Home » Ашық сабақтар » Сын есім

Сын есім

Медерова Гульнара Нурдановна,
орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектеп,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Сабақтың тақырыбы: Сын есім (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейту, сын есімнің жасалу жолдарын
түсіндіру.
2. Тест жұмысы арқылы тексеру, қорыту.
3. Қазақша сөздерді дұрыс айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілдері: түсіндіру, талдау, қайталау.
Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта.
1. Сабақтың барысы:
А) оқушылармен амандасу
ә) кезекшімен сұхбат
б) сабақтың мақсатымен, тақырыппен таныстыру.

ІІ Фонетикалық жаттығу.
Жаңылтпаш айту
Топ бала, топ бала
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
ІІІ Үй жұмысын тексеру
І Жаңа тақырып

Заттың түр — түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есім қандай?, қай сұрақтарына жауап береді.
Мысалы: ақ,, тамаша, ащы, көк.

Дара сын есім бір сөзден тұрады:
Ақ — белый, дәмді — вкусный, сұлу — красивый.

Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады:
Қызыл-сары, қара торы т. б.
Сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Түбір сөзден тұрған сын есімді негізгі сын есім дейміз.
Мысалы: әсем, таза, лас т. б.
Түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Мысалы, тәртіпті, ақылды, білімді т. б.

Сергіту сәті. «Тізбек» ойыны.
Бір сын есім сөзді бастап айтып беремін. Сол сөздің соңғы дыбыснан басталатын сын есім айтып, осылайша жалғаса береді Мысаслы: Таза — адал — лас — суық т. с. с.
Мәтіннен дара сын есімдерді бір бөлек, күрделі сын есімдерді бір бөлек теріп жазыңыз.

Бүгін ауа райы тамаша. Далада қар жауып тұр. Айнала аппақ қар. Балалар жылы киім киген. Қыс қызық мезіл. Қыста ауа таза боллады. Біз қысқы демалыста серуенге шығамыз.

Берілген сөздерге жұрнақтарды жалғап сын есім жасаңдар. Және оларды қатыстырып
2 — 3 сөйлем құраңыз.
Қыс, кеш, жаз, күз, биыл, бұрын ( — қы,- кі,- ғы,- гі).
Орман, көл, тау, ақыл ( — ды, — ді, — лы)
Көңіл, қызық, тәртіп (- ті, — ді,- ты)
Бекіту кезеңі:
Өз — өздеріңізді тексеріңіз

1. Заттың………,….. білдіретін сөздерді сын есім дейді.
А) атын
ә) қимылын, іс — әрекетін
б) сапасын, түр — түсін

2. Дара сын есімді көрсет
А) қара торы
ә) әдемі
б) сары ала
3. Сын есім…. және…….. болып бөлінеді.
А) дара, туынды
Ә) негізгі, туынды
Б) күделі, негізгі.
4. Туынды сын есім.. жасалады.
а) түбір сөзден
ә) түбір мен жұрнақтан
б) түбір мен жалғаудан
5. Негізгі сын есімді көрсет.
А) ыстық
Ә) ақыл
Б) сауатты
6. Негізгі сын есім………. жасалады
А) түбір сөзден
Ә) жалғау арқылы
Б) жұрнақ арқылы
Тест жауаптары
1. б
2. ә
3. ә
4. ә
5. а
6. а

Үйге тапсырма: 1. Сын есімдерді қатыстырып « Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2. Ережелерді қайталау.
Бағалау

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.