Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы түсінік

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы түсінік

  

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деу аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Бұл технология сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:

І. Қызығушылықтарын ояту.

Үйрену процесi бұрынғы бiлетiн мен жаңа бiлiмдi ұштастырудан тұрады. Үйренушi жаңа ұғымдарды, түсiнiктердi өзiнiң бұрынғы бiлiмiн жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседi.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Бұл кезеңде үйренушi жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс iстейдi, тапсырмалар орындайды, оның өз бетiмен жұмыс жасап, белсендiлiк көрсетуiне жағдай жасалады.

ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.

Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды.

Мұғалімнің негізгі рөлі:

  • Баланың өзінің біліміне сүйене отырып, ойды айта білуге бағыттау және қызығушылығын арттыру.
  • Қате жауапты сынамау.
  • Сұрақты нақты қоя білу және аяғына дейін шыдамдылықпен тыңдау.
  • Дұрыс жауапты бірден қабылдамау.
  • Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
  • Сын тұрғысынан ойлауға жеткізетін анық пікірлерін алмасуға, ойларын еркін салуға жеткізетін жағдай жасау.

Ережелер:

  • Бір-бірімізді тыңдаймыз.
  • Басқаның пікірін сыйлаймыз.
  • Айтылып жатқан тақырып көлемінде сөйлейміз.
  • Болжам жасай білеміз.
  • Бір айтылған ой қайталамау.
  • Әр сабақта кем дегенде 2 рет орын ауыстырып отырғызу.
  • Әр баланы кезекпен сөйлету.
  1. Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытатын СТО стратегиялары.

Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу барысында СТО стратегияларын тиімді қолдана білу. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты. Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады.

       Оқушылардың ауызша тілін дамытатын төмендегідей стратегиялар қолдануға болады:

«Инсерт» стратегиясы – ұтымды құрал. Әңгімені түсініп оқуын тексеруге, әңгімені мазмұндау, мәтінді түсініп оқу үшін керек. Бұрынғы білім мен жаңаны ұштастырып, жаңа түсінік тудыратын көпір жасатады.

V+?
Білемін, біліміме сәйкесМен үшін жаңалықБілімге сәйкес емес, менің ойым басқа, мен басқаша ойлаймынӘрі қарай білгім келеді

 

«Галереяда ой шарлау» стратегиясы. Мысалы, қуаныш, махаббат т.с. сөздерді суреттеу, яғни балалар қағаз бетіне осы сөздерді қалай түсінетінін салады. Орындап болған соң 1 оқушы (спикер) шығып қорғайды.

«Әлемді шарлау» стратегиясы. Бір тақырып бойынша жобасын құру. Әр топтың президенті өз жобасын қорғайды. Қалғандары шеңбер бойымен басқа топтардың жобаларын тыңдайды, бағалайды.

«Пікір талас. Дәлелденген эссе» стратегиясы.   Бұл стартегияны оқушылардың жазбаша тілін дамыту барысында да қолдануға өте тиімді.

Мысалы: таныс емес адамды қондыртуға бола ма?

Иә                                              Жоқ

Әрбір дәлелге қарама-қарсы дәлел жазу.

Белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір айтса, ал екінші тура пікірде болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыру керек. Ал сынып оқушылары болса, осы екі жақтың өзіне қайсысы ұнаса, сол топқа аусады. Себепті дәлелдер айтылған сайын оқушы да өз ойынан тайып, екінші топқа өтуі мүмкін. Оқушылар бөлініп, айтылған деректерді пайдалана отырып эссе жаздыру.

«Шығу парағы» стратегиясы

  1. Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?
  2. Қандай сұрақ бар?
  3. Пікіріңіз…

«Оқырмандар семинары» стратегиясы.

Кітап туралы сөйлеу.

«Авторға сұрақ қою» стратегиясы

Мәтінді төрт бөлікке бөлу. Автор және оқырмандарға бөлу. Осы мәтіннен қандай мағлұмат алғаны туралы айтады.

«Араласып кеткен оқиға» стратегиясы. Шашыранды түрде араласып кеткен мәтін беріледі. Сол бөлшектерден мәтін құрастыру.

«Терминдер арқылы болжау» стратегиясы.

Суреттер беріледі (сөздер), сол арқылы ертегі не мәтін құрастыру. Әрбір топтан көрші оқушының ертегісін оқиды. Мұғалім мәтінді бөлікке бөліп оқиды, әрі қарай не болуы мүмкін деп сұрайды. Содан толық мәтін оқылады.

“Кубизм” стратегиясы

  1. Суреттеу — түрі, түсі, формасы, көлемі, портреті.
  2. Салыстыру — ұқсастығы, ерекшелігі, немен айналысуға болатындығы.
  3. Талдау — қалай істелінген, неден жасалған, ненің нәтижесінде, зертте, не болуы мүмкін.
  4. Таңдау — не туралы ойлануға жетелейді, талқылау немесе қарсы пікір айту.
  5. Қолдану — бұдан не істеуге болады, қолданысы, қалай, қайда қолдануға болады.
  6. Бағалау — оймен байланыстыру, жақсы-жаман жағы, мүмкін болатын жағдайлары, бірнеше себептері, келісу не қарсы шығу

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы. Мәтін бойынша қорытынды шығару, негізгі идеясын ашу. (Мысалы: әйел қамқоршы ма әлде жоқ па? (мәтіннің сыртына шығу)

“Жигсо- II” стратегиясы.

  1. Оқушыларды үй топтарына 4 адамнан бөлеміз. (Оқушы санына байланысты). Жаңа тақырып жайында не білетіндерін ортаға салады, жазады.
  2. Оларға 1-4 дейін нөмір бөлеміз.
  3. Сол нөмірлері арқылы 4 жұмыс тобын құрамыз.
  4. Мәтін немесе тапсырма тұтас бәріне таратылады, жеке оқытылады.
  5. Әр жұмыс тобына эксперт парақтары таратылады.
  6. Эксперт парақтары бойынша жауаптары дәптеріне жазады.
  7. Қайта үй тобына оралады.
  8. Алдымен 1 эксперт парағынан бастап жауаптарын тобына түсіндіреді.
  9. Әр үй тобында эксперт парағы бойынша сұрақтар талданып болған соң, алғашқы жазғандарына басқа түспен толықтырулар енгізіледі.
  10. Ортадан 1 спикер қорғайды.
  1. Оқушылардың жазбаша тілін дамытатын стратегиялар:

«Биопоэма» стратегиясы

Аты-жөніңіз.

Өзіңізді сипаттайтын 2-3 сын есім.

Басыңыздан өткен өте маңызды 2-3 оқиға.

Өте жақсы көретін нәрсе, зат. Құбылыс.

Бәрінен не нәрседен қорқасыз?

Сіздің басты арманыңыз? (Жеке басына байланысты, мамандығына байланысты, жұмысқа байланысты)

Өзіңізді немен бейнелейсіз? (Қандай жан-жануарға ұқсайсыз, құсқа қандай табиғаттың бір бөлігіне ұқсайсыз?) Неге өзіңізді соған ұқсатасыз?

Неге бүгін осы жерде отырсыз? Қандай мақсатпен келдіңіз?

«Еркін жазу стратегиясы» Эссе жазу-5 минут. Мұғалім оқушылардың ойына не келеді екенін жазып алуын ұсынады.

Эссе-адам өзін толғандырған ішіндегі ойын, сезімін қысқа ғана, шағын шығарма ретінде жазу.

«РАФТ» стратегиясы.

Р-кім боласың (кім жазады)

А-кімге жазасың

Ф-қай түрде жазасың (форма: хат, шығарма, ресми қағаз, баяндама, құттықтау, сенім хат, қолхат, арыз, түсініктеме т.б.)

Т-қандай тақырыпта.

«Жолаушының қойын дәптері» стратегиясы. Басында болған оқиға туралы жазу.

«Елес, жекелеу» стратегиясы. Кездестірген адам туралы жазу. (мысалы, таңертең кездескем адам туралы жазу)

«Екі түсіндірмелі күнделік» стратегиясы. Оқушылардың дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.

Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б).

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.

     Әсер еткен жері.                       Неге әсет етті? Себебі.

«Қарсы-қарсы элементтер» стратегиясы. Мәтіннің ішінен мінездеме беру.

ИәЖоқ
ӘйелБала
КәріЖас
Ірі денеліҰсақ денелі т.с.с.

 

«Еркін жазу» стратегиясы.

Мұғалім сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенің, нені әлі де біле түсу керек екенің т.б жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

   «Венн диаграммасы» стратегиясы.

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қағазға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы

Үш адамнан топ құралады.

А-интервью алушы

В-интервью беруші

С-хатшы

А В-ға сұрақ қояды, С жазып отырады.

В С –ға сұрақ қояды, А жазып отырады.

С А-ға сұрақ қояды, В жазып отырады.

«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы.

-Топтағы әр оқушы бір қағаздың, плакаттың төрт бұрышына жеке-жеке жаңа тақырып бойынша өз білімдерін жазады.

-Бір-біріне оқып ортаға ортақ жауаптарын жазады.

     «Бес жолды өлең» стратегиясы. Алған мағлұматтарды өзіндік қорытындылайтын және тақырыптық толық мазмұнын аз сөзбен сипаттайтын, қысқа да нұсқа түрде тірек сөздермен жазылатын өлең жолдары.

1 жол – тақырыпты сипаттайтын зат есім;

2 жол – мәтіннің мағынасын ашатын, негізгі мәселені сипаттайтын екі сын есім;

3 жол – мәтіндегі тақырып бойынша іс-әрекетті көрсететін үш етістік;

4 жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден құралған сөйлем;

5 жол – тақырыпты айқындайтын бірінші сөзге синоним соз.

«Ой қозғау» стратегиясы.

Берілген тақырып бойынша оқушының өздері білетін мәліметтерін 1 параққа тізбектеп жаздырту;

Серіктесімен ой бөлісу;

Өздері білетіндерін ортаға салу.

«ББҮ» стратегиясы. Оқушылар бір тақырып бойынша білгендерін, білгілері келетіні және не үйренгендерін кестеге толтырылады.

«Сауаттылық хат үлгісі» стратегиясы. Оқушылар бір-біріне хат жазады.

Бұл стратегияларды сабақта қолдану оқушылар дәлелдеме, болжам жасауға үйренеді, яғни тілі дамиды, сонымен қоса сауатты жазу дағдылары қалыптасады. Белгілі бір нәтижеге жету үшін сабақ жоспарын құру барысында балалардың ауызша және жазбаша тілін дамытатын стратегияларды таңдап алып, тиімді қолданамын. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, өз ойларын ашық, еркін беруді талап етемін.

Қорытынды.

Еліміздің болашағы- ұрпақ тәрбиесінде. Жас ұрпақтың әлеуметтік ортадағы  сан салалы  қарым -қатынасы мен  іс – әрекетін  ұйымдастыру барысында  халықтық тәжірибе мен  ізгі қасиеттерді  оның бойына дарыту  қашаннан игі мақсат  болып келеді.  Осыған байланысты, бүгінгі таңда  оқушыларға жан жақты  тәрбие беру мектепте  ұйымдастырылатын  сыныптан тыс жұмыстар арқылы  жүзеге асатынын көрсетеді.

«Елімізге, бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.»

Қолданылған әдебиеттер :

  1. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1999.
  2. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б
  3. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2009

Саттыбаева Бакыт Аманжоловна

№21 орта мектеп-лицейі,

Көкшетау қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.