Home » Жаңалықтар » СҚО: курстық дайындық сапасы бойынша Кеңестің пәндік-тілдік курстарын сырттай бағалау

СҚО: курстық дайындық сапасы бойынша Кеңестің пәндік-тілдік курстарын сырттай бағалау

Курстық дайындық сапасы бойынша Кеңес өз жұмысын 2017 жылғы ақпан айынан бастады.

Кеңес қызметінің негізгі мазмұнды аспектісі — білім беру бағдарламаларымен көзделген тестілеу және шығыс сауалнамасына, тыңдаушылар жобаларының тұсаукесерлеріне, дәрістік-тәжірибелік сабақтарына сараптамалық бағалау және қатысу.

Кеңес жұмысының ерекше назары облысымыздың екі аудан орталығында өтіп жатқан «Үш тілде оқыту жағдайындағы мұғалімдердің пәндік және коммуникативті-тілдік құзыреттілігін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша физика, химия, биология, информатика мұғалімдері үшін курстарының тиімділігінің ағымдағы бағалауына бағытталған.

Қыркүйек айының ортасында Аққайың ауданы №1 Смирнов ОМ базасында өтіп жатқан курстық дайындығының сапасы бойынша Кеңестің көшпелі отырысы ұйымдастырылған.

Жұмыс тобының құрамына «Білім» Бастапқы партия ұйымының төрағасы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Аққайың ауданы білім бөлімінің өкілдері, сонымен қатар филиал қызметкерлері кірді.

Кеңес мүшелері тәжірибелік сабақтарына қатысты және «Оқыту сапасын бағалау және оқу сабақтарын бақылау картасын» қолдана отырын жоғары сараптамалық бағаларын берді (46 балдың 44 балы), тренермен және курс тыңдаушыларымен әңгімелесті.

Сарапшылар осы курстардың бірегейлігін, үш тілде білім беруге кезең-кезеңмен көшудегі маңыздылығын және «Өрлеу» БАҰО» АҚ қамтамасыз еткен оқу-әдістемелік сүйемелдеу деңгейінің жоғары екендігін атап өтті.

Кеңес 2017 жылғы қазан айында қазіргі уақытта пәндік-тілдік курстары өтіп жатқан Уалиханов ауданына Кишкенекөл ОМ баруды жоспарлайды.

Б. Булатова, Қ. Жолдоғарин, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

«СҚО бойынша ПҚ БАИ» мониторинг және талдау бөлімінің мамандары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.