Home » Жаңалықтар » Сотталған азаматты жұмысқа қабылдаған бұрынғы аудан әкіміне айыппұл салынды

Сотталған азаматты жұмысқа қабылдаған бұрынғы аудан әкіміне айыппұл салынды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың желтоқсан айының 27 мен 28 аралығында «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесімен, Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық соты ӘҚБтК-нің 681-бабында (мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы) көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған бұрынғы Маңғыстау ауданыныңы әкімі Ж. Айтуаровқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Ж. Айтуаров Маңғыстау ауданының әкімі қызметін атқарып жүріп, 2018 жылдың 7 маусымында №12 ө/жқ өкімімен «Маңғыстау жылу, су» МКК директоры қызметіне бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған азамат Е. Куйкішовты жұмысқа қабылдаған.

Сот қаулысымен Ж. Айтуаров ӘҚБтК-нің 681-бабында көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 АЕК мөлшерінде, яғни 252 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жұмысқа заңсыз қабылданған азамат
Е. Куйкішов Маңғыстау аудандық прокуратурасының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 2-1105-190034 наразылығы негізінде жұмыстан босатылды.

Апелляциялық инстанция аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды.

Құрметті азаматтар! Делдалдық қызметпен заңсыз айналысатын адамдар анықталған жағдайда 1424 (Маңғыстау облысы бойынша шұғыл желі 8 707 170 1424) нөмірлері бойынша хабарлауды сұраймыз, сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы хабарлаған жағдайда азаматтарға сыйақы төлеу қарастырылған («Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысы).

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.