Білім саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет
Мақсаты: Ұжымда жеке жұмыстарды қосып сурет салуға үйрету.Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Шығармашалық қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Ойыншықтар және қуыршақ пен доптын суреті.Пернетақта.
Билингвальдық компонент:
Ойыншықтар-игрушки
Қуыршақ-кукла
Доп-мячь
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің басқарымдық қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Психологиялық рефлексия:
Баяу ырғақты музыка ойнайды.Далада қыс болған сон, күн аяз болады.Соны ескере отырып, жазғы ыстық күнді еске алу мақсатпен балаларға көздерін жұмғызып, жаздың жайдарлы күнің көз алдына елестету.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Сендер қайда келдіңдер?
-Біз балабақшаға келдік.
-Балабақшада не істейсіңдер?
Балабақшада істейтін істерін айтады.
-Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.
Ал, айтындаршы сендер немен балабақшада ойнайсындар?
-Сендерге қандай ойыншықтар ұнайды?
-Ойыншықтармен ойнаймыз.
-Өте жақсы, ойыншықтарды шашып, сындыруға болады ма?
-Жоқ, сындыруға болмайды.
-Өздерінің үйде сүйіп ойнайтын ойыншықтарды айтып беріндерші?
-Өздеріне ұнаған ойыншықтарды атайды.
-Жарайсыңдар балалар, әрдайым жинап қою керек.
-Шаршаған боларсыңдар,бір серігіп алайық.
Балалар белсенді қатысып,бір сергіп алады.
Сергіту сәті:
Қуыршағым тұршы,
Бетінді жушы.
Шашынды тарашы,
Айнаға қарашы.
Балалар музыка әуенің тындап, көздерін жауып, бойларына күн көзінің шырайлы шуағын елестетіп,бір көңілдерін көтеріп алады.
Ұйымдастырушылық ізденіс
-Балалар мына пернетақтаға назарларынды аударындаршы, мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешімін тапқан жағдайда суреттер шығады.
-Пернетақтаға назарларын аударады.
Жұмбақ:
-Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(Доп)
-Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
(Қуыршақ)
-Балалар, доп, қуыршақты бір сөзбен не дейміз?
-Ойыншықтар
Жұмбақтардың шешімін табады.
Балалар өздеріне ұнаған ойыншықтарды салып көрейікші.
Алдымен қарандашты оң қолдарына ұстап, не салатындарынды ойланып көріндер.Менің сүйікті ойыншығым доп, Мен допты дөңгелек етіп саламын.Оны қызыл және жасыл түстермен бояймын.
Үстел үстіндегі қарандашты қолдарына ұстап, ауада ойықшықтарын салады.Ашық түстермен бояйды.
Рефлексивті -түзету
Ойыншықтар салу барысында басшылық жасап,балаларға көмек көрсетеді. Жеке нұсқаулар береді.Тәрбиеші балалардың жұмыстарына қорытынды жасап,мадақтайды.
-Ал,еңді кім қанда ойыншық салғандарын айтып беріндерші?
Өздері салған ойыншықтары жайлы айтып береді.
Балалар жасаған ойыншықтарын қызық көріп,танымдық білдіреді.Олар жеке өздері жұмыс жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Ойыншықтарды тани білу.
Түсінеді:Сұрақтарға жауап беру, ұжыммен жұмыс жасай білу.
Қолданады: қарандашпен еркін жұмыс істейді, ұқыпты бояйды.
Абдыхадирова Бинура Нурлановна,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№87 «Қадыр» балабақшасының
II-ші кіші тобының тәрбиешісі