Home » Қылқалам » Сурет салудың дәстүрден тыс әдістер

Сурет салудың дәстүрден тыс әдістер

 Дәстүрден тыс әдістер арқылы сурет салу бала қиялына кең жол ашады. Қылқаламмен сурет салу? Бұл әдіс – балалар үшін қызықсыз.

 Кіші жастағы балалар көбіне өзінің сурет сала алмайтынын айтып, сурет салудан бас тартады. Балалардың мұндай қорытындыға келуіне сурет салу ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерін өткізу үшін дұрыс әдіс таңдалмағандықтан және «қаламды дұрыс ұста», «бояуды шапаттамай боя», «Айнұрдың суреті өте жақсы, ал сеніңкін қарашы — нашар» деген салыстырулардан соң баланың бойында сенімсіздік туып, үдей түседі. Алайда сурет салу дегеніміз – белгілі бір ережемен, тәртіппен сурет салу емес. Әсіресе шығармашылықта балаға өзінің қиялын, өзінің ойын, сезімін білдіру үшін балаға немен, неге және қалай сурет салуды өз еркіне қалдырған жөн. Түрлі жіптер, түймелер, жапырақтар, саусақ, алақан сурет салудың таптырмас құралдарына айнала алады. Балалардың өздерінің сезімдерін білдіруде тек түрлі – түсті гуаш, бояулар ғана емес кез – келген табиғи, тұрмыстық заттарды да қолдануға болады. Мысалы: тұз, құм, кофе т.б. Альтернативтік сурет салу – шаршау мен стресстің таптырмас емі. Сол себепті сурет ұйымдастырылған іс – әрекетінде үлкендер балалармен бірдей сурет салып, балаларға еркіндік беру керек. Яғни тәрбиеші мен бала арасындағы субординация жойылып, бала өз қатарымен әңгіме жүргізіп, жұмыс жасағандай сезіну керек. Сурет ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде – балаларға қуаныш сыйлайтын іс – әрекеттердің бірі. Сурет сала отырып бала тек көргенін ғана емес өз қиялын да көрсетеді. Жағымды эмоция мен жақсы көңіл – күй балалардың психикалық дамуына оң әсер ететін ұмытпаған жөн. Дәстүрден тыс сурет салу технологияларының бірнешеуін сіздерге ұсынамыз.
1. «Кофе ерітіндісімен сурет салу»
Ол үшін бір шай қасық кофені бір шай қасық сумен араластырамыз. Мұндай тәсілмен сурет салудың ғажайыптылығ жас балаларға кофе ішуге болмайды. Сол себепті сурет салу барысында кофенің хош иісін сезіну. Мұндай тәсіл арқылы ашық сары түстен тоқ қоңыр түске дейін түс шығаруға болады. Бұл әдіспен алтын «Алтын күз» көрінісінің суретін салуға болады.
2 «Кофе талы» (ортаңғы топтарда)
Ақ параққа қаламмен ағаштың кескінін сызып аламыз, сызықтардың үстіне ПВА клейін жағамыз. Үстіне кофе ұнтағын себеміз. Парақты қағып, артық кофе ұнтақтарын түсіреміз. Ағаш дайын жан жағына қардың не бүршішк атқан тал ретінде құлақ тазалығышпен гүлдерін, жапырақтарын саламыз.
3 «Күз ғажайыбы»
Алақанмен басу арқылы ағаштың суретін саламыз. Сурет сыртына файл кигізіп, файлды көк түспен бояйсыз. Сонда жауын астындағы ағаштың суреті шығады. Ал файлды шешсек ашық күндегі ағаш шығады.
4 «Құс қауырсыны»
Алдымен ақ параққа ақ түсті құстың қауырсынын жапсырып аламыз. Содан соң қауырсынның жан – жағына ашық көк түспен қыс мезгілінің келбетін келтіреміз. Сонда қыста ақ қарға оранған ағаштың суреті шығады.
5 «Жапырақтармен сурет салу»
Түрлі жапырақтарды алып, түрлі түске бояймыз. Боялған жапырақтарды ақ қағазға басу арқылы күз мезгіліндегі түрлі түске оранған ағаштардың бейнесін шығаруға болады.
6 «Ақ – қара суреттер»
Ақ қағазға сабынды үйкейміз. Үстіне қара түсті бояуды біркелкі етіп жағамыз. Әбден кепке соң таяқшамен қара түске боялған қағазға қалаған суретімізді қыру арқылы келтіреміз. Ол кезде ақ – қара түсті сурет шығады.


Камысбаева Индира Мейрхановна,
ОҚО, Түркістан қаласы
«Бөбек» балабақшасының  әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.