Home » Сценарийлер » Сырлибаева Багила Шермаханбетовна

Сырлибаева Багила Шермаханбетовна

Сырлибаева Багила Шермаханбетовна,
Астана қаласы,
№74 «Дәурен» балабақшасының тәрбиешісі

«Аялаған анашым»

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың ,
Армысың ақ жаулықты әжелерім,
Ақылды дариядай кемеңгерім.
Ардақты аналардың мейрамында
Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.
Қош келдіңіздер, аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар,мейірімді ұстаз –тірбиешілер. Біздің «Құлыншақ» тобы балапандарының көктемнің алғашқы күндеріне арналған «Аялаған анашым» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Ән: «Айналайын анашым»
Тақпақтар:Жанель, Олжас, Аяжан, Әділет, Назерке, Бақтияр, Ескендір, Али.
Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары.
Жайнаған көғілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен би, өлең мен күй.
Сіздер үшін мереке шашулары
Жүргізуші:Балалар, қар еріп, бәйшешек бүршік атып, бізге мереке қуаныш сыйлап жатқан жылдың қай мезгілі?
Балалар :Көктем
Онда көктем аруын қарсы алайық.
Музыкамен «Көктем аруы» келеді.
Көктем:
Мен көңілді көктеммін
Былтырда келіп кеткенмін,
Құшағын гүоге толсын деп
Нөсерлімді төгемін.
Барлықтарынызды мерекеңізбен құттықтаймын, аналарынызға қуаныш, балаларымызға шаттық тілеймін.
Жүргізуші: Ару көктем, қош келдіңіз!Сенің, көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді.Кең байтақ даламыз гүлге бөленеді.Сондықтан, ару көктем біз саған ризамыз. Балалар көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік атады, жаңбыр жауады, сол жаңбырдан кейін не шығады?
Балалар :Саңырауқұлақтар
Би:Саңырауқұлақтар
Жүргізуші:Жарайсындар, балалар.
Осы кезінде Маша қыз аюдан қашып, залға жүгіріп келеді.
Аю:Маша, Маша тоқташы сен неге меннен үнемі үйді жинамай қашып кетесің?Мұның жарамайды.Кеттік үйге.
Маша қыз:Жоқ мен бармаймын, орманға,үйді жинамаймын,мына әдемі балалармен ойнаймын.
Аю:жоқ үйді жинап келеміз содан соң балалармен ойнауға рұқсат беремін.
Маша қыз бұртыйа кетеді.
Жүргізуші:Аю бүгін мерекегой Машаға бізбен бірге ән айтып ,би билеуге рұқсат берші.Ал маша қыз сізге үйге барғасын ойыншықтарын жинауға уәде береді
Маша қыз:Жарайды ,уәде беремін.
Жүргізуші:Маша қыз біздің балалар үйінде аналарына көмектеседі.Қанекей, балалар, айтып береміз бе?
Тақпақтар:Ескендір, Айым, Ернар, Айлана.
Жүргізуші:Рахмет балалар! Бәрекелді. Келесі әніміз ақ жаулықты әжелерімізге арналады.
Ән: «Сағындым әже сағындым»
Жүргізуші :Бұл әнді біздің мейірбан әжелерімізге аздық етеді.Қана жырласақта біз ол кісілердің немересіне деген ақ пейілінің орның толтыра алмаспыз.Тағыда әжелерге арналады:
Тақпақтар:Чингиз,Таир, Айлин.
Аю:Балалар, мен нені жақсы көретінімді білесіндер ме?
Балалар:Балды.
Аю:Қандай ақылды балалар.Онда маған бал тауып беріңдерші.
Жүргізуші:Аю бізге күнде таңертен балабақшада аспазшы апайлар дәмді ботқа береді.Ол өте дәмді оны жесең дәрумен,қарның ашпайды.Сағанда ботқа әзірлеп берейік па?
Аю:Жарайды бал жоқ болса жеймін.Әзірлеңдер.
Би:Дәмді ботқа дайындаймыз.Би аяқталғанда қазанның ішінен кішкентай Маша қыз шығады. Аю қорқып кетеді.
Аю:ой Маша тағыда.Мен таңқалып тұрмын.Бір жағынан қуанып тұрмын.Менің қызыма бір ойнайтын дос табылды.Орманға алып кетемін.
Маша қыз: Алақай (деп қуанады)
Тақпақтар: Дәмелі, Айзере, Айлин, Бекбарыс, Нұрайым, Айлана, Исмайл,Темірлан,
Жүргіуші:Рахмет балалар.
Аю:Менде сендермен бір ән айтайыншы. Келіңдер. Сергіту сәті. Аю әні.
Аю:Рахмет балалар өнерлі екенсіндер. Менде, қызым Маша да ризамыз.Біз енді орманымызға қайтайық.Сендердің аналарына деген сүйіспеншіліктерің маған өте ұнады.
Сау болыңдар, балалар.
Жүргізуші:Осымен балалардың мерекеге арналған ертеңгілігі аяқталды .Балалар, сіздер аналарыңызға ән, би, жыр арнадыңыздар. Енді өз қолдарымызбен жасаған гүлдерді аналарыңызға сыйланыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.