«Өрлеудің» солтүстік қазақстандық филиалында мемлекеттік саясаттың жүргізілу барысы талқыланды, нақтылап айтқанда, курс тыңдаушылары мен филиал қызметкерелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жайлы айтылған болатын.
Семинар барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің бас маманы А.Е. Сатанов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңы жобасының негізгі қағидаларын түсіндірді: заң жобасы оның мақсаттары мен міндеттерін, әрекет ету саласын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саласындағы ҚР заңнамасын, мемлекеттегі жемқорлыққа қарсы қимылдың басты бағыттарын, заңда қолданысқа ие негізгі ұғымдарды, негізгі принциптерін, жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері жүйесін, жемқорлықтың алдын-алу шаралары, оны қадағалау, ақпараттандыру ережелері.
Бейнефильмнің сюжеті тыңдаушыларды өмірлік құндылықтардың мәні жайлы ойға шомылдырды.
Семинар барысында қатысушылар арасында сындарлы диалог жүргізіліп, облыс педагогтері сыбайлас жемқорлық заңнамасына енгізілетін өзгерістерді қолдай отыра, танымдық семинар өткізгендері үшін алғысын білдірді.
М.Куантаева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»
директордың орынбасары