Home » Сценарийлер » «СЫНЫП ДАРАБОЗЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ

«СЫНЫП ДАРАБОЗЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ

Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы дарынын ашу, зеректік қабілетін дамыту. Өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;

Интеллектуалды ойынның бөлімдері:

1-бөлім: Бәйге

2-бөлім: Тіл өнер

3-бөлім: Көкпар

4-бөлім: Жеті жұмбақ

5-бөлім: Жорға

Көрнекілік: Нақыл сөздер: 1. «Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» Абай; 2. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса…,білім де сондай керек»  А.Байтұрсынов.

Ойынға қатысушыларға анкеталық сұрақтар: (үйге  тапсырма)

  1. Өзің туралы қысқаша мәлімет. Қай сыныпта оқисың ?
  2. Ұнатып оқитын пәнді ата. Ол пәнді неліктен ұнатасың?
  3. «Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз» атты тақырыпта өз ойын ортаға салу.

Ойынға қатысушыларға қойылатын талап:

  1. Ойынға 3-4 сынып оқушылары қатысады. Ойын І-ІІ турдан тұрады. Әр сыныптан 8 оқушы іріктеліп алынады;
  2. Ойын шарты әр бөлім сайын түсіндіріліп отырылады. Әр оқушы сұрақтарға нақты, дұрыс жауап беру керек.
  3. Әділ қазылар әр бөлімді қорытындылап, ұпай сандарын шығарып отырады.

Ойын барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, Білім үздігінің үміткерлері!

Бүгінгі сайысымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына бір өлеңімен бастағалы тұрмын.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық — өшпес жарық, кетпес – байлық,

Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! – деп  бүгінігі бастауыш сыныптар аралығында өзкізейін деп отырған интеллектуалды білім сайысын ашық деп жариялаймыз.

Сайысымызды бастауға мектеп директоры: Бимендин  Өзібек Исатай ұлына сөз беріледі.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар біздің бұл сайысымыз 2 күннен бері жалғасуда. Бұл сайыс 3 – 4 сыныптар арасында  сынып дарабозын анықтаудағы озық ойлы, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды дарындылығын, зерек қабілетін, тез, дәл жауап беру қабілетін анықтау мақсатымен осы интеллектуалды ойын сайысын ұйымдастырып отырмыз.

 

1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық!

Кім білімді, кім дарынды

Талантты іздеп табайық!

Ойланып енді қарайық,

Қазылардың алқасын,

Ортадан сайлап алайық!

2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Мектеп директоры     —  Бимендин Ө.И.

Оқу ісінің меңгерушісі  — Сәрсенбаева С.Ш.

Оқу ісінің меңгерушісі  —  Түсіпова А.Т.

Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі – Бердикабулова С.

Жаратылыстану бірлестігінің жетекшісі – Мамбетова А.

 

1-жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді,

Ғылымның биік шыңына  — деп  ортаға озық ойлы интеллектулды оқушыларымызды ортаға шақырайық.

2 – жүргізуші: Ойынның жалпы ережесімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Бәйге. Бұл кезеңде оқушылардың әрқайсысына 10 сұрақ қойылады. Әр берілген сұраққа оқушы тез және нақты жауап беру керек. Тез және дұрыс жауап берген оқушы 1 ұпай алады. Барлық сұрақтар саны — 20,  жалпы — 20 ұпай.

Әр кезең сайын оқушылардың жинаған ұпай сандары есептеледі. Ұпай саны аз болған 2 оқушы келесі турға өтпейді.

Тіл өнер. Ойында бәйгеден алған ұпай санына ұпайлары қосылады. Бұл кезең «Тілін білмеген – түбін білмейді, — деп Ғабит Мүсрепов айтқандай, адамның адам болып тұлғалануына сөздің, тілдің рөлі баға жеткізсіз». Ендеше осы турда Сөз мәйегі – мақал-мәтелге жасырылған сөзді тауып, оны орыс тіліне аударады. Сөз тіркесінен алынған сөздердің мәнін түсіндіреді. Ұпай саны аз болған 2 оқушы келесі турға өтпейді.

Көкпар. Тіл өнер кезеңіндегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ұпай саны аз оқушы бастайды. Бұл кезеңде оқушыға таңдамалы пәндер көрсетіледі. 1 оқушы қалаған оқу пәнін таңдап алады. Келесі оқушы одан қалған пәндерді таңдайды т.с.с. Пән бойынша оқушы 10 сұраққа жауап береді. Ұпай сандары саналып отырады. Ұпай саны аз 1 оқушы келесі кезеңге өтпейді.

Жеті жұмбақ. Бұл кезеңде алдағы ұпай сандарына алынған ұпай сандары қосылады. Сайыскерлерге үш тақырып беріледі. Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Оған дұрыс жауап бермеген оқушының таңдау құқығы қасындағы сайыскерге бұйырады, ал ол дұрыс жауап бермеген жағдайда ұпай саны өзімізде қалады. Оқушы саны сақталады.

Жорға. Қалған 3 оқушыға бұл кезеңде  2 конверт ұсынылады. Оқушы А және В нұсқасын таңдайды. Берілген сұрақтарға оқушы 1 минутта жауап беруі тиіс. Соңғы талап екі оқушы «Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салу керек.

1-жүргізуші:  Ал енді бәйгемізді бастаймыз. Әр оқушыға сөз беріледі, өзі туралы айту керек.

1-бөлім Бәйге.

1 – оқушы:

  1. Асан қайғының: Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз ….. (не ?)

Ой түбінде жатады.

  1. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Ойнап босқа күлуге….  өлеңінің авторы кім?  (Абай)

  1. «Әке мен бала» әңгімесінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
  2. Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай …. (Махамбет)

  1. Қазақтың үш биін ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
  2. Қазақстан Республикасының әнұранының авторы кім? (Н.Н., Ж.Н., Ш.Қ.)
  3. Абайдың шын аты (Ибраһим)
  4. Торғай даласында алғаш қоңырау соққан ұлы ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)
  5. ҚР тәуелсіздік күні (16.12.1991)
  6. Қазақстанның атақты сүретшісі (Әбілхан Костеев)
  7. Үш бәйтеректі ата (Сакен, Бейімбет, Ілияс)
  8. Елтаңбаның авторлары кім? (Ш.Уалиханов, Ш. Мәлібеков)
  9. Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Т.Әубакіров)
  10. Қазақстанда неше облыс бар? (14)
  11. Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі қашан енгізілді? (1993.12.11.)
  12. Сидней олимпмадасында жеңіске жеткен атақты боксшы кім? (Бекзат Саттарханов)
  13. Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра)
  14. Желмая мініп, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен кім? (Асан қайғы)
  15. Күй атасы кім? (Қорқыт)
  16. Әбу Нәсір әл Фараби қай қалада дүниеге келген? (Отырар Фараб)
  17. Ертеден келе жатқан ұлттық сазды аспапты ата. (қобыз)
  18. Дүние жүзіндегі терең көл (Байкал көлі)
  19. Апорт алмасының отаны (Алматы)
  20. Қазақтың тұңғыш ғалымы. (Шоқан)
  21. Ұлы Отан Соғысы қашан басталды? (1941 — 1945)
  22. «Семей – Невада» қозғаласының аяқталған жылы (1989)
  23. «Менің атым Қожа» повестінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
  24. «Көксерек» әңгімесінің авторы кім? (М.Әуезов)
  25. Ұлы Отан Соғысына қатысқан батыр қазақ қыздары. (Әлия, Маншук)
  26. Желтоқсан батырлары, тәуелсіздік құрбандарын ата. (Ләззат Асанова, Қ.Рысқұлбеков…..)
  27. «Ертарғын» ертегідегі басты қаһарманның әкесінің аты кім? (Ерназар)
  28. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)
  29. 46 сөзден тұратын Абайдың нақыл сөздері не деп аталады? (қара сөз)
  30. Республикалық «Айгөлек» балалардың журналының авторы кім ? (Қымбат Әбдідақызы)
  31. Тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)
  32. Ұлттық ойындарды ата (асық,….)
  33. Қазақтың «тұңғыш» палуаны күрескер (Қажымұқан Мұңайтпасов)
  34. Париж халқын өз дауысымен таң қалдырған қазақ кім? (Әмре Қашаубаев)
  35. Ата заңымыз қашан қабылданған? (1991 30 тамыз)
  36. Абайдың туған жері (Шығыс Қазақстан Семей)
  37. Киіз үйдің ағаштары (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық.)
  38. Астана қаласы қашан өзгертілді. (1998)
  39. Египетті басқарған ұлы тұлға, сұлтан (Бейбарыс)
  40. Үш жүздің басын қосқан хан (Абылайхан)
  41. Абылайханның шын аты? (Әбілмансұр)
  42. Абылайханның атақты қолбасшысы қарт батыр кім? (Бөгенбай)
  43. Еліміздегі тарихи ескерткіштер (Ахмет Яссауи, Алтын адам, Айша Бибі кесенесі)
  44. Қарлығаш би атанған ұлы тұлға (Төле би)
  45. Қазақ ғылым академиясының тұңғыш академигі? (Қ.Сәтбаев)
  46. Пекин олимпиадасында қазақстандық алтын медаль алған штангист (Илья Ильин Қызылорда қ-сы)
  47. Күнге тіке қарап ұша алатын құс (бүркіт)
  48. Көкжиектің неше тұсі бар? (4 — оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
  49. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал (компас)
  50. Шоқанның шын аты (Мухаммед Ханафия)
  51. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры кім? (Р.Қошқарбаев)
  52. Қазақстанның тұңғыш президенті (Н.Н.)
  53. Бейбітшілік құсы (көгершін)
  54. Ой өрісін тәртіпке келтіретін ғылымдардың атасын ата. (математика)
  55. Отан неден басталады? (отбасынан)
  56. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау гүлін сүйем. — өлеңінің авторы кім? (М. Мақатаев)

 1-жүргізуші:  «Өнер алды — қызыл  тіл »

Ана тілі – ұраным,

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр әнім — деп енді келесі турға көшеміз. Бұл бөлімнің тәртібі мынадай. Ұпай саны аз болған 2 оқушы келесі турға өтпейді.

І І .Тіл өнер. Ойында бәйгеден алған ұпай санына ұпайлары қосылады. Бұл кезең «Тілін білмеген – түбін білмейді, — деп Ғабит Мүсрепов айтқандай, адамның адам болып тұлғалануына сөздің, тілдің рөлі баға жеткізсіз». Ендеше осы турда Сөз мәйегі – мақал-мәтелге жасырылған сөзді тауып, оны орыс тіліне аударады. Сөз тіркесінен алынған сөздердің мәнін түсіндіреді. Әр сайыскерге 3 сұрақ беріледі.

  1. Асыл тастан, (не ?білім — знание) жастан.
  2. Мектеп (не ?кеме-корабль) — білім теңіз.
  3. Тасы өрге домалау мәні (жолы болу)
  1. Адамды адам еткен не?( еңбек — труд)

2 . Сулы жер — нулы (жер — земля) не?

3.Төбесі көкке жету (қуану).

  1. Қыз өссе елдің көркі,

Не? (гүл — цветок) өссе жердің көркі.

  1. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің (сөзі — слова) несі алтын,

  1. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман (бейбітшілік заманы).

 

  1. Батыр туса ел — ырысы,

(Жаңбыр — дождь) – жауса — жер ырысы.

  1. Атаның баласы болма,

(Адамның — человек) баласы бол.

  1. Оның жаны ашыды (аяды).
  1. Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның (хаты — письмо) өлмейді.

  1. Оқу – білім бұлағы,

Білім — (өмір — жизнь) шырағы.

  1. Көзді ашып жұмғанша — (тез).
  1. Жаман аттан аяғым артық,

Жаман (достан — друг) таяғым артық.

  1. Адамның бір қызығы (бала — ребенок) деген.
  2. Құлақ қойған жоқ (тыңдаған жоқ).

Тіл өнер кезеңін  қорытындылау. Әділ қазылардан сұрау

ІІІ. Көкпар. Тіл өнер кезеңіндегі ұпай сандары сақталады. Ойынды ұпай саны аз оқушы бастайды. Бұл кезеңде оқушыға таңдамалы пәндер көрсетіледі. 1 оқушы қалаған оқу пәнін таңдап алады. Келесі оқушы одан қалған пәндерді таңдайды т.с.с. Пән бойынша оқушы 10 сұраққа жауап береді. Ұпай сандары саналып отырады. Ұпай саны аз 1 оқушы келесі кезеңге өтпейді (интерактивті тақтадан пәндерді көрсету).

 

№1Қазақ тілі
№2Ана тілі
№3Математика
№4Дүниетану

Қазақ тілі :

  1. Сөз құрамына не жатады? (түбір, қосымша туралы айт).
  2. Сөйлем түрлерін ата.
  3. Етістік дегеніміз не?
  4. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
  5. Тұрлаулы сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  6. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағыдайда сызықша қойылады?
  7. Түбірлес сөздер дегеніміз не?
  8. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
  9. Мәтін дегеніміз не?
  10. Туынды сөз қалай жасалады?
  11. Етістіктің шақтарын ата.
  12. Буын түрлерін ата.
  13. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

Ана тілі

  1. Абылайдың шын аты кім? (Әбілмансұр — Сабалақ)
  2. «Шықпа, жаным шықпа, деп отырған жайымыз бар? Бұл қай шығармадан үзінді, авторын ата? Күлпаш Б.Майлин.
  3. Абайдың қай шығармасында жансыз заттарды адам бейнесінде кейіптейді? Қыс
  4. «Үйіме қарлығаш ұя салып еді. Ол жер бетін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорыған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, баласын зарлатып-сарнатып кете алмадым» — деп жауап берген  және сол құс болып атанған кім еді?
  5. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ деген сұраққа Жиренше шешен қалай жауап берді? (ананың сүті тәтті, ананың алақаны жұмсақ).
  6. Ұлы Абай айтқан 5 асыл, 5 дұшпанды ата.
  7. «Ол ақын болар ма еді, кім білсін?» Бұл үзінді кім туралы еді? (жалғыстыр) Қ. Рысқұлбеков

Күнәдан таза жасым бар…

  1. Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы — кесірлік, кенжесі — ұйқы, ортаншысы — не деп еді Төле би? надандық
  2. 7-қазынаға не жатады? (Сұлу қыз, ер жігіт, ілім-білім, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат)
  3. «Біз мал баққан елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Еліміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз деген кім? Қаз дауысты Қазыбек би.

Математика

  1. 1 м-де неше см бар? 100 см
  2. Үш бұрыштың Р — қалай табамыз?
  3. Сәуле дегеніміз не?
  4. Кез келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?
  5. 7 мен 9-дың көбейтіндісі нешеге тең? 63
  6. 24-тің 6/1 үлесі нешеге тең?
  7. 7-жұтты ата (Соғыс, жұт, топан су, жер сілкіну, өрт, өлім жітім, аштық).
  8. Логикалық сұрақтар: 5 орындықты бөлменің 4 бұрышына орналастыру; Әр бұрышта 2 орындықтан болу керек.
  9. Әке өмірден озарынды 4 ұлына байлығын теңдей бөліп берді. Сонда ұлдары еш уәж айта алмады. Әкесі ұлдарына қалай бөліп берді?
  10. 3 қоянның құлағы бар. 3 қоянға өз құлақтарын дұрыс  орналастыру керек.
  11. Арбаға жегілген 2 ат 40км жол жүреді. Әр қайсысы қанша жүреді? 40км
  12. Екі қыз 2 сағат теннис ойнады. Олардың әр қайсысы неше сағат теннис ойнады? 2 сағат

Дүниетану

  1. Адамды зиянды нәрселерден не қорғайды? Тері
  2. Адамды адам еткен не? Еңбек
  3. Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері)
  4. Спорттың адамға келтіретін пайдасы (денсаулық)
  5. Жезқазған кен орнын ашқан геолог, академик кім?
  6. Ең ұзақ жасайтын ағаш (емен)
  7. Ауа райын ластайтын не? Завод — фабрика
  8. Адамның дене мүшелеріне не жатады? Бас, мойын ,қол, аяқ
  9. Тас көмір кесегін тапқан кім? Аппақ Байжанов
  10. Қарағанды қай өзенің суын пайдаланады? Ертіс

 Көкпар бөлімін қорытындылау. Келесі бөлімге кету.

ІV. Жеті жұмбақ. Бұл кезеңде алдағы ұпай сандарына алынған ұпай сандары қосылып отырылады. Сайыскерлерге үш тақырып беріледі. Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Оған дұрыс жауап бермеген оқушының таңдау құқығы қасындағы сайыскерге бұйырады, ал ол дұрыс жауап бермеген жағдайда ұпай саны өзімізде қалады. Оқушы саны сақталады. 3-оқушы қалады. Ұпай саны.

 

20304050арнайы

сұрақ

203040 арнайы

сұрақ

50
20

 

304050

Менің Отаным Қазақстан

 Ұлы адамдар

 Ертегілер, қызықты сұрақтар

Менің Отаным Қазақстан: 20Мұқағали Мақатаев «Отан туралы» Өлеңін жалғастыр

                                               Мен оның түнің сүйем,күнің сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау гүлін  сүйем…..

 30-Қазақстан тауларын ата Алтай,Ұлытау, Алатау, Оқжетпес,Көкшетау.

 40-Тарихи ескерткіштер: Ахмет Яссауи, Алтын адам, Айша бибі;

50-Ел рәміздері туралы не білесің? Арнайы сұрақ

 Ұлы адамдар: 20- М.Әуезов шығармасының басты кейіпкері кім? Абай

30-Не қымбат? өлеңінің авторын айт, жалғастыр:

Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт берекең – атаң қымбат.

Айналайтын – анаң қымбат,

Мейірімді — апаң қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

40-Мына тұлға туралы не білесің? Қазақтың тұңғыш қолбасшысы, ақын, жазушы.

 Бұл сұрақты ОІМ С.Шайменовна Сарсенбаева қояды. Б.Момышұлы

50-«Тау ішінде өлеңінің авторы. Сәкен Сейфуллин

 Ертегілер ,қызықты сұрақтар: 20-Қазақтың тұңғыш мультфильмі?-Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

30-8 ағасын іздеп шыққан ертегідегі батыр кім? Ертарғын

40-Аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш бар ма? жоқ

50-Тышқанда сүйек бола ма? жоқ

 І V. Жорға.   Жеті жұмбақта ұпайы аз оқушы шығады.  Қалған 2 оқушыға бұл кезеңде  2 конверт ұсынылады. Оқушы А және В нұсқасын таңдайды. Берілген сұрақтарға оқушы 1 минутта жауап беруі тиіс. Соңғы талап екі оқушы «Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салу керек.

1-жүргізуші:  А- 1. Жақсының  аты өлмейді,

                            Ғалымның несі өлмейді (хаты).

  1. 2. «Өнер білім бар жұрттар» өлеңінің авторы? Ы. Алтынсарин
  2. «Мен – қазақпын» өлеңінің авторы кім? Ж.Молдағалиев
  3. С.Сейфуллиннің шын аты. Сәдуақас
  4. Қой атасы — шопан ата
  5. Бір сағатта неше мин бар?
  6. Тік бұрыштың ішіндегі бұрыш қалай аталады?
  7. Бастауыштан кейін қандай жағдайда сызықша қойылады?
  8. Қасиетті күн (Жұма )
  9. 1 тәулікте неше сағат бар?

 

2-Жүргізуші: В-1. Астана қаласы қашан өзгертілді? 1998 жылы

  1. Сәкен Сейфуллиннің туған жері — Қарағанды обл, Жаңа арқа ауд.
  2. Ләззат Асанова кім? Желтоқсан батыры
  3. А+37 қандай өрнек? әріпті өрнек
  4. Әбу Насыр әл Фарабидың туған жерін ата.
  5. Ал екінші бақытым халқым менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім — өлеңінің авторы кім ? М. Мақатаев

  1. 7*8 көбейтіндісі нешеге тең? 56
  2. «Көксерек» әңгімесінің авторы кім? М.Әуезов
  3. Желсіз түнде жарық ай — өлеңінің авторы Абай
  4. Балалар бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер түсіп, байқап, қаралық та өлеңінің авторы кім? А.Байтұрсынов

Соңында 2 оқушы «Біз Қазақстанның болашағымыз» тақырыбында өз ойларын ортаға салады.

1-Жүргізуші:

Бойларыңда  от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындап шарықтаңдар әрдайым.

 2-Жүргізуші: Бүгін біздер балалардың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық. Оқушылардың бәрі де білімдерін көрсете білді. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден ерек» деп Абай атамыз айтқандай оқушыларымыз міне, қайрат жігерімен дараланып алға озып шықты.

 1-Жүргізуші:

Кімдер жүйрік,  өнерпаз білейікші,

Дарабозы, білімді мектептің жүрейікші.

Әділ қазы алқасына әділдікті,

Ал, балаларға сәттілікті тілейікші, — деп келесі сөзді  әділ қазылар алқасына береміз.

Әнұранмен аяқталады.

Мұхамадиева Гүлмира Мейрманқызы
Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.