Home » Сценарийлер » Султанбекова Гулбану. Көк тудың желбірегені

Султанбекова Гулбану. Көк тудың желбірегені

«Көк тудың  желбірегені» әнімен қолдарына қазақстан жалауларын алып залға кіріп келеді.

Мақсаты: Балаларға  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі  күні мереке жайлы ұғындыру. Мемлекеттік рәміздер туралы мәлімет беру, Отанына құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін Қазақстан Республикасының  тәуелсіздік алғанына 26  жыл толған мерейтойын тойлап жатырмыз.

Әнұран орындалады

Шаттық шеңбер.

Тәрбиеші: Бұл тәуелсіздігіміз оңай келген жоқ. Ата- бабаларымыз осы күнді аңсап кетті. Сан ғасырлар бойы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін, үш жүздің басын қосқан Абылай ханымыз,  Қабанбай, Бөгенбай батырларымыз Исатай мен Махамбет елі мен жерінің тәуелсіздігін алу үшін күрескен.

Осы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алу үшін көптеген аға- әпкелеріміз жандарын аямай, өздерін құрбан етті.

Тәрбиеші: Балалар, біз қай елде тұрамыз?

Балалар: Қазақстанда.
Тәрбиеші: Президентіміз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев.

Тәрбиеші: Балалар, біздің еліміздің қандай рәміздері бар?

Балалар: Елтаңба, ту, Әнұран.

Көрініс: Слайд арқылы Тәуелсіз Қазақстанға қалай жеткендері жайлы көрініс.

Рухани жаңғыру жобасында Президентіміз Н.Назарбаев «Ұлт мақтанышы біздің мәдениетіміз бүкіл әлемге танылуға тиіс. Қазақстандағы 100 жаңа  есімі жобасының маңыздылығына назар аударып,  рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша шын жүректен құттықтады»

Тәрбиеші: Ал, балалар, осы отанымызға деген тақпақтарымызды айтайық.

Қоблан: Тәуелсіздік жолында.

Талай –талай  тер тамған,

Билігім өз қолымда

Еркіндігім Елтаңбам.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!  Отан  туралы қандай мақал білесіңдер?

Отан- оттанда ыстық.

Отан –отбасынан басталады.

Отан үшін отқа  түс күймейсің.

Отан адам, орман бұлбұл.

Ән: « Отан»

Ойын: Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тарту»

Қорытынды:

Балалар, біз  қандай елде тұрады екенбіз?

Отан дегеніміз не?

Балалардың жауабы.

 

 

 

«№2 Әсел» бөбекжай балабақшасының
ІІ-кіші «Күншуақ» тобының тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.