Home » Ашық сабақтар » Су – тіршілік көзі

Су – тіршілік көзі

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».

Бөлімі: сөйлеуді дамыту, жаратылыстану, қоршаған ортамен таныстыру, сурет

Мақсаты: су тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту; тәжірибе жасай білу қабілеттерін дамыту; қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға , суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Қажетті құрал-жабдықтар: суреттер (слайд), глобус, тамшының дауысы, су, стакан, сүт, қасық, қолшатыр.

Іс-әрекет        

кезеңдері

Тәрбиешінің   іс-әрекетіБалалардың іс-        

әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан,

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын, кең аспан.

Бірге болсын   іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Шеңберге тұрып, өлең сөздерін айтады.

Ұйымдастыру-        

     шылық-ізденістік

 

 

Жұмбақ.

Шомыласың , жүзесің.

Шөлдегенде ішесің.   Ол не?

— Балалар су дегеніміз не?

— Сендер оны қайдан көргендеріңді айтыңдаршы?

— Су адамдарға не үшін керек?

Балалар, біздер су туралы қандай тақпақ білеміз?

Су деген сөзді үш тілде айтып қарайықшы: Су — Вода — Water

(Жаңбыр тамшысының тырсылы естіледі).

— Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдайтын сияқты.

Ғажайып сәт:

— Бізге қонаққа   Тамшы келіпті!

— Қане, балалар, қонақпен амандасайық.

Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты көп білгім келеді.

— Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.

— Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?

-Тамшы: Әрине, білгім келеді.

— Ендеше, сен де мұқият тыңдап отыр.

Балалар экранға назар аударады..

Слайдпен жұмыс:

— Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.

— Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.

Су – тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар, егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан-жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2.5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы, суға қоқысты тастауға болмайды. Балалар, сендер даладан ойнап келген кезде немесе тамақ ішер алдында қолдарыңды жуасыңдар ғой, сол кезде суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз   «Суды бекерге төкпе» «Судың да сұрауы бар» деп айтатыны — сондықтан.

— Тамшы: Көрдіңдер ме, мен сендермен әркез біргемін, менің жұмысым өте көп, бірақ мен бүгін мұнда демалып, сендермен бірге ойнаймын. Менің ең сүйікті ойыным – сумен ойнау. Балалар, араларыңда суды ұстай алатын бала барма?

— Алақандарыңды жайыңдаршы. Суды ұстау қиын, ол ағып кетеді.

— Ал судың пішіні қандай? Қазір біз судың пішінінің қандай екенін көреміз.

(Балаларды үстелге шақырады)

Әртүрлі ыдыстарға су құяды, стаканға, тарелкеге. Судың пішіні қандай болды?

Нәтиже: Судың пішіні жоқ, ол сұйық, қандай ыдысқа құйсаң, сол пішінге енеді.

— Балалар, судың иісі барма? Қалай білуге болады?

Нәтиже: Су иіссіз, иісі жоқ.

— Балалар, судың дәмі бар-жоғын қалай білеміз?

Нәтиже: Судың дәмі болмайды, суда дәм жоқ.

Ал, енді алдарымызда екі стақан тұр, біріне — су, екіншісіне — сүт құйылған. Қасықты суға, сүтке салайықшы.

— Не байқадыңдар?

— Неліктен олай?

Нәтиже: Су мөлдір, түссіз.

 

     Қимылды – қозғалыс ойыны:         «Жел мен жаңбыр» деген ойын ойнайық.

Шарты: Мен сендерге жел дегенде, сендер жүгіресіңдер, ал жаңбыр дегенде, қолшатырдың астына тығыласындар, жақсы ма?

Шығармашылық жұмыс

Жаңбыр тақырыбына сурет салу.

Тамшы: Балалар , сендерге көп-көп рахмет! Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар!

Тамшы, саған да көп рахмет! Біздің балалармен ойын ойнап, көңілдерін көтеріп тастадың.

 

 

 

Су

 

Балалардың

жауаптарын

тыңдайды.

Мөлдір су

сылдырлайды.

 

 

Балалар таңырқай

қарап, тыңдайды.

 

 

Балалар сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иа.

Алақандарына су құяды, су ағып кетеді.

 

Балалар судың әртүрлі пішінде болғанын айтады.

 

Балалар суды иіскейді.

Ішіп көру керек.

 

Сүт құйған стаканнан қасық көрінбейді, ал судан көрініп тұр.

 

Балалар «Жел мен жаңбыр» ойынын ойнайды.

 

Балалар көк бояуға саусақтарын батыру арқылы жаңбырдың суретін салады.

 

Балалар қонақпен қоштасады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды.

— Балалар бүгін біз не жайлы айттық?

— Бізге қонаққа кім келді?

— Ненің суретін салдық?

— Адамдарға су не үшін керек екен?

Демек, Сусыз тіршілік болмайды екен.

Су — тіршілік көзі екен.

Жарайсыңдар, балалар, бүгін оқу

қызметіне өте жақсы қатыстыңдар,

сендерге көп рахмет. Осымен бүгінгі оқу

қызметімізді аяқтаймыз.

 

 

Балалар сұрақтарға

жауап береді.

\

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: суды үнемдеуді, ластамауды;

Нені игереді: саусақ арқылы сурет салуды, судың ащы және тұщы болатынын, тұщы суды қайда пайдаланатынын, судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы біледі;

Нені біледі: сусыз тіршілік болмайтынын түсінеді.

Базарбаева Құрбангул

                                                 №9 «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі

                                                                           Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.