Муратова Айгуль Нурдуллаевна
Астана қаласы, № 83 «Жансая» балабақша тәрбиешісі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Сүйікті қалама-20 жыл!
Мақсаты: 1) Балаларға еліміздің бас қаласы- Астана жайлы әңгімелеп беру. 2) Астана қаласы туралы білімін дамыту 3) Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру .Патриот азамат болуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері : Әңгімелеу, түсіндіру,ой қозғау,көңіл көтеру,ойын,сұрақ-жауап,топпен жұмыс
Көрнекіліктер: Астананың көрікті жерлерінің суреттері ,сувенирлер ,қанатты сөздер,түрлі –түсті қағаздар ,қыл қаламдар,слайд
Билингвальді компонент: Астана-Астана,қала-город,ғимарат-здание
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңбер айтады:
Қуан шаттан балақай
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң,қайырлы күн !
Күліп шықты күн бүгін.
Біздің Отанымыз-Қазақстан .Біз қазақ деген ұлтпыз. Біздің Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің жүрегі –Астана қаласы. 1997 жылы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 6мамырдағы ҚР Президентінің жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.Қаланың ортасын бөліп өтетін Есіл өзенінің екі жағы қала .Қала халқы демалатын жағажайға айналды.Бәйтерек –Астананың символы.Астананың болашағы алда.Ол Евразиядағы ең әсем ,сұлу ,әйгілі қала болады.
Енді балалар ,Астанаға саяхат жасаймыз.Астананың көрікті жерлерімен танысамыз.
-Мынау Парламент үйі.
-Мынау Бәйтерек.
-Мынау Пирамида
-Мынау Нұ рАстана мешіті
-Мынау Ханшатыр
-Республикалық велотрек
Балалар Астана қаласы тақпақтарыңды айтыңдаршы.
Дарина :
Астана арман қала
Бағы бар жанған қала
Тұрады ол жап –жасыл боп
Мен үлкен болғанда да
Ерасыл:
Төкті оған нұрын дала
Астана сұлу қала
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да
Нұрислам:
Отан-сенің ата-анаң
Отан-досың ,бауырың
Отан-өлкең, астанаң
Отан-аудан, ауылың
Айша:
Мақтаным ,айбарым
Күн өткен сайын құлпырып
Көктемгі әсем гүлдей жайнаған
Елордам менің еңселі!
Ерліктің өлшемі
Арудай қала ,аяулым
Мәңгілік сүйіп өтем сені
Айсана :
Ел намысы –Нұр аға
Жер ырысы –қыр дала
Су шынысы –жер мұнай
Тау тынысы –гүл дала
Азиза:
Дәуірлердің көшінде
Ел басы деп шешімге
Отау тіккен астана
Сарыарқаның төсінде
Арман:
Отанымның төрінде
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған -Астана
Әсем қалам бас қалам!
Зарина:
Бой көтерді бір қала
Ол біздің сұлу –Астана.
Астанада бәрі бар,
Қараймыз соған шаттана.
Селимхан:
Сәулесі түскен Есілге
Сарыарқа төсінде
Армандай әсем қала бар
Мәңгі қалар есіңде
Слайд «Бәйтерек»
Бұл –«Астана –Бәйтерек » кешені.Оның биіктігі -97 метр. «Астана –Бәйтерек » үш бөліктен –тамыры,діңі ,ұшар басынан тұрады.
Жанерке:
Сарыарқа кең дала
Сенсіз жетім мен бала
Самұрықтай киелі
Сен –Бәйтерек ,сен –Ана
Дидактикалық ойын : Түрлі-түсті қазазбен жұмыс
Ойынның шарты:Балалар Бәйтерек ғимаратын қағазды жыртып ұсақтап жабыстыру арқылы суретін шығару.«Бейбітшілік және келісім» сарайы Қазақстан жеріндегі достастық ,бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады.Республика жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілікпен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы.
Ойын : « Қыл қалам»
Ойынның шарты: Пирамиданың суретін қылқаламмен салу
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел соғады .
Кіп –кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі.
Хормен:
Жаса,жаса жас қалам
Жайнай бер менің Астанам!
Енді Астана қаласына тартуымызды айтайық:
«Жүректен жүрекке» жылы сөздер айту
Біз ерекше баламыз
Жайнай берсін қаламыз
Табиғатпен дос болып
Қамқорлықпен қараймыз.
Астанамыз көркейе берсін! Әдемі,сұлу да ғимараттарымыз көп болсын.Еліміздің болашағы жарқын болсын! –деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Балалар жасағандарын көрмеге қоямыз.Іс әрекетке белсене қатысып отырған балаларды жұлдызшамен мадақтау.