Home » Жаңалықтар » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтауда, құқықтық мәдениетті дамыту мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.

Семинар жұмысына аудандық білім беру бөлімінің меңгерушілері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері мен педагогтар  қатынасты.

Семинар жұмысы  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, профессор Галимжанова Маржан Анесқызының

алғысөзімен басталды.

Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы– Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басым бағыттары» тақырыбында сөз сөйлеп, тақырыпқа сәйкес бейнероликпен таныстырды.

Семинар жұмысында сөз алған  Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Кубаева Гүлфара Утемисовна «Мақсатымыз– жемқорлыққа тосқауыл қою», Атырау қаласы  №19 Қ.Сатпаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Мырзағалиев Ақылбек Қишуұлы «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді», Атырау қаласы  №16 Ж. Қаражігітов атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Бақытова Айнұр Сапарқызы  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс»,  Атырау қаласындағы №21 «Алтын кілт» балабақшасының директоры Құлжанова Сауле Қарабитановна өзінің  «Балалық әлемінде жемқорлыққа жол жоқ» және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басқарма басшысы Қарамурзин Айтбай Қонысұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес–басты міндет» тақырыптарында баяндама жасады.

Шарада қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және оның алдын алу мақсатында жасалатын жұмыстар бағытында өзара пікіп алмасылып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды.

Семинарға қатысушыларға институттың арнайы дайындалған Алғыс хаттары табысталды.

 

Г.С.Қаленова
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ бөлім бастығы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.