Home » Баяндамалар » СҚО бойынша ПҚ БАИ-да ТжКБ ғылыми-әдістемелік Күні

СҚО бойынша ПҚ БАИ-да ТжКБ ғылыми-әдістемелік Күні

Кәсіптік білім беру жүйесінде экономикадағы жаңа  өндірістер

үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Н.Ә. Назарбаев.                                                              

Үшінші жаңғырту: Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі.

 

          2017 жылғы 9 ақпанда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ-да техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының ғылыми-әдістемелік Күні ұйымдастырылып, оның аясында «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша «Педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты» «МASTER KZ» (электрондық газет) ақпарат агенттігінің  тұсаукесері өтті.

  Ғылыми-әдістемелік Күннің мақсаты – кәсіби дамуды және өзін-өзі жетілдіруді өзекті ету үшін СҚО бойынша «Педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты» және Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік өзара бірлескен жұмысының алдағы жоспарын талдау және талқылау.

Ел Президентінің халыққа жолдауындағы: «Кәсіптік білім беру жүйесінде экономикадағы жаңа  өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек»   сөзі осы іс-шараға арқау болды.

СҚО бойынша ПҚ БАИ  директоры, п.ғ.д., профессор А.Ж. Мурзалинова «Жолдау жолымен» Күнінің ғылыми-әдістемелік бастауында СҚО бойынша «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мен Техникалық және кәсіптік білім берудің болашақтағы оқу-әдістемелік өзара іс-қимылына тоқталды.

Ғылыми-әдістемелік Күннің қатысушыларының ерекше қызығушылығын туғызған, «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ меншігі болып табылатын «МASTER KZ» (электрондық газет) ақпарат агенттігінің  тұсаукесері болды. Газеттің тұжырымдамасымен «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы А.В. Деревянкин таныстырды. СҚО кәсіпкерлер Палатасының  адам капиталын дамыту бөлімінің 1-ші санатты сарапшы С.Н. Цупко ТжКБ ұйымдарының оқытушыларына  тәжірибе мен теорияның тиімді материалдарын орналастыру ережесімен таныстырды.

СҚО бойынша ПҚ БАИ базасында  біліктілікті жоспарлы, жүйелі түрде арттырудың КжКБ педагогтарына арналған семинарларға  шолу жүргізілгені,  қатысушыларға пайдалы ақпарат болды.

СҚО бойынша ПҚ БАИ-мен  оқу-әдістемелік ынтымақтастықты дамыту үшін КжКБ педагогтарының кәсіби дамуын сүйемелдеуге курстан тыс іс-шаралар мазмұнына  шолу жасалды.

Сонымен қатар КжКБ педагогтарының болашақта кәсіби құзыреттілік ресурстарын өзектендіру мақсатында «Өзекті? Қызықты? Пайдалы?» шағын-зерттеуі өткізілді.

Ғылыми-әдістемелік Күн қатысушыларына «Білімді Ел – Образованная страна» республикалық білім беру қоғамдық-саяси газетіне жазылуға ұтыс лотереялары ойналғаны тосын сый болды.

Бақытты сертификатты  «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі» КММ иеленді.

Жұмыс барысына СҚО бойынша білім басқармасы басшысының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары А.К. Хасенова,  СҚО кәсіпкерлер Палатасының  адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы, «МASTER KZ» электрондық газетінің бас редакторының орынбасары, п.ғ.д., В.В. Литвиненко қатысты.

Астана қ. «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің бас редакторы   Қ. А. Қатшабаев  Солтүстік Қазақстан облысы оқытушыларына алғаш басылымның  ерекшелігін, шығармашылық жұмыстарының тегін енгізілуінің беделді мүмкіндіктерімен таныстырды.

Педагогтардың инновациялық қызметтін облыстық, республикалық, халықаралық, басылымдар беттерінде жариялауларына қолдау көрсетіп, кәсіби насихаттағаны үшін Қуантай Амантайұлы Алма Жәкімқызын құттықтап, Алғыс хат ұсынды.

Ғылыми-әдістемелік Күннің «онлайн» режиміндегі жұмыс барысына  шетелдік әріптестер: Запорожье облысының, кәсіптік-техникалық білім беру саласының, ғылыми-әдістемелік орталығының директоры А.В.Паржницкий, Минск қ. ЛГИРО өкілі Тереса Метлицкая, Минск қалалық білім беруді дамыту институтының өкілдері, «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ, «Петровка аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «М. Жұмабаев ауданының кәсіптік дайындық және сервис колледжі» КММ ұжымыдары қатысты.

Ғылыми-әдістемелік Күн мәселелерін талқылауда белсенділік танытқандар: Петропавл қ. директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының әдіскерлері, оқытушылары, (11 адам) және «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ профессор-оқытушылар құрамы.

Институт қызметкерлерін жетелейтін түсінік, ол өмір бойы білім алу маңызды рөл атқаратындығы, үнемі өзгеріп отыратын ортаға және мәселелерді шешуге, сонымен қатар, бүгінгі күннің өзекті тақырыбы білім беру жаһандануын жаңа жағдайда пайдалануға мүмкіндік беру.

 

Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ-дың

ИТжЖҒГП  кафедрасының аға оқытушысы Г. Мунжасарова,

Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ-дың

ИДӘҚ бөлімінің аға оқытушысы Ш. Амержанова  

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.