Мақсаты. Білімділік: Дәрумендер туралы білімдерін толықтыра отырып,
дәрігер туралы түсінік беру, оның қызметі мен құрал-жабдықтары туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Жұмбақ жасыра отырып ойлау қабілетін дамыту, ойын
арқылы сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Тапсырмаларды беру арқылы ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Көрнекіліктер: Денсаулық бұрышы, слайд, видеоролик.
Иновациялық-технология: Игровизор, боскобович кілемшесі және қыстырғыштары.
Билингвистикалық топтастыру: Дәрігер-доктор-doctore.
Сөздік жұмысы: Аурухана, дәріхана, дәрі
- Шаттық шеңбер: Біз тәрбиелі баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Неше ай бар?
- Қалай аталады?
Балалар біз өткен оқу қызметінде дәрумендердің түрімен танысқан болатынбыз. Қане, есімізге түсіріп өтейікші?
- Қандай дәрумендерді білесіңдер?
- Азық-түліктерде қандай дәрумен болады?
- Ал енді осы дәрумендерді бізге кім береді?
- Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі біздің жаңа оқу қызметіміздің тақырыбы: «Сәлеметсіз бе, дәрігер» деп аталады.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін ойланып отырып табайық. Мұқият тыңдаңдар.
- Жаңа оқу қызметі:
Жұмбақ:
Ақ халат киетін,
Аппақ болып жүретін.
Таза болып жүргенді,
Өзі қатты сүйеді.
(Дәрігер)
- дұрыс айтасыңдар. Дәрігер-доктор-doctore.
- Дәрігер бізге не үшін керек?
- «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Ауырмау үшін, таза жүру керек, спортпен айналысып, дұрыс тамақтануымыз керек.
(Слайд арқылы түрлі дәрігерлермен таныстыру, суреттер көрсетіп түсіндіру)
Видео ролик: «Дәрігер» (Свинка пэппа балалар мультфильмі)
- Балалар, мультфильмедегі торайдың іс-әрекеті дұрыс па?
- Үйде, балабақшада немес далада ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Әйтпесе жарақаттанып қаламыз.
- Дәрігер торайға көмектесе алды ма?
- Дәрігер мейірімді, жақсы екен.
- Балалар дәрігерге бармас үшін біз дұрыс, жағымды әрекеттер жасауымыз керек.
- Жағымды әрекеттер жасау үшін біз спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтауымыз керек.
- Қане, біз осыларды сақтаймыз ба, тақтаға шығып көрсетейікші.
- Тапсырма: «Жағымды, жағымсыз әрекет»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, есте сақтауға үйрету.
- Серігіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Жаттығу жасап алайық.
1,2,3-1,2,3
Бойға жинап күш.
Оң қолымызды созайық
Сол қолды да созайық.
1,2,3-1,2,3
Терең тыныс алайық
Уф-уф-уф
Орнымызға отырайық.
- Көрініс: Сюжеттік ойын: «Аурухана»
Мақсаты: Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.
- 2-тапсырма: «Дәрігердің құралдарын тап, сызу арқылы көрсет »
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Дәрігерден қорықпауға, дәрігердің құралдарын атай алуға үйрету.
- Балалар алдымызда берілген игровизорды қолдана отырып, дәрігердің құралдарын сызып көрсетейік.
- Кім тақтаға шығып көрсетеді?
- Тамаша, жарайсыңдар балалар! Міне, бүгін дәрігер жайлы көптеген мәліметтер алдық. Ал, дәрігерге бармас үшін денсаулығымызды күтеміз.
- Қорытындылау: Балалар, бүгін барлықтарын оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, белсенділік көрсеттіңдер. Сол себептен біздің дәрігер апаймыз сендерге дәрумендер беріп жіберді.
Қонарбекова А.Қ
Астана қаласы әкімдігінің
№ 36 «Балапан» балабақшасы МКҚК