Home » Балабақша » «Соқыр теке»

«Соқыр теке»

«Бәйшешек» мектепалды даярлық тобының балаларымен бұл ойынды көп ойнатамын, ескі салт дәстүрлерімізді қайта жаңғырту  және ата-бабамыздың  ойнап кеткен ойындарын балаларға таныстырып және пайдасын түсіндіріп практика жүзінде  қолданамын  ойынды көбіне балаларды серуен барысында жиі ойнатамын. Балалардын саны шексіз бұл ойында  екі топқа бөліп 16-16 етіп ойнатсада болады. Ойының пайдасы балаларды бір –біріне қарым қатынастығын нығайтады және төзімділікке, шапшандылыққа, ойлау қабілетіне тигізер пайдасы өте зор. Балалардың буын буындарына да пайдалы әрбір іс қимылға толық мән беру. Балалардың психоэмоционалдық   жағдайда  жайландырады, ішкі күйзелісті қалыпқа келтіреді. Балалардың өздеріне деген позитивтік  көзқарасты қалыптастырады. Ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы қатар тұрғандардың әрқайсысын жоғарыда көрсетілгендей мал атымен атап шығады. Ең соңғы аталған бала «тентек теке» болады. Ойын кең үйде де, далада да ойналады. Егер далада ойналса, шеңбер сызылып, ойынға қатысушылар осы шеңберден шықпауы керек.
Ойынды жүргізуші «тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, «Соқыр теке»
былай дейді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсем сөзім жоқ
Маған жақын келіңдер,
Біреуін ұстап беріңдер.
Мұнан кейін «Соқыр текені» айнала қоршаған балалар:
Соқыр, соқыр, соқырақ
Ұмтыла қу ұстауға
Тырысамын түспеуге
Сенің айла, қуыңа
Ал ұстап көр батырым
Міне келе жатырмыз,-деп өлеңдерді бірге қосылып айтады. Өлең айтылып болысымен, «Соқыртеке» шеңбер ішіндегілерді ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қадағаланады. «Соқыртеке» ұстаған бала оның орнына тұрады. Ойын қайта басталады.

  Билтеева Асия Заутбековна,
Нұр-Сұлтан қаласы,

                            №48 «Ақ көгершін» балабақшасының

                                     тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.