Home » Мақалалар » Суицид – қиындықтан шығар жол емес

Суицид – қиындықтан шығар жол емес

Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
Он бестен ары оның досыңдай ақылдас

Халық мақалы.

Дөңгелек үстел

Жоспар

Жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігі:

Мақсаты: Мұғалімдермен бірлесіп, оқушының яғни баланың көңіл-күйімен жай-күйін бақылау бойынша пікір.
Оқушымен ата-ананың қарым-қатынасын анықтап аналитикалық сараптама жасау.

Оқушының іс-әрекетін, жүрген ортасын бағандау, қарым-қатынасы қалай.

Дөңгелек үстелдің барысы: Суицид себептерімен хабардар ету.

  1. Суицидтік іс – әрекет себептерін ескерту.
    2. Суицидтік тән іс – әрекетін көрсету.
    3.Өз-өзіне қол жұмсау себептері.
    4. Шынайы суицидтік мінез-құлықтарын білдіру.
    5. Жасөспірімдер зорлық-зомбылық құрбандары болуы.

Осы төрт мәселе бойынша орта буын сынып жетекшілерімен пікір алмасып, қандай жағдай да баланы қайткенде қиындықтан шығар жол іздеуге болады.

Баланың суициалдық ниетін білдіретін белгілері.

Әдеттегі мінез-құлқындағы байқалмалы өзгерістер.

Ұйқысыздығы, ұйқысының қанбауы.

Тәбетінің жақсаруы, төмендеуі.

Мазасыздық белгілері.

Үнемі шаршау белгілері.

Ұқыпсыз сыртқы келбеті намыс сыртқы келбетіне педанттық көзқарасы.

Күйзелісінің алдын алу.

Күйзелістің туындау себептері.

Күйзелістің алдын алуда мынадай әрекет жасауға кеңес беріледі:

Физиологиялық (өзінің денсаулығын күту, тамақтану ережесін сақтау, сыртқы пішінін қадағалау)

Эмолциялық  (өзің үшін эмоциялық жайлы жағдайды тауып қандай да бір істі тындыруды кішкентай болса да білінетін жетістікке жетуді қамтамасыз ету, өзіңізге және басқаларға да кішігірім мереке ұйымдастыру және т.б.)

Интелектуальды (өзіңізді жақсы көріңіз, түсініңіз)

Дүниетанымдылық (мақсатыңыздың жіктелуі, даму тұжырымдамасы. Жағымды ойлар)

Жеткіншектің мінез-құлқындағы мұндай өзгерістердің себебін түсіну үшін, оның психологиялық астарын білу керек. Әсіресе, ата-аналар өздерін балалары жеткіншек жастағы (12-15 жас) жеткен уақытта күрделі, тіпті кейбір жағдайда неше түрлі қайшылықтарға кездесетін түсінулеріқажет себебі осы шақта жеткіншектер өздерін отбасының сыныптың, қоғамның кең құқылы мүшесі яғни тұлға ретінде сезіне бастайды. Бұл жастағы балалар ересектерқатарына да жатпайды, бірақ олар балаболғысы да келмейді. Сондықтан да жеткіншекке ересек адамның тығыз байланысы мен өзара терең түсінігі аса қажет.

Мұғалімдерге психологиялық көңіл-күй сыйлау.

« Күлімдеу » жаттығуы.

Күлімдеу керемет бір күшпен әрбір адамда бар ішкі энергияның қорын ашады.

Айнаның алдында тұрып, омыртқаңды тік ұстап, иықтарыңды жаз, басыңды  тәкәппарлықпен жоғары көтер. Өзіңе-өзің нұр сәулесі күлімде, қастарыңды көтеріп, тап осы күйде 5 минут тұр.Жасанды түрде жақсы көңіл-күй жасай отырып, бетіңнің бұлшық еттеріне ықпал ете сен өз жан дүниенің күйіне тікелей әсер етесің. Ұйқыдан соң сенің бейсанаң ашық болады, сондықтан да бұл тәсілді таңертеңгілік жасаған дұрыс. Сонда таң ертеңнен кешке дейін тамаша көңіл-күйде боласың! Деген ниетпен сіздерге жақсы көңіл-күй сыйлаймын.
Десекте қорыта келе, барынша баланың суициалдық ниетте болуын білдіретін белгілері туралы бірнеше мағлұмат алыңыздар. Ата-аналарға жадынамалар берсек, ол жадынамалар күнделікті қарбалас тіршілікте көз алдында болып жатқан маңызды нәрселерді жіберіп алмауды есіне салып отыруға қызмет етеді.
Деген ниетпен дөңгелек үстелге келіп, ой-бөліскендеріңізге үлкен рахмет!

 

Кішібаева Айнагүл
Түркістан облысы, Шардара ауданы
Т.Айбергенов атындағы
мектеп-гимназиясының педагог-психологы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.