Home » Жаңалықтар » Степногорск қаласында «Тәуелсіздік – халықтың басты жетістігі» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды

Степногорск қаласында «Тәуелсіздік – халықтың басты жетістігі» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Степногорск қаласының орталық кітапханасында ақпараттық-библиографиялық бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – халықтың басты жетістігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оқу залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Қазақстанның тарихы, қасиетті жерлері және қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылған «Біздің Отанымыз — Қазақстан» кітаптар көрмесі ұйымдастырылған. Бұл көрме оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие бола бастаған.

Сонымен бірге «Tуған жер» бағдарламасының аясында «Tуған жер – алтын бесігім» ақпараттық күні өткізілді. Аталған күні «Менің елім – Мәңгілік ел» атты кітап көрмесі өтті.

Жалпы алғанда, көрме «Мәңгілік елдің» жеті негізгі құндылығын көрсетеді.    Олардың қатарында Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, қоғамдағы ұлттық  бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен жоғары руханилық, жалпыға ортақ еңбек қоғамы, тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы бар.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының

Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.