Home » Айтарым бар » Сүйікті «Ақбота» балабақшам

Сүйікті «Ақбота» балабақшам

Қазіргі таңда бала тәрбиесінде басты орын алатын орын-ол балабақша.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен 2010-2020 «Балапан» бағдарламасы құрылып, жер –жерде балабақшалар жаңадан ашыла басталды.       Сонымен бірге, сондай игі бастаманың арқасында тоқырау жылдарында жабылып қалған балабақшалар күрделі жөндеуден өткізіліп, іске қосылды. Біздің сүйікті «Ақбота» балабақшамыз да сондай балабақшалардың бірі болған. 2007 жылы 13 желтоқсанда балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Осы балабақшаның қайтадан ашылуына мұрындық болып, ыстығына күйіп, суығына тоңып, балабақшаның таза қазақ тілді балабақша болып, бұрынғы «Ақбота» атауын қайта алуына директор Кишкиндаева Айгүл Балташқызының еңбегі орасан зор.

Мекеме жарғысы бойынша ұйымдастырушы құрылымы 11 топтан тұрады. Топтар жас ерекшелікке сай топтастырылған, жас бойынша топтардың жинақталымдауы төрт бірінші кіші топ, үш екінші кіші, үш ортаңғы топ және бір ересектер тобы. Балалар қазақ тілінде тәрбиеленеді. Оқу жүктемелері мектепке дейінгі ұйымның нормасына сәйкес. Оқыту – тәрбиелеу үрдісін сапалы жүргізу мақсатында балабақша барлық педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген.

Бүлдіршіндеріміздің алаңсыз күліп ойнауларына, білімдерін толықтыруларына 32 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде директор, 1 әдіскер, 1 педагог-психолог, 1 орыс тілі оқытушысы, 1 ағылшын тілі оқытушысы, 1 музыка қызметкері, 1 дене шынықтыру нұсқаушысы, 26 тәрбиеші бар. Жоғары білімді 11 педагог -35%, аяқталмаған жоғары-5 педагог –15%, орта арнаулы 16 педагог– 50 %. Бірінші санатты 16 педагог 50%, екінші санатты 6 педагог 19 %, санаты жоқ 10 педагог 31% құрайды.             Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын білім беру салаларын кіріктіру арқылы іске асыруда өтпелі тақырыптар қолданылады. Балабақша педагогтары өздерінің шығармашылық потенциалдарын іске асырып, семинарларда, педкеңестерде, ата-аналар жиналыстарында, ашық байқауларда өз білімдері мен шеберліктерін көрсетіп отырады. Барлық педагогтерге кәсіби шеберліктерін көтеру мүмкіндіктері жасалынды. Жыл сайын облыстық ғылыми-практикалық конференциясына жинақ кітаптарына біздің педагогтардың баяндамалары жарияланады. 2017 жылдың мамыр айында Қостанай қаласында өткен «Мектепке дейінгі балалық шақ» ҚР білім және ғылым министрлігімен ұйымдастырылған Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің ғасырлық тарихи шежіресі тақырыбында Республикалық педагогикалық оқуға педагогтар К.Карибекова, А.Умиржанова қатысты. Сол педагогикалық оқуда «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы контекстінде Қазақстандағы мектепке дейінгі білім берудің тарихы мен дамуының заманауи үрдістері жинағына тәрбиешілер Ж.Шекен «Мәңгілік ел-болашаққа бастар жол», Г.Абдикаримова «Ата-баба аңсаған ел» тақырыптары бойынша баяндамалары жарияланды. Сонымен қатар педагогтар халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық баспаларға өз материалдарын жариалайды.

Балабақша жұмыс істеген жылдар аясында көптеген бүлдіршіндерімізді үлкен өмірге қанат қақтырып, балапандай баулып, мәпелеп өсіріп жатыр. Әр жыл сайын «Ассоль» балаларға арналған білім беру орталығындағы «Маленькая страна» атты облыстық байқауына, балалар мен жастардың шығармашылығына арналған «Шоқжұлдыз» ашық фестиваль-конкурсына, Республикалық «Танцуй!» би конкурсына, «Үркер» Республикалық зияткерлік конкурсына белсенді түрде біздің тәрбиеленушілеріміз қатысып, жүлдері орындарға иленіп тұрады. Сонымен қоса, Астана қаласы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Шебер қолдар» Республикалық сайысында, Ақтөбе қаласы «ПЛАТОН» Халықаралық даму орталығымен ұйымдастырылған «Веселые мультяшки» т.б. сайыстарға тәрбиеленушілеріміз тәрбиешілермен қоса жасаған қол өнерлерін, суреттерін жіберіп, 1-ші, 2-ші, 3-ші жүлделі орынға ие болып, ата-аналармен жұмыс жүргізілінеді.

Балабақша тәрбиешілері өткізетін ұйымдастырған оқу қызметтері мерекелік, спорттық іс-шаралар арқылы балалардың адамгершілік түсініктері мен пайымдарын ғана қалыптастырып қоймай, сондай-ақ жадысын, білімге құштарлыққа және өз бетінше тәжірибе жасауға, байқағыштығын, сөз байлығын көбейтуге, мектепке дейінгі балалардың физикалық белсенділігін дамытуға, және де балалардың өзін көрсете білуіне, өз ойын айтуына, шығармашылығын көрсетуіне итермелейді.

Сөзімді қортындылай келе, «Ақбота» балабақшасының барлық қызметкерлерімен шексіз мақтан тұтамын және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімі мен тәжірибені аямайтын, қалтқысыз еңбек ететін адамдар деп санаймын.

К.М.Карибекова
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
«Ақбота» мектеп жасына дейінгі
балаларға арналған мекеме КМҚК
әдіскері.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.