Home » Балабақша » Спорттық демалыс: Алақай! Ауылдағы атам мен әжемнің үйіне қонаққа барамыз!

Спорттық демалыс: Алақай! Ауылдағы атам мен әжемнің үйіне қонаққа барамыз!

Мақсаты:

1.Үй жануарлар және үй құстарымен таныстыру; жануарлардың қимылдарын салып,жаттығуларды орындау.

2.Жылдамдық,ептілік және күштілік қасиеттерін дамыту.

3.Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнату арқылы балалардың зейіндерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: үй жануарлары мен үй құстарының бет-перделері,үнтаспа. 

Барысы:

Жүргізуші: Міне, жаз да өтті. Кейбір адамдар теңіз жағасында күнге қыздырынды,ал біреулер шетелге барып келді, көпшілігі ауылға барады. Бүгін біз ауылдағы жазғы демалысымыздың қандай болғанын еске түсіреміз. Енді ауылға саяхат жасайық. Вагондардан орын алыңыздар!

  1. Балалар бір қатар тізбекке тұрып,баяу жүгіреді. Дөңгелене шеңбер құрып тұрады.

1-бала:-Міне,балалар,атай мен әжейдің ауылына келдік. Қане, бәріміз үй жанындағы шалғынға барып, гүл терейік. Орындарында тұрып жүреді. «гүл теру» жаттығуын орындайды. 1-2-алға иілу, 3-4-бастапқы қалыпқа келу.

2-бала:

Қошақаны қойдың,қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,қай өрістен тойдың? «Қошақан» жүрісі. Тізелерін жоғары көтеріп жүру.

3-бала:

Секеңдеші лағым,

 Құлап қалма,шұнағым. «Лақ» жаттығуы. Лақ сияқты секеңдейді.

4-бала:

Ботақан-ау, ботақан,

«Момақаным» деп мақтанам.

Айналайын өзіңнен,

Мөлдіреген көзіңнен. «Ботақан» жүрісіне салып жүру.

5-бала:

Шалғында торпақ жүр,

Басын шайқап,айналаны байқап тұр.

Бастарын шайқап,торпақтың қимылын келтіру.

6-бала:

Құлыншақ-ау, құлыншақ,

Шапқылайсын күн ұзақ.

Желбіреп сұлу тұлымың,

Желдей есер құлыным. «Құлыншақ» жаттығуы: шеңберді тоқырақтап жүгіру.

Жүргізуші: Енді ауылдың тынық ауасымен дем алайық. (Шалқадан жатып,көздерін жұмып,релаксация жасайды (2-3минут),орындарынан тұрып, қайтадан шеңбер бойына тұрады).

Қонаққа Кеша атты тотықұс келеді.

Кеша: Хай-ду-юду! Сәлем,балалар! Ал,міне, мен де келдім. Таитидан ұшып бара жатырмын.

  • Мен де ауылға қонаққа келдім.

Жүргізуші: Кешіріңіз,сіз кімсіз?

Кеша: Мен тотықұспын. Менің  атым – Кеша. Балалар,маған үй жануарлары мен үй құстарын атап беріңдерші.

1.«Дауысынан таны!»ойыны. Шарты: үй құстарының дауыстары жазылған үнтаспа  тындатылады. Балалар құстардың атын атайды. Түйе, жылқы,сиыр,қой,ешкі – үй жануарлары. Ал үй құстары мыналар:тауық,қаз,үйрек,күркетауық.

2.«Төрт түлік мал» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты:барлық балалар төрт түлік малдың бейнесі бейнеленген бетперделер киеді. «Төлдер» әні (Өлеңін жазған: А.Асылбеков,музыкасын жазған:Д.Ботпаев). Әннің лақ туралы айтылған жерінде құлын сияқты ойнақтап секіреді т.б.

3. «Тауық пен қора» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты: ойыншылар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ – қораздар,екінші топ – тауықтар,үшінші топ – балапандар. «Қораздар» балапандарға алақандарын тигізулері керек, «тауықтар» балапандарына алақандарын тигізулері керек, «тауықтар» балапандарын қорғайды. «Қораздың » алақаны тиген «балапан» ойыннан шығады. Тотықұс балалармен қоштасып,алаңнан кетіп қалады.

4. «Көрдік-көрмедік.» қимылы аз ойын (Педагогтің сұрағына балалар «көрдік не көрмедік» деген жауап қайтарады).

-Шалғында жайылып жүрген қозыларды көрдіңдер ме?

— Көрдік.

-Ауладан Ақтөсті көрдіңдер ме?

-Тоғанда жүзіп жүрген үйректерді көргендерің бар ма?

-Қорадан шөп жеп тұрған сиырды көрдіңдер ме?

Жүргізуші: Бүгін біз ауылда көптеген қызықтарды тамашаладық. Енді біз қайтуымыз керек. Қане, вагондарға отырайық. (Балалар бірінің артынан бірі тұрып, «пуп-пуп» деген пойыздың дауысымен алаңды бір айналып жүріп,бөлмелеріне қайтады).

Канатбаева Жазира Аралбаевна

№45 «Алтын бала» бөбекжайының

дене шынықтыру нұсқаушысы

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.