Home » Жаңалықтар » СҚО: Б.Мекебаевтың «Долгая дорога к встрече» кітабының тұсаукесері

СҚО: Б.Мекебаевтың «Долгая дорога к встрече» кітабының тұсаукесері

 

        Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы  қоғамдық сана-сезімді жаңғырту, рухани жаңғыру платформасы болып табылады. Бұл тұрғыда кітап — жаңа білім көзі ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіруге жол.

        2017 жылдың 23 қазанында С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық ғылыми кітапханасының конференция залында Германияда тұратын қазақстандық суретші Болат Мекебаевтың «Долгая дорога к встрече» атты кітабының тұсауы кесілді.

С. Мұқанов атындағы ОӘҒК 1 қабатының фойесінде «Туған жергесүйіспеншілігін сурет пен сөз жеткізер» = «Любовь к родной земле кистью и словом» атты суретті-кітап көрмесі жасалды, теледидар экранында әлемге есімі әйгілі суретші туралы фильм көрсетілді.     Облыстық филармонияның ішекті квартеті мерекелік және салтанатты ахуал тудырды. Суретсүйер қауым Б. Мекебаевтың Петропавлға әкелген суреттерімен танысты.
Тұсаукесерге 200-ден артық адам жиналды. Олардың арасында шығармашыл зиялы қауым, мәдениет мекемелерінің өкілдері мен қала жұртшылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық-мәдени орталығының жетекшілері, кітапханашылар, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ біліктілік арттыру курсының тындаушылары, өнер колледжінің студенттері, СҚМУ оқытушылары мен студенттері, БАҚ болды.
      Автор жерлестеріне неміс халқының 1941 жылы Солтүстік Қазақстанға жер аударылуын негізгі тақырып етіп алған «Долгая дорога к встрече» атты өзінің алғашқы кітабын таныстырды. Кітапқа қатал уақыттың барлық ауыртпалығын бастан кешіп, Германияда автордың досына айналған адамның естеліктеріне негізделген «От рассвета и до заката» повесі кірді. Сонымен бірге «Видергебурт» ҰМО төрайымы Ковзель Эльвира Рудольфовна; суретшілер Листопадний А.И., Кәрімова А.К. және басқалар сөз сөйледі.
Шара қонақтары мен қатысушылары белгілі суретші әрі жазушы Б.Мекебаевтың қолтаңбасын алып, тұсауы кесілген кітапты сатып алды және Қазақстанның онкологиялық аурулармен ауыратын балаларын қолдау акциясына қатыса алды.

 

 Қ. Әбілина, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО ПҚ БАИ

қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.