Home » Білім және денсаулық » Спорт және денсаулық

Спорт және денсаулық

Спорт тұрмыста етене болып сіңісіп, барша халықтың күнделікті рухани қажетіне айналып кетті. Әрбір азамат сымбатты, сындарлы да сұлу, денсаулықтары мықты болуға тиіс. Адам баласы үшін ең қымбат және бағасыз байлық бұл денсаулығы. Халқымыз да айтылған мына мақалаға жүгінсек, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздің осы бүгінгі заманда спорттың денсаулыққа деген маңызы зор. Міне, сондай адамдарды тәрбиелеу денешынықтыру пәні мұғалімдеріне міндетті. Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады. Сондықтан да әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, білімге деген құштарлығын арттыру және әр баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға бойындағы табиғи қасиеттерін дамыту мектептің міндеті болып отыр. Тренажерлік зал, фитнес клуб тағы басқасқаларға барып, шынығудың да аса қажеті жоқ. Таңертеңгілік жүгіру мен бой жазу жаттығулары кезінде жүрек қан тамырларының соғуы дұрысталып, оның жұмыс істеуін жеңілдетіледі. Профилактикалық және сауықтыру мақсатында білім беру ұйымдарында оқушылардың биологиялық қозғалыс қасиеттілігін қанағаттандыратын жағдайлар жасалу қажет. Ұзақ уақыт бойы қозғалысы азайған адамның қозғалыс үйлесімділігі бұзылады, денеге және жүйкеге түсетін күшке, сыртқы жағдайлардың өзгерісіне ағзза төтеп бере алмайды. Сондықтан да спортпен айналысу – ағзаны шынықтырады, жұмыс қабілеттілігін арттырады. Қазіргі таңда күнделікті жүру, жүгіру мөлшері 7-8 шақырымнан кем болмауы керек. Мектеп жасындағы балаларға тез салқын тиеді. Күнделікті тұрмыста аз қозғалыс ағзаның барлық жүйесінің жұмысына жағымы әсер етеді, ақыл-ой және дене жұмысын арттырады, денсаулықты нығайтуға жәремдеседі, сауықтыру және шынықтыру міндеттерін шешуге көмектеседі. Қазіргі кезде оқушылардың денсаулықтарының ауытқулары ішінде тірек – қозғалыс апараттарының бұзылуы жиі кездеседі. Оның ең алдымен дене бітімі және табанының қалыптасуының қалыптасуының функционалды бұзылуы мол ұшырасуда. Дене шынықтырумен айналысуға тек дене тәрбиесі және спорттық секциялардағы сабақтарға қатынасу ғана емес сонымен бірге дұрыс ұйымдастырылған күн режимі, дұрыс тамақтануы, оқу мен еңбек және демалу реттерін дұрыс сақтай білу. Дене жаттығулары әр түрлі болуы қажет. Бұл ағзаның қалыпты өсуі мен дамуы және тіршілігі үшін қажет. Оқушылардың қозғалыс режимдеріне жататындар: таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, сабақ алдындағы гимнастика, үзілістерде және мектептен тыс жерлерде, мектеп маңында таза ауада өткізілетін қозғалыс жжәне спорттық ойындар, мектепке барып – қайтатын жолдағы жүру, демалыс күндеріндегі белсенді демалыс, сабаққа даярлану алдында таза ауада дем алу, мектептегі дене тәрбиесі және секциялар. Спортпен айналысқан жандардың денсаулықтары өз қалпында болады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан – 2030» бағдарламасында былай делінген «Алькоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді». Осы нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу үшін балаларды спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстар мен үйірме жұмысын да уақытылы жүргізудемін. Дене жаттығуы арқылы жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға септігін тиггізеді. 5-9 сынып оқушылары арасында эстафеталық ойындар, волейбол, т.б. сыныптан тыс жұмыстар жүргізіліп келемін. Негізгі мақсатым баланың қай спорт түріне бейім екеніне ескеріп, бағыт бағдар беру.

Елеусизов Бауржан Кожабекұлы,
Алматы облысы Сарқан ауданы,
Екіаша орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.