ҮІІІ ғасырдың ұлы философы Жан Жак Руссо кезінде: «…бізде физиктер, математиктер, химиктер, жұлдызшылар, ақындар бар… Бірақ азаматтар жоқ», деген екен, яғни сын тұрғысынан ойлай алатын, белсенді, келешек мақсаттарға жетуге жоспар құра білетін, өз жеке көзқарасын жеткізіп айтып, дәлелдей білетін азамат жоқ деген сөз.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Келешек ұрпаққа екі байлық қалады: біреуі- кең байтақ жері, екіншісі- көлдария тілі» десе, жас жеткіншектерді ата- бабаларымыздан қалған асыл мұра — ана тіліміздің тарихынан білімдерін жетілдіру, тіл өнерін шешендікпен тапқырлықты, ұлттық мәдениетті қадірлеуге баулу.
Ал қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданып келеді. Технология — грек сөзі, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Мақсатты білім беру — технологияның басты белгілері. Ахмет атамыз «Оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі керек» — деп айтқандай, қазіргі ең басты мәселе — өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жуықтау. Бұл дегеніміз — білім беру саласындағы жаңа идеяларды және оқыту технологияларын толық пайдалану, мектептің оқыту үрдісінде енгізіліп жүрген теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Оның ішінде қазақ тілінің мұғалімдерінің алдындағы ең басты мақсат: оқыту барысында туған тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орнын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ тілі — оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттың салт-дәстүрі, әдет — ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз.
Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек. Әдіс дегеніміз — мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі. Ал технология дегеніміз — көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті және қалай қолдану керектігін алдын-ала жоспарлап отыруы керек.
Біз өз іс – тәжірбиемізде педогогика ғылымының докторы, профессор
Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту жүйесіне», Н. Оразқынованың сатылай кешенді талдау, модульдік оқыту технологияларын, Зенковтың «Оқыту технологияларын», «Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту технологиясына
сүйеніп сабақ өткіземіз. Олардың әрқайсысының мақсаты, ерекшелігі, талаптары, тәрбиелік мәні ашып көрсетілген.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
· Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
· Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
· Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының ерекшелігі:
· Кез келген ақпараттың жан – жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
· “Өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білім – білім емес” дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі.
«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже:
Оқушының оқуға қызығуы артады
Іскерлік дағдысы
Ойлау белсенділігі
Тапқырлығы
Өзіне деген сенімі қалыптасады.
Осы кезендердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтиже береді:
Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;
Басқаларды тыңдап кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;
Өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі;
Өз бетінше ізденуге үйретеді;
Ең бастысы сабаққа қызығуы артып, балалардың белсенділіктері жоғары болады.
Қызығушылықты ояту.
Үйрену үрдісі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
Сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтау. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету. Екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Осы кезенде топтау, түртіп алу, ой шақыру әдістері бар.
Мағынаны тану (түсіне білу).
Бұл кезенде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетуіне жағдай жасалады. Стратегиялар бойынша жұмыс жүргізіледі.
V Білемін.
— Білмеймін.
+ Мен үшін жаңалық.
? Мені толғандырады.
Ой толғаныс.
Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру. Білім арқылы тәрбиелікке, даналыққа бастау алады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Ой-толғаныс сабақты қорытындылау кезеңі. Үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренеді.
Бес жолды өлең
Венн диаграмма
Еркін жазу
Сол сияқты стратегиялар ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай қолданылады.
«ИНСЕРТ», «Түртіп алу жүйесі» стратегиясы оқушының өзіндік білім деңгейін тексеруге қолайлы әдістердің бірі. Сонымен қатар оқушы білімін тереңдетуге мұғалімге көмекші әдіс ретінде табылған.
«Екі жақты күнделік» стратегиясы — оқушының қоршаған ортаға өз көзқарасын білдіруге, ойын ашық айта алуға талпындыратын әдістің бірі болып табылалы.
Ал «Семантикалық карта» стратегиясы — оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жетік меңгеруін көздейді (жаңа сабақ кезеңінде).
«Концептуалдық кесте» стратегиясы кейіпкер жанын түсінуге, өмірлік ұстанымын тануға, оның іс-әрекетіне адамгершілік тұрғыдан баға беруге үйретеді.
«Ой толғаныс» кезеңінде оқушылардың сабақ үрдісінде алған білімдері тексеріледі.
«Венн диаграммасы» бойынша оқиға кейіпкерлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығы ажыратылады. (сабақты бекіту)
Тақырыпты жан-жақты талдауды қолдайды «Кубизм» әдісінде кубиктің 6 қырына сай жасалған тапсырмалар (яғни зерттеңіз, суреттеңіз, салыстырыңыз, қолданыңыз, бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестеді? Талда, қорған, қарсы шық) арқылы оқушыға жаңа білім мазмұнын игертуге болады.
«Синквейн» немесе « 5-жолды өлең» деп аталатын бұл стратегияда берілген сөзге тиісті сын есім, іс-әрекетті білдірер етістік табу шеберлігі анықталады.
Оқушылардың өз ойын айтуға, еркін сөйлесуге талпындыратын әдістердің бірі – «Еркін жауап» стратегиясында оқушыларға ерік беріліп, олардың қалаған жұмысын орындауға құқылы.
«Егер де мен…» әдісі оқушыны қиял әлеміне самғатып, шығарма соңын өз еркінше аяқтауға мүмкіндік туғызатын әдіс.
«Түсініктеме күнделігі» стратегиясында оқушылардың сөздіктермен жұмыс жасауын талап етеді, сөз мағынасын жете түсінуге талпындырады.
Бүгінгі таңда сабақ үрдісінде оқушы білімін тексеретін әдістердің мазмұн мен түрі жағынан әрі тиімді, әрі жиі қолданылатын тест түрлерін оқушы қызығушылығын арттыру үшін түрліше пайдалануға болады.
Жоғарыда көрсетілген сабақ барысында қолданылған стратегияларын мұғалім мен оқушы іс-әрекеттері айқын байқалады. Өз сабақтарымда көз жеткені, оқушыларға:
·Еркін ойлауға мүмкіндік береді;
·Жан – жақты ізденеді;
·Тіл байлығы жетіледі;
·Ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді;
·Шығармашылық белсенділігі артады;
·Ақыл ойын дамытады.
Нәтиже:
Озат ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды.
— «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды» дамуға негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты терең білім алуына жағдай жасайды;
— Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшелінеді. Осы әдіс-тәсілдерді мұғалім іздену арқылы іріктеп қолданады.
— «Оқу мен сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинайды.
«Орташа мұғалім- айтып береді,
Жақсы мұғалім -түсіндіреді,
Үздік мұғалім- көрсетеді,
Ұлы мұғалім- қанаттандырады, шабыттандырады» — деп А.Уорт айтқандай оқушының құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибиемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды. Қорыта келгенде М. Жұмабаев айтқандай жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің:
Ақыл көріністері:
Ішкі сезім немесе көңіл көріністері:
Қайрат көріністері – сын тұрғысынан ойлауымен байланысты.
Қазіргі заманда сын тұрғысынан ойлау жастарға не үшін қажет?
Біз азаматтық қоғамда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын тіршілік етудің табысты негізі деп анықтаймыз, сондықтан құқықтық мемлекетте нарықтық қатынас жағдайында, мына сан құбылып тұрған әлемде сол себепті азаматтарды нақ осы аспектіде тәрбиелеуге тоқталамыз. Әсіресе, Қазақстан Республикасындағы білімнің мақсаттары мен міндеттерін анықтауда, «адамды ойлауға үйрету үшін» өсіп келе жатқан ұрпақтың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту – қазіргі кезде білім беру ісінде басты қажеттіліктердің бірі. Сондықтан білім берудің басты мақсаттары мен міндеттері:
· Білім алуға үйрету;
· Өмір сүруге үйрету (проблемаларды шеше білу);
· Бірге өмір сүруге үйрету.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам табылуы қиын», — деген.
Қазақ халқы сөзге тоқтаған, сөз қадірін білген халық. Қазақ халқы баланы қонақпен бірге отырғызып, үлкендердің әңгімесі тыңдауға, керек кезде араласуға, өз ойларын айтуға тыйым салмаған.
Сөзімнің соңын Абылай ханның мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.
Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік,
Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!
Баймуратова Сауле Сайынқызы
№16 орта мектебі
Ақтөбе қаласы