Home » Жаңалықтар » Сүйікті  қалам — Қызылорда

Сүйікті  қалам — Қызылорда

Қызылорда  қаласы    білім бөлімінің  «Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-нында    Елбасы   Н.Ә.Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар:   рухани  жаңғыру   мақаласы  аясында»  «Туған жер» бағдарламасын негізге ала отырып   «Балдырған» ересектер  тобында    Қызылорда қаласының  200  жылдық   мерейлі толуына  орай «Сүйікті қалам-Қызылорда» тақырыбында  іс-шара өткізілді. Іс шараның мақсаты- рухани  жаңғыруды сипаттау және ұлттық құндылықтарды жаңғырту, балалардың бойында туған жерге деген құрмет,  сүйіспеншілік мақтаныш сезімін ояту,  отанынын сүюге құрметпен  қастерлеуге үйрету.   Балалар     туған  жер туралы     үш тілде  мәнерлеп   тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, қойылымдар   көрсетті.   Іс шараға  қатысушы    ата-аналар    балабақша  ұжымына алғыстар  айтып ризашылығын    білдірді.

 

 

Н.Рысбембетова
«Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның әдіскері
Қызылорда қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.