Home » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде еңбек ақы төлеу жаңа жүйені талқылады

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде еңбек ақы төлеу жаңа жүйені талқылады

А.ж. 19 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапар аясында, мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақы төлеу жаңа жүйесін еңгізу сұрағы бойынша облыс әкімдігінің басшылығымен және облыстық мемлекеттік органдарының басшыларымен кездесті. Облыстың аудандары бейнеконференцбайланыс арқылы кездесуге қатысты.

Саян Қылышұлы жиналғандарға факторлық-баллдық шкаласының концептуалдық негіздері бойынша ақпарат жеткізіп, пилоттық органдарда осы жүйені апробация кезіндегі оң нәтижелерімен бөлісті, сонымен қатар бизнес-процестерді және мемлекетті басқару саласындағы шығындарды оңтайландыру мүмкіндіктері туралы айтты.

Осы жүйені еңгізу заманғы уақыт талаптарына негізделген. Мемлекеттік қызмет бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сондықтан, Елбасымыз нәтижеге негізделген еңбек ақы төлеу енгізуді міндет қойды.

Осындай лауазымдарды бағалау механизмдер ЭЫДҰ-ның алдыңғы қатарлы елдерде (АҚШ, Сингапур, Жаңа Зеландия және т.б.), сондай-ақ БҰҰ-ның, Дүниежүзілік банкі, Азия даму банкінде қолданылады.

Қазақстанда берілген әдістемені 174 жеке компанияларда және квазимемлекеттік секторда еңгізілді және оң әсері байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Сақыпкереев Агенттігінің аппарат басшысын маңызды сұхбатына алғыс білдіріп, қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға дайын екеніне сендірген. Кездесу тақырыбы қатысушалар арасында қызығушылық танытты.
С.Қ. Ахметжанов барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.