Кез келген демократиялы мемлекет үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселенің бірі болып табылады. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевпен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалыптастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Елбасына енгізілетін өзекті құжаттардың бірі болып табылады. Ол сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген.
Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады.
Осы орайда, баяндаманы таныстырып, талқылау мақсатында Агенттіктің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен «Достық үйінде» мемлекеттік органдардың басшылары, ҮЕҰ өкілдері, мәслихат депутаттары мен этно-мәдени бірлестіктердің, облыстық ассамблея және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.
Шарада бірнеше қоғамдық кеңес мүшелері мен басқа да қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін жеткізген болатын. Мемлекекеттік қызметте 40 жылдық өтілі бар Орынбасар Тоғжанов жемқорлық дертімен қоғам болып күресу керектігін айтып, өңірдегі білімді де тәжірибесі мол мемлекеттік қызметшілерді жоғары лауазымдарда, Президент әкімшілігінде де қызметте көргісі келетіндігін жеткізді. Қоғамдық кеңестің мүшесі Түменбай Қалжанұлы параны алғанды емес, берген азаматты ғана жазаға тарту қажеттігін дұрыс деп санайды. Ал Бекет Ата мешітінің бас имамы Сейітбек Смайыл қажы дінімізден шариғат бойынша дәйектер келтіре келе «параны бергеннің де, алғанның орны тозақта» дейді. Сонымен бірге, жемқорлыққа қарсы тәрбиені әрбір адам өзінен, отбасынан бастағаны жөн екендігін жеткізді. Оған қарсы тұрудың, әрдайым адал болудың бірден бір жолы – тәрбие тал бесіктен демекші, отбасы тәрбиесінде балаға дұрыс тәрбие беру, жемқорлықтың зардабын бала кезден түсіндіру.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшесі Ағлен Таласбаева өзінің мәселесі мен ұсынысын жеткізе отырып, жұмысқа орналасу кезіндегі ашықтық, білім және медицина саласындағы орын алатын сыбайлас жемқорлық көріністеріне жиі куә болатындығын жеткізді. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақдәулет Махмұд қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кезде, арыз бен нақты дәлелдер болған жағдайда, кез келген уақытта қабылдауға дайын екендіктерін және оған қарсы шара қолданатындарын ескертті.
Маңғыстау облысының қоғамдық кеңес төрағасының м.а. Бекмұрат Жүсіпов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Ұлттық баяндаманың маңыздылығын ескере отырып жеке құраммен ұжым арасында талқылайтынын және алдағы уақытта департаментпен тығыз, бірлесіп жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Ұлттық баяндаманың кіріспесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың базалық бағыттарын және Ұлттық баяндаманың негізгі мазмұнын қамтиды.
Негізгі бөлім 2018 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігін талдауды қамтиды.
Атап айтқанда, бірінші тарауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспарды орындаудың жылдық қорытындылары шығарылды.
Екінші тарауда халықаралық зерттеулерге, құқықтық статистика деректеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің әлеуметтік өлшемдеріне негізделген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мен таралу үрдісіне талдау көрсетілген.
Transparency International Kazakhstan сарапшылары Қазақстанның трансұлттық және жергілікті сыбайлас жемқорлықтың өсуі аясында рейтингтегі өз ұстанымдарын ұстап қалғанын (31 балл), сондай-ақ елдің Орталық Азия өңіріндегі үздік көрсеткіштерін атап өтті.
Үшінші тарауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық моделінің және оның алдын алудың негізгі басымдықтары ашылған.
Есеп беретін және кәсіби мемлекеттік аппаратты дамыту, этикалық бақылауды жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалды.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары 2018 жылы олардың үлесін 69%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді (2017 жылы — 50%).
Салалық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерттелді.
Жобаларды басқару және ақпараттық технологиялар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тәсілдерді сипаттайды.
Мысалы, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сондай-ақ олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.
Төртінші тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамауды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету мәселелеріне арналған.
Баяндаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жақсарту бойынша ұсынымдар қорытындылай келеді. Мәселен:
1) заңсыз байытқаны, пара беруге уәде бергені және ұсынғаны үшін жауапкершілік белгілеу;
2) жария құқық заңды тұлғалар институтын енгізу;
3) бақылаушы құрылымдарды тарата немесе түбегейлі қысқарта отырып, мемлекеттік бақылаудың орнына кәсіпкерлердің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу;
4) Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіру;
5) мемлекеттік қызметшілерді парасаттылыққа тексеруді енгізу (integrity check);
6) заңнамалық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғау туралы сараланған ережелерді көздеу;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу;
8) басшылардың бағынысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда дербес жауапкершілігі белгілеу;
9) сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін белгілеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары бойынша ұсынымдарға орындауға міндетті сипат беру;
10) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды және оның құзыретін айқындау.
11) рәсімнің өмірлік циклі шеңберінде «бір өтініш» (мемлекеттік органға бір рет жүгіну) қағидатына көшу жолымен мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылының белсенді форматын барынша енгізуді қамтамасыз ету;
12) азаматтардың ақпараттық сұраныстарын есепке алу тетігін енгізу;
13) елдің барлық өңірлерінде «қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын іске қосу»;
14) «Цифрлық агент» жүйесіне мемлекеттік құрылымдардың неғұрлым көп санын қосу;
15) озық елдер мысалында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін түбегейлі қысқарту;
16) «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы шеңберінде:
— мемлекеттік органдардың қызметіне тұтынушыға бағытталу қағидатын енгізу;
— кедергісіз орта құру;
— азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дамыту;
— «партиципаторлық» бюджеттеуді кеңінен тарату (халықтың бюджетті қалыптастыруға тікелей қатысуы) ұсынылған.
Бұл шараладың барлығы дамыған елдерде кеңінен қолданылады.
Елбасы Ұлттық баяндаманы мақұлдап, Агенттікке оның жариялануын және онда қойылған ұсыныстардың іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Осыған байланысты Агенттікпен ұсынымдарды орындау бойынша мемлекеттік органдардың бекітілуі әзірленеді.