18 қыркүйек күні Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасы бойынша Алматы қаласы, Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де «Нұр Отан» партиясы Жетіу аудандық филиалы басшылығымен кездесу өтті.
Кездесуде 2018-2019 «Адал ұрпақ» клубының мектепшілік жұмыс жоспарымен таныстырылды. «Адал ұрпақ» клубы еріктілерінің, сонымен қатар мектеп кітапханасында «Парасатты азамат» бұрыштары ұйымдастырылып, оқушылар арасында «Өз құқығымызды білеміз бе?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуі жоспарланды. Осы бағыттар бойынша партия мүшелері оқушыларды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Тәрбие – тал бесіктен» деген мәңгілік ұғымның бала бойында қалыптасуы үшін, «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген дана сөзді тірек етіп, балаларымызды тазалық пен адалдыққа қазірден тәрбиелесек, ертеңгі күні сол ізгі қасиеттерді дарытамыз.
«Адал Ұрпақ» клубының жұмысы нәтижесінде оқушыларда келесі құндылықтар қалыптасады:
1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие;
2) оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімі артады;
3) оқушылардың саяси-құқықтық білімі негізі қалыптасады;
4) оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздері қалыптасады.
Жас ұрпаққа мектеп қабырғасында беріліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстары адал, өз ісіне берік, жауапкершілігі мықты азаматтарды қалыптастырады.
ДТІЖО Ауэлбекова Г.У.