Home » Баяндамалар » Сыныптан тыс спорттық шаралар оқушыларға патриоттық тəрбие беру

Сыныптан тыс спорттық шаралар оқушыларға патриоттық тəрбие беру

   Қазіргі уақыттың талабы бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ — оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Əр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.

«Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті жалпы орта білімнің мемлекеттік стандартының негізгі ережелеріне» сүйене отырып, «Дене шынықтыру», «Бастапқы əскери дайындық» пəндерінің білім беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек жəне эстетикалық тəрбиенің міндеттеріне сəйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту болып табылады [1].

Бұл мəселе төңірегінде көп айтылып жүр. Қазақстан Республикасының Президенті де жылдағы халыққа Жолдауында назардан тыс қалдырмай, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуін талап етіп отыр [2].

Сыныптан тыс спорттық шаралар арқылы мектеп жасындағы балалардың патриоттық тəрбиесін жүзеге асыру сұранысқа ие болғанымен, сыныптан тыс жұмыстардағы іс-шаралардың мардымсыздығына байланысты бұл процесс мектептерде жеткіліксіз жүргізіліп отыр. Сыныптан тыс спорттық сабақтарындағы білім түрліше тəсілдермен оқушыларға жеткізіледі, олардың арасынан төмендегілерді айырып көрсетуге болады: құбылыстың мəні мен оның құрылымы туралы баяндау, оны дұрыс орындау туралы айта отырып, қозғалыс əрекеттерін көрсету, үйретудің техникалық құралдарының жəрдемімен берілетін оқу ақпарат хабарлары.

Үйрету барысында жаттығуды басқаша емес, тек осылай ғана орындау керек екендігін, жаттығуды орындауда кеткен қандай қателер қозғалыс қимылының сапасын төмендететіндігін оқушыларға жеткізу маңызды [3].

Кез келген жоспарсыз жасалған, жүргізілген жұмыстың қателіктері көп болады. Ал жүйелі түрде жоспарланып жүргізілген жұмыстың маңызы, мəні де, нəтижесі де жоғары. Сондықтан сыныптан тыс спорттық шаралардың ұйымдастырылуы талапқа сай жүзеге асуы тиіс.

Мектепте баланың сыныптан тыс жұмыспен айналысуында ұстаздың əсері мол. Сыныптан тыс спорттық жұмыстар баланың спортқа деген ынтасын арттыратын, баланы дұрыс та сауатты демалуға үйрететін, өз ойын жүйелі түрде дамытатын ең керекті əдіс [4]. Өзінің тəрбие жүйесінде спорттың əр түрін кеңінен қолдана білген В.К. Бальсевич спорттағы ұжымдық қарым-қатынастың маңызын көрнекті, нақты түрде ашып көрсетті жəне балаларды ұжымдық спорт арқылы тəрбиелеуге болатындығын əйгілеп берді [5].

Спорт оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Спортың тəрбиелік құндылығы мектепте оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда жəне оны өткізудің дұрыс əдістерін қолданғанда ғана тиімді болмақ. Əлеуметтік өнегелігі қоғамдағы жаңа қоғамдық қатынастармен анықталады, тəрбиелеу мақсатын көздейді. Адамгершілік қасиеттерді тəрбиелеудің барлық түрі, оның ішінде патриоттық сезімді тəрбиелеу оқушылардың шама-шарқына, мүмкіндіктеріне қарай олардың қазіргі қоғамды тікелей атсалысуы болып табылады.

«Сіздің ойыңызша, спорттық шаралар арқылы патриотизмге тəрбиелеуге бола ма?»;

«Сіздің ойыңызша, сыныптан тыс спорттық шаралар патриотизмге тəрбиелей ме?».

Бұл сұрақнама оқушылар арасында аса қызығушылық ие болды, барлығы қатысты. Сұрақнама мектептің 11-сынып оқушылары арасында жүргізілді. Оның себебі 11-сынып оқушылары 17–18 жас аралығындағы жастар, көзқарасы қалаптасқан, пікірін ашық айта алады.

Оқушылардың 94 % бірінші сұрақ бойынша «елін, жерін сүю» деп жауап берсе; екінші сұраққа 97 % «отанға адал қызмет ету», «өз елі үшін қызмет жасау» сынды жауаптар берді. Əрине, бұл қуантарлық жайт.

Оқушыларда сыныптан тыс спорттық шаралар өткізу арқылы оқушыларға париоттық тəрбие беру барысындағы тəжірибелер мен тағлымдардан тұратын бай қазына, өшпес өнеге, тəрбие өрнектері, тəлім-тəрбиенің баға жетпес қайнар көзі екендігі дəлелденді.

Осы айтылғанның бəрін ескере келіп, Қарағанды қаласындағы № 27 орта мектебіндегі сауалнама жүргіздік.

Ізденіс барысында спорттық шаралар арқылы оқушыларға патриоттық тəрбие беруде келесідей өлшемдер анықталды:

  1. Ұлттық ойындарға деген дұрыс қарым-қатынас.
  2. Спорттық білім аясының болуы.
  3. Сыныптан тыс уақыттарда спорттық ойындардың өткізілуін бағалау жəне пайдалану. Осы өлшемдер негізінде келесідей көрсеткіштер алынды:
  • спорттық ойындар арқылы дұрыс қарым-қатынас көрсеткіштері;
  • спорттық ойындар мен əскери спорттық ойындардың қажеттілігін түсінуге ұмтылу;
  • спорттық ойындарды сезімталдықпен қабылдау;
  • Қазақстанның мемлекеттік рəміздерінің тарихына қажеттілік пен қызығушылық.

Спорттық жəне ұлттық спорттық ойындардың мұрасы негізінде білім аясының көрсеткіштері болуы қажет.

Əзірленген үлгі негізінде деңгейлер ауқымы айқындалды: жоғары, орташа, төмен.

Жоғары деңгей — оқушылар сыныптан тыс уақыттағы спорттық ойындардың маңыздылығын терең түсінеді, оларға тұрақты қызығушылық бар, патриоттық тəрбие ісінде оның маңызын толық сезінеді, патриоттық жəне саяси сипаттағы мазмұнды еркін талдайды, ер қорғаудағы оның маңызын түсінеді.

Орташа деңгей — оқушылар сыныптан тыс уақыттағы спорттық ойындардың маңыздылығын жеткілікті түсінбейді, оларға тұрақты қызығушылық жоқ, патриоттық тəрбие ісінде оның маңызын толық сезінбейді, патриоттық жəне саяси сипаттағы мазмұнды үлкен қиындылықпен талдайды, спорттық ойындардың маңызын жете білмейді.

Төмен деңгей — оқушылар сыныптан тыс уақыттағы спорттық ойындардың маңыздылығын дұрыс түсінбейді, оларға қызығушылық тудырмайды жəне қабылдамайды, патриоттық тəрбие ісінде оның маңызын мүлдем сезінбейді, патриоттық жəне саяси сипаттағы мазмұнды талдай алмайды.

Сонымен, біздің зерттеу жұмысымызда сыныптан тыс уақыттарда спорттық шаралар арқылы оқушылардың патриоттық көзқарастарымен білімінің, білігі мен іскерлігі жəне қызығушылығы жеткіліксіз деңгейде екендігі анықталды. Бұдан шығатын қорытынды оқушыларға сыныптан тыс уақыттарда патриоттық тəрбие деңгейінің өсуіне мүмкіндік беретін арнайы курстық жұмыстарды ұйымдастыру қажет етеді. Мектептерде сыныптан тыс уақыттарда спорттық шаралар арқылы педагогикалық-тəжірибелік эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде орта мектептің оқу-тəрбие процесінде 6 сағатқа есептелген «Спорттық іс-шаралар арқылы патриоттық тəрбие қалыптастыру» атты арнай курс енгізіліді. Ондағы мақсаты — сыныптан тыс уақыттарда оқушыларда патриоттық тəрбиені қалыптастыру.

Оқушылар сауалнама сұрақтары бойынша нақты жауап бере алмады, ал олардың патриоттық тəрбиелік мəндерін ашуда өзіндік пайымдаулары төмен.

Эксперименттің екінші кезеңінде бастапқы əскери дайындық сабақтарында əскери педагогикасы негізінде саяси көзқарастарын қалыптастырып, патриоттыққа тəрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Бірінші кезеңінде əскери педагогикасы негізінде сабақтар жүйесі жүргізілді. Яғни, саяси жағдайлар мен əр түрлі кезеңдер талдай отырып, оқушыларды патриоттыққа тəрбиелеу шаралар жүйесі ұйымдастырылды. Екінші кезеңде əскери педагогикаға енгізілген тəрбиелік шаралар жүйесі жүргізілді. Соның нəтижесінде эксперименттің бақылау кезеңінде сынып оқушыларынан сауалнама алу арқылы олардың саяси көзқарастарымен патриоттық тəрбие деңгейінің екініші кескіні алынды. Ол нəтижелер көрініс эксперимент тобы мен бақылау тобындағы оқушылардың саяси көзқарастары мен патриоттық тəрбие деңгейлерінде пайыздық қатынас тұрғысынан сапалық өзгерістер бар екенін көрсетті.

Зерттеу жұмысымызда мектептегі сыныптан тыс уақыттарда берілетін патриоттық тəрбиенің бірлігін, тұтастығын, сабақтастығын қамтып, əскери тəрбиенің нəтижелі жүзеге асырылуына тірек болды.

Астана қаласының № 67 гимназия мектебінің жүргізілген сауалнамалар, сұхбаттасу, бақылау шаралары арқылы сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі білім деңгейі мен сезімдері анықталып, сарапталды. Мақсат — алғашқы сыныптан тыс уақыттарды спорттық шараларды ұйымдастыруда оқушыларда патриоттық тəрбиені қалыптастыру. Яғни сыныптан тыс сабақтарда əскери жəне спорттық шараларды ұйымдастыру ұғымын қалай түсінеді, оған көзқарастары қандай, сыныптан тыс уақыттарда патриоттық тəрбиені қалыптастырудың қандай жолдарын біледі. Осындай бірізді реттілікпен айқындалған патриоттық тəрбие деңгейлері, спорт жетекшінің сабақты ұйымдастырудағы спорт көзқарасты жүзеге асыруда жүйелі ықпалда əрекет жасауға мүмкіндік туғызады.

Сауалнама жауаптарын сараптау, бізге спорттық іс-шаралардың мəні, жалпы əскери жəне спорттық ойындар туралы көзқарас туралы субъективті көзқарастары мен білімдері туралы хабардар етті.

Оқушылардың əскери ойындар жəне спорттық ойындар туралы білім деңгейлері қанағаттандырарлық болғанымен, сыныптан тыс уақыттарда спорттық шарларды ұйымдастыруда білімдерінің деңгейлерінің төмендігі байқалды.

Анықталған жағдайды негізге ала отырып, біз оқушылардың спорттық ойындарға көзқарасын, білімін тереңдету мақсатында, қалыптасушы тəжірибе алдында біз эксперименталды жəне бақылау топтарының оқушыларының алдында оқушыларда патриоттық тəрбие қалыптасу деңгейлері бойынша жүргіздік.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында дене шынықтыру жəне спрот дайындық жұмыстарында көзқарастарды қалыптастыруда қажетті іскерліктер жəне дағдыларды игереді, дене тәрбиесіне деген көзқарастарының дамып жетілуіне көмегін тигізді.

Бұл біздің зерттеу жұмысы мақсатына сай əзірлеп, өткізген сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстардың тиімділігін растайды.

Сонымен, қорыта келе, сыныптан тыс спорттық шараларды ұйымдастыруда білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оқу əрекетінің субъектісі, əр түрлі мəдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін жəне жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тəрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болды.

Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін спорттық жарыстар, үйірмелер жатады. Қазіргі кезде оқушылардың белсенді дене-қимылын жүзеге асыруда, жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар едəуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, сабақтарға қарағанда, сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың мəні — ондағы қоғамдық пайдалы іс-əрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.

Дені сау ұлт қалыптастырамыз десек, жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған жəне басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет. Сонда ғана елін сүйетін патриот тəрбиелей аламыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. — Астана: Елорда, 2008. — 24–25-б.
  2. Мұхамеджанова Ұ.Ж. Дене шынықтыру пəнін оқыту əдістемесі: Оқу құралы. — Астана: Фолиант,
  3. Есмағамбетов З. Дене тəрбиесін өткізу жəне басқару. — Қарағанды: Арко, 2004. — 154–156-б.
  4. Бальсевич В.К. Физическое воспитание ребенка в семье // Физическая культура: восп., образов., тренир. — № 3. — С. 17–19.

 

                                                                                                       Ерлан  Дүйсенбайұлы   Ерназимов

Астана қаласы Сарыарқа ауданы №67 гимназия

мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.