілек, Ақ шағала тобы)
Отау тобы. Ән: «Достық»
Жалқаубек : Ой өздері менен кіші болса да құлшынып тұр ғой. Әттең, босқа уақытым өткізіп алғаным-ай?! Эх, ерінбей, жалқауланбай, жыламай, балабақшаға келгенімде ғой, көп нәрсені үйреніп алар ма едім!
Жүр:-олай деп өкінбе, әлі де кеш емес, тек жалқаулықты тастасаң болды.
Білім жалғыз мектепте емес.Білім үйде, көшеде.Білім сені аялаған, әлпештеген шешеде. Әрдайым талаптансаң, білім үйренуге еш уақытта кеш болмайды.
Жалқаубек: рас па, онда келістік апай, балалардың алдында сөз беремін, бүгіннен бастап, жалқаулықты тастап мектепке барамын.
Би: «Жалқаубек»
Жүр.-Міне, тамаша! Біз де сені Жалқаубек емес Азамат деп атаймыз! Талабыңа нұр жаусын!
Жалқаубек: Рахмет сіздерге !
Жүр: Ал Азамат сен енді балалардың тағы өнерлерін көр.
Ән: «Достық» Гүлназ
Балалар бізге мерекені ойлауға қонақтар келіп қалыпты.Қане, бәріміз ду қол шапалақтап шақырайық.
Микки маус: Балалар, сендер жаз бойы күнге күйдіңдер, денелеріңді шынықтырып, спортпен шұғылдандыңдар. Олай болса, қазір сендерге спорттық эстафеталық ойын жарысын ұсынамын. Келісесіңдер ме?
Ойын:Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп, достығы жарасқан, тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін шақырамыз.
Ән: «Топ-топ балақай»
Қазақ жері – достықтың гүлстаны
Дархан өлкем – мерейлі ырыс-бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Би: «Қазақ биі»
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тәмам. Зейін қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет.
Акмарал Құдайбергенқызы Қойшигулова,
№46 «Ақжайық» бөбекжайының тәрбиешісі,
Орал қаласы, БҚО