Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жыл «Жастар жылы»деп атап кетуінің өзіндік мәні бар. Сол жастар-бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақтар. Ал ол ұрпақтарға білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы отбасы мен балабақшадан басталады. Оы орайда № 60 «Арай» балабақшасында келешек жастарды тәрбиелеп отырған мамандардың еңбегін мақтанышпен айта аламын. Осы мекемеде бала тәрбиесі, біліміне белсене араласып жүрген тәрбиешілер балаларға білім мен тәрбиеге ғана емес балабақшадан тыс ұйымдастырылған іс-шараларға болашақ жастарды қатыстырып жүлделі орындарға ие болып жүр. Айта кетсек, жақын арада өткен «Дарындар әлемі» конкурсынан ұлдарымыз, халықаралық өнер жобасынан қыздарымыз ІІІ-орынды иеленсе, олардың арасында«Гүлдер ханшайымынан» тобымыздағы Сырлыбай Айша «Алтын дауысты Ханшайым-2019» атты жүлдесімен марапатталды. Ел ертеңі-білімді жастар демекші, біздің алар асуларымыз әлі алда.
Токешова Қызғалдақ Қадирбековна,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№ 60 «Арай» балабақшасының
«Жұлдыз-ай» тобының тәрбиешісі.