Home » Жаңалықтар » Сыңғырла, сыңғырла тағыда…

Сыңғырла, сыңғырла тағыда…

Арманы асқақ, қадамы нық болашақ жастардың тағы бір жылы артта қалып, алтын ұя мектептерімен қайта қауышты. 1 қыркүйек білім күні әлем балалары үшін бақыттың бастауы. Сондай бақыт Солтүстік Қазақстандық бүлдіршіндерге де бұйырды. Петропавл қалалық қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары да алғашқы қоңырау мерекесін елмен бірдей қарсы алды. Оқушылар мен ұстаздарды құттықтауға қалалық білім бөлімінің әдіскері Кеңпейілова Айман Ерғазықызы және қаламыздың атқамінер азаматтары қатысты.

Көздерінен нұр тамған білдіршіндерді алғаш болып Петропавл қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Е.Кеңпейілова құттықтап, бірінші сынып табалдырығын аттағалы тұрған білдіршіндерге сәттілік тіледі.

Ал, мектеп директоры Бұлбұл Ахмадиқызы 2018-2019 оқу жылымен әріптестері мен оқушыларды құттықтай отырып, алда талай білім бәйгесін бағындырып, көптеген жетістіктерге жету  жолында күш-жігерлерінің сарқылмауын тіледі.

 

 

Көкбасқызы Жазира

«Білім айнасы»

СҚО, Қызылжар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.