Blended learning аралас оқыту режимінде білім беру бағдарламаларын енгізуді іске асыру мақсатында 2017 жылғы 12-16 маусым аралығында Алматы қаласында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» қызметкерлері ұйымдастырылған бейнежазба жұмыстарына қатысты.
Оқытудың жаңа форматы оқытушыларды online, offline режимдерінде, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өздігінен оқуды көздейді. Ұйымдастырылған іс-шара барысында «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері», “Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық менеджмент мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны мәнмәтінінде” тақырыптарындағы қазақ және орыс тілдерінде біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының барлық модулдері бойынша бейнежазба ұсынылды.
Blended learning форматында курс мәнмәтінін құрудың келесі кезеңінде филиал жауаптыларына таныстырылым материалдарын жетілдіру, сондай-ақ жаңа талаптарға сәйкес оқу-әдістемелік кешенін реттеу күтілуде.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» қызметкерлері «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының оқу ісі және әдістемелік қамтамасыз ету Департаментінің директоры Б.И.Иманбекова, инновация және қоғаммен байланыс Департаментінің директоры А.А. Ульман және әдістемелік және ақпаратты-бағдарламалармен қамтамасыз ету және байланыс бөлімдерінің қызметкерлеріне ақпараттық-білім беру ортасын құру жағдайында кәсіби шеберлік танытқаны үшін шексіз алғыстарын білдіреді.
Л.С.Альмагамбетова
«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»
кафедрасының меңгерушісі
А.А.Кабдирова
мониторинг және сараптама бөлімінің бас маманы
Ж.О. Темербекова
кадр мәселелері бойынша бас маман