Home » Жаңалықтар » Спорт әлеміне саяхат

Спорт әлеміне саяхат

 

         Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.
Әбу Насыр Әл – Фараби

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының №20 «Балақай» бөбекжай балабақшасында жылдық жоспарға сәйкес ата – аналардың қатысумен «Спорт әлеміне саяхат» атты «Ашық есік» күні өткізілді. Бұл спорттық ойын балабақша мен ата – аналар арасындағы ынтымақтастықты  нығайту және балабақшадағы іс – шараларға ата – аналардың қатыстырумен болды. Іс – шараның мақсаты: балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұның меңгеру, спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру және денсаулықтарын жақсарту. Іс әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалаптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін балабақша бағдарламасына да  енгізілген.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай – ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Ашық есік күні барлық топтарда ұйымдастырылып  ата – аналар мен балалар бірге спорттық ойындармен эстафеталық жарыстарға қатысып, бір жағынан  өздерінің денсаулықтарын мықтаса, екінші жағынан балаларына жақсы көңіл – күй сылап, бүгінгі спорттық мерекеден алған әсерлерімен бөлісіп, ыстық лебіздерін білдірді. Спорт — саулық кепілі демекші, барлығымыз спортпен айналысып, денсаулығымызды жақсартуға тырысайық.

 

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы
№20 «Балақай» бөбекжай балабақшасының
Әдіскері: Жугинисова Шакаркул Карашбаевна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.