Биылғы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі Сыр елі үшін өте керемет мереке болды десем артық болмасы анық.
1-наурыз Алғыс айту күнінен басталған мереке міне бүгінгі күнге дейін жалғасын тапты. Барлық жерде Наурыздың лебі есіп ақ боз киіз үйлер қаздай тізіліп, қара қазан сары баланың қамы үшін деп дәмі тіл үйірілер қазан-қазан көжелер мен ұлттық тағамдардың исі мұрынды жарды.
Ұлттық нақышта киінген еңкейген қарттар мен жүгірген жас балалар бейне бір ұлттық болмысымызды еселендіре түскендей.
Тау көтерген Толағайдай күрес өнері, асық ату секілді ұлттық ойындардың да бүгін көркі қыза түсті. Бәйгеге таласқан қазақтың қара домалақтары да арқан тартып, қызу қуып үзеңгіге жарамаса мінуде.
Мына бір жерде ауылдың алты ауызы айтылып қобыз бен домбыра жарасымды үйлесім тауып, сыбызғының үні сызылып, сазсырнайдан сызылған әуендер ойнауда. Күмбірлеген күй, төгілген жыр домбыраның құлағына бүгін ерекше жан бітіргендей. Мың бұралған бишілер де сызылтып ән салған әншілер де қалысар емес. Бәрі Наурызды тойлауда.
Сыр топырағында туып, Сырдың суын ішіп, салты мен дәстүрін бойына сіңіріп өскен қайырымды жандар ел-халықты қалай қуантсам, қандай қуаныш сыйласам деп мерекені тойлаушы тойшы қауыға ұлттық дәм ұсынып, сый-сыйапат жасауда. Бәрі риза, мереке тойлаушы халық та, көжеге тойңан қара балада. Тіпті бүгінгі күнде риза тулаған толқынмен жарысқан Сырдың желі де бүгін мереке тойлағандай тына қалған. Күн жылы, жел жоқ, көк аспан ашық.
Лайым аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!
А.Елеусізқызы
Қызылорда қаласы
Білім айнасы