Олимпиаданың өткізу барысы:
Ұйымдастыру жұмыстары :
- Олимпиада бағдарламасымен, мақсатымен қысқаша таныстыру
2.Олимпиадаға қатысушыларды тапсырмаларымен таныстыру
- Олимпиада тапсырмаларын бөлу, тарату, орындау тәртіптерін түсіндіру
- Олимпиада тапсырмаларын орындау.
- Орындалған тапсырмалардың сапасын тексеріп, бағалауға – (жинап алу)
- Дербес сауаттылығын бағалау, анықтау мақсатында, графикалық тест.
(жауаптың дұрыс – бұрыстығын тексеру)
- Олимпиаданы қорытындылау
Оқытушының оқушылар арасында беделі, оның сыныптан тыс жұмыстарды түрлендіріп өткізу нәтижесінде алынады. Бұл жөнінде оқытушы әрдайым ұмытпауы, өз жадында ұстауы тиіс. Сыныптан тыс жұмыс, қалып келе жатқан оқушылармен ғана стенділерді жасаумен шектелсе, онда оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарға шынайы қызықтыруы мүмкін емес және ашылған үйірме жұмысын ұзақ қызмет атқаратын деп толық айтуға болады.Үйірме жұмысы тарап кетуден сақтаудың жолы – жарыстар, сабақты ойын түрінде түрлендіріп жүргізу т.б. жатады.
Сызуды сыныптан тыс қызықты етіп өткізудің түрі – олимпиада. Сызу пәнінен олимпиада өткізудің мақсаты: Дарынды және ынталы оқушыларды анықтауға, сызудан оқу жылы барысында өткізілген сабақтардың нәтижесін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тәрбие жұмыстарында қатар жүреді.
Олимпиадаға қатысатын оқушылар негізінен болашақ техникалық мамандықтар иелері. Оларға сызу тек жәй пән емес, оның техникалық қабілеттілігін арттырушы. Жаңа заманды – техниканы, сызбасыз елестету мүмкін бе?
— Әрине жоқ!
Олимпиадада оқушыларға қиындатылған жұмыстар ұсынылып, негізінен сызу пәні бағдарламасының мазмұнына сәйкесті етіп берілді. Олимпиада мүшелері өздігінен ойлау қабілеттілігі ұсына білуі қажет.
Олимпиада қатысушыларынан – анализ тез жасауды, геометриялық денелердің қималарын, көріністерін елестететіндей дайындықты талап етеді. Олимпиадалық есептерді ойлау қабілеттілігін арттыратын сипаттамадағы есептерді қосқан жөн, себебі оларды есептеуде оқушылардың жазықтықтарды елестетуі аса маңызға ие.
Барлық тапсырмалар алдын – ала мөрленген конвертте сақталады, бұл оқушылардың сызбаларды сызып алудан қорғайды. Оқушылар тапсырмалар ұсынылғаннан соң, қажет емес істермен айналыспай уақытын үнемді пайдаланулары қажет. Анықтаулар барысында оқушылар уақыттарын тең жартысын, негізінен тапсырмаларды көшіріп сызуға, ал қалғанын тапсырмаларды орындауға жұмсайды. Олимпиаданың барысында оқытушы оқушының ғана емес, өзінің де оқу процесі барысында жіберілген қателіктерін анықтайды. Олимпиададан соң, өзара тәжірибе алмасу дискуссиясын өткізіп, оқу процесінде болашақта анықталған қателіктерді жібермеудің жолдарын қарастырады. Сондықтанда олимпиаданы оқытушы өзіне әдістемелік өсудің негізгі құралы деп түсіну қажет. Олимпиададан бірнеше күн бұрын көрнекті жерде – олимпиаданы өткізудің орны, күні, уақыты, оқушыларға қажетті материалдар мен құралдардың тізімі көрсетілген хабарландыру ілінеді. Бұл хабарландыруда 1-2 курс оқушыларына сұрақтар мен тапсырма есептердің тақырыптары көрсетіледі.
Көрсетілген уақытта олимпиада сайыскерлері «Сызу» кабинетіне немесе осы мақсатқа арналған орынға шақырылады. Әділқазы мүшелері олимпиада сайыскерлеріне алдын – ала дайындалған тапсырмаларды таратады.
Тапсырмаларды алып оқушылар өз форматтарында карточканың нөмерін қойып, сызбаны орындауға кіріседі. Қолын көтеру арқылы оқушы әділқазыларды есепті аяқтағаны жөнінде хабарлайды. Мұндай реттілік олимпиадаға бөлінген уақыттың барлығында сақталады, олимпиаданы өткізуге 3 -4 сағат уақыт бөлінген. Оның ішінде 36 минут тест бағдарламасына, Біршама уақыттан соң, олимпиаданың екінші туры ұйымдастырылады, оған бірінші турдың жақсы деген сайыскерлері қатысады. Іріктеуден 2 – кезеңге өткен оқушыларға әділқазы мүшелері оқушыларды келесі карточка – тапсырмалармен қамтиды, ол олимпиада сайыскерлерінің уақытты үнемдеуіне мүмкіндік береді. Берілген уақыт жеткенде, оқытушы олимпиадаға берілген уақыттың аяқталғандығын хабарлап, сайыскерлерге тапсырмаларын тапсыруды сұрайды.
Оқытушыда олимпиада барысында туындайтын: сызбаларды қалай бағалаймын? Бағалаудың реттілігін төмендегідей етіп қабылдауға болады: тапсырманы толық орындаған оқушы «бес» балл. Бір болмашы қате жіберген оқушы «төрт» балл. Екі қате жіберген оқушы «үш» баллға дейін беріледі. Үш және одан көп қате бағаланбайды. Қорытындысымен әрбір қатысушыға жалпы балл саны есептеліп, нәтижесі колледж оқушыларына хабарланады.
Қорытынды үшінші тур, олимпиаданың соңғы туры өткізіледі, онда олимпиаданың жүлдегері анықталады. Олимпиаданың нәтижесінде көп балл жинақтаған оқушыларға жүлдегер ретінде бағалы сыйлықтармен мадақталады.
Төменде сызу пәнінен өткізілетін олимпиадаға ұсынылатын тапсырмалардың үлгі тізбегі берілген:
Тапсырма: 1
Аксонометриялық кескіні арқылы сызбаның үш көрінісін мен өлшемдерін түсіру Масш: 2/1 орындау
Тапсырма: 2
Тетікбөлшектің екі кескіні арқылы аксонометриялық проекциясының 4/1 бөлігінің қимасын орындау
Тапсырма: 3
Тетікбөлшектік сызбасын орындау. Құрылым сызықтарын өшірмеу.
Оқушыларға :
- Тетікбөлшек сызбасының гризонталь, фронталь, профиль үш жазықтықтағы көрінісін түсіру, негізгі көріністерін бейнелеу;
- Берілген сызбаға қажетті өлшемдерді тұрғызу;
- Берілген сызбаға қажетті жеке фигураның төрттен бір бөлігінің қимасы мен аксонометриялық изометриялық кескінін бейнелеу;
- Белгіленген тәртіппен шеңберді тең бөлікке бөлу;
- Көрнекі бейнелеумен сызбаның өлшемдерін түсіру; —
Әрбір тапсырмаға, графикалық жұмыстардан басқа, қималар мен тіліктерге, сызбаға өлшемдерді түсіру ережелеріне, геометриялық пішіндегі нәрсеге анализ жасау тақырыптарына байланысты екі – үш сұрақ ұсынуға болады.
Оқушылардың болашақ мамандықтарына байланысты өндірістік сипаттағы сұрақтарды сызу пәнінің олимпиадасының мазмұнына қосуға арналған.
Мысалы, тапсырмаларға төмендегі мазмұндағы сұрақтарды қосуға:
- Өндірістік мазмұндағы практикалық, дайын сызбалардағы сұрақтарды оқу
- Пішіні мен өлшемі сөзбен сипатталған қиын емес машина детальдарының эскизін орындау
- Бөлшектерді дайындауға қажетті, көрсетілген өлшемімен қиманы орындау
Олимпиаданың қорытындысын байыпты түрде анализдеу, алдыңғы жылдардағы нәтижелермен салыстыру.
Әдістемелік жұмыстарды жақсартудағы қорытындылар мен нұсқауларды, өткізілген іс – шараларға қатысты барлық мүшелерге, оқытушыларға жеткізу.
Қолданылған әдебиеттер:
- Борисов Д.М. и др. Черчение с основами начертательной геометрии – М.Просвещение, 1978
- Ботвиников А.Д. об актуальных вапросах методики обучения черчению. М.,Просвещение, 1977
- Василенко Е.А., Жукова Е.Т. Карточки задания по черчению — М.,Просвещение, 1971
- Ройтман И.А., Эйдельс Л.М., Методика практикума по машино – строительному по черчению – М.,Просвещение, 1979
- Кузьменко В.И. дедактический материал по чертежному шрифту — М.,Просвещение, 1979
- Гордон В.О., Старожилец Е.Г., Почему так чертят? — М.,Просвещение, 1981
- С.Н. Балягин, “ЧЕРЧЕНИЕ” Москва Астрель 2005г
- и.с. Вышнепольский. В.И. Вышнеполский “ЧЕРЧЕНИЕ ДЛЯ ТЕХНИКУМОВ” Москва 2002
- Қосымша әдебиеттер:
Баранова, Л.А. Основы черчения: Учебник для сред.спец.учеб.заведений/Л.А.Баранова. — М.: Высшая школа, 1996. — 384с.
Ботвинников А.Д. Черчение 7 — 8 классы: учебник для общеобразовательных
Балягин, С. К. Черчение: справочное пособие/С.К.Балягин. – 4-е изд., доп. – М.: АСТ: Астрель, 2005. — 421с. учреждений. — М.: Астрель, 2002. — 221с.
Бродский, А.М. Инженерная графика: учебник для среднего профессионального образования/А.М.Бродский. — М.: Академия, 2007. — 398с.
Гордон, В.О. Курс начертательной геометрии: Учебное пособие для вузов/В.О.Гордон. — М.: Высшая школа, 2003.- 271с.
Гордеенко, Н.А. Черчение. 9 класс: Учебник для общеобразовательных учреждений/ Гордеенко Н.А., Степакова В.В. — М.: АСТ, 2004. — 262с.
Менликулов Нур Машарапович
И Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің «Құрылыс және жылумен қамтамасыздандыру» пәндер циклының оқытушысы