Home » Ашық сабақтар » Сумен танысамыз

Сумен танысамыз

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Топ: 2 кіші

Мақсаты: Судың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту: адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға қажеттілігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  1. Суды үнемдеп қолдануға, ластамауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
  2. Сумен тәжірибе жасау;
  3. Ой өрісін дамыту.

Сөздік жұмыс: сұйық, бу, тәжірибе, зертхана, тамшы  

Билингвалды компонент: су – вода – ваттер

Қажетті көрнекіліктер: судың суреттері, стақандар түрлі пішіндегі ыдыстар, колбалар, тас, сүт, глобус.

Сабақтың барысы:

  • Балалар, шаттық шеңберге тұрамыз:

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

Судың, жауынның дыбысы естіледі (аудиожазылым).

— Балалар, ненің дыбысын естідіңдер?

— Жаңбырдың.

— Ал жаңбыр ол не?

— Ол – су.

— Ендеше бүгін біз суды зерттейміз, су туралы көп білетін боламыз. Олай болса текшелер арқылы екі топқа бөлінеміз.

— Су – тіршілік көзі. Су жер бетінің 2,5 пайызын алып жатыр. Су бізде ол – көл, өзен, теңіз суы, жаңбыр, шық, қырау, кемпірқосақ, бу, бұлттар. Су сұйық, қатты, бу түрінде болады. Ал енді балалар тәжірибе жасауға зертханаға барамыз.

Алдымен зертханада алжапқыш киіп қауіпсіздік ережелерімен танысамыз: заттарды ауызға салуға болмайды, апайды мұқият тыңдау, заттарды орнына қою, сумен жұмыс жасағанда сүлгі қолдану.

№1 тәжірибе – судың иісі, дәмі болмайды. Екі ыдыстағы суды қарап, иіскеу.

  • Балалар, ал, судың дәмі бар ма? ол тәтті ме? ашты ма?

—  Қант қоссақ тәтті, тұз қоссақ ащы болады.

Бақылау парағымен жұмыс . Белгі қою – судың иісі, дәмі жоқ.

№2тәжірибе — суды сүтпен салыстыру сүт құйылған суға тас салу. Тас көріне ме? Жоқ. Неге? Суға тас салу. Ал суда тас көріне ме ? Иә. Неге? Өйткені су мөлдір түссіз, ал, сүт ақ.

Бақылау парағымен жұмыс. Белгі қою – су түссіз.

 

№3 тәжірибе — суды түрлі пішінді ыдысқа құю. Мына ыдыста су қандай пішінді? Ал мына ыдыста ше?

— Неге?

— Судың, пішіні жоқ, ол – сұйық. Су құйылған ыдыстың пішінін алады. Бақылау парағына белгісін қою.

— Үлгіге қарап, тәрбиешінің көрнекілігіне қарап, өздері ақ парақ қағазға суды бейнелейді — ол қар жанбыр, бұлтқа тамшы жапсыру.

— Қане, балалар, енді бойымызды сергітіп алайық:

Бұлт қабағын түйіп ап,

Бүркеп алды аспанды,

Тырс, тырс, тырс, тырс тырсылдап,

Жаңбыр жауа бастады.

Балалар орталықтарда жұмыс жасайды:

Отбасы орталығына барып:

— Балалар, үйде отбасымызбен суды қалай қолданамыз? Не істейміз? Анамыз сумен не істейді?

— Тамақ пісіреді, еден жуады, ыдыс жуады.

Ал біз? — сумен жуынамыз, суды ішеміз, ойнаймыз, сурет саламыз. Берілген карточкаларды қолданып, судың пайдасы туралы сызбаны толтыру.

— Кітапхана орталығында тыйым сөздерді айтып жаттау:

— Суды босқа ағызба, үнемде.

— Суды ластама.

— Түнде суға барма.

— Судың бетін ашық қалдырма.

— Суға түкірме.

— Тірек сызба арқылы тақпақ жаттау:

Су, су ол – бұлт

Су, су, су ол – қар

Су, су су, ол – қырау,

Су, су, су, ол – жаңбыр мен бу.

Қорытындылау. Ойын ойнап көрейік «жаңбыр мен бұлт». Қолшатырдан аққан тамшыда тапсырма.

Жаңбыр тамшыларындағы сұраққа жауап берген бала қолшатыр алады – су болмайды.

  • Балалар, бүгін сабақта не білдік? Судың түсі бар ма? Судың дәмі бар ма? Пішіні ше? Суды қайда қолданамыз? Су туралы қандай тақпақтар айттық? Тыйым сөздер ше?

 —Дұрыс жауап берген бала қолшатыр алады. Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Судың қасиеттерін білді.

Білу керек: Сумен ойнай білу керек.

Нені игерді: Су туралы ақпарат білді.

Нені білді: Судың суретін бейнелей білді.

Орынбала Сейтханова

№6 сәбилер бақшасының тәрбиешісі,

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.