Атамыз айтып кеткен Абай алып,
Біз дағы ұйқымыздан оянайық,
Қазіргі әдіс-тәсіл заманында
Әрбіріміз кірпіш болып қаланайық.
Сын тұрғысынан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары ерте замандағы құрал жасау, ауыл-шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы зерттеулерге дейінгі бүкіл адамзат тарихының өн бойында адам прогресінің сенімді серігі болды.
Қазіргі әлемде сын тұрғысынан ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшін ойлау дағдыларынан күтілетін үміт пен оған қойылатын талаптарды қанағаттандыру деңгейін анықтау құралы ретінде қаралады. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Сын тұрғысынан ойлауды әдетте білім берудің кейінгі кезеңдері мен орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында студенттерімен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сыныпта жұмыс істеу кезінде қолданылатын дағдылар. Көру арқылы немесе ауызша алынған дәлелдер мен ақпаратпен танысыңыздар.
Дәлелдерді зерттеу құрылымы немесе дәлелге негіз етіп алынған іс-әрекетті айқындап, болжамдарды немесе гипотезаларды түсініңіз.
Негізгі құрамдас бөлшектерді, көру арқылы ауызша алынған дәлелдердің бір-бірімен өзара байланысатынын талдаңыз.
Жекелеген суреттер, түрлі жеке пікірлер естеліктермен ұқсастықтары, айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз.
Дәлелдер мен ақпарат көздерін біріктіре отырып, жинақтаңыз.
Сіздің зерттеуіңізбен байланысты дәлелдердің заңдылығы мен беріктігін, сіздің болжамдарыңыз бен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын, қайшылық тудыратынын бағалаңыз.
Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын түсіндіру нәтижесінде алынған біліміңізді қолданыңыз.
Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдеңіз.
Татыбаева Фарида
«Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орыс тілі пәні мұғалімі,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы