Home » Оқу-әдістемелік материалдар » СОЛАҚАЙ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ДҰРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУ

СОЛАҚАЙ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ДҰРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУ

Біздің балалық шақтағы кейбір тәрбие әдістеріне байланысты адамның «соң қолды» болуы ұят деген ұғым қалыптасқан дәуір болатын. Табиғи солақайлықтан оң қолда жазуға мәжбүр болу жағдайының қалайша қиын болатыны мен сияқты балалардың есінде қалуы әбден мүмкін. Осы кездерде «мен болашақта тәрбиеші болсам соң қолды баланы ешқашан оң қолда істеуге мәжбүр етпеймін» деп ойлаушы едім. Бұл мақсат есейе келе шын мәнінде балалар әлеміне кіруіме, әсіресе солақай балалардың ерекшеліктерін дәлелдеп, олармен жұмыс жасауыма жол ашты.

Солақайлық — әдетте туғаннан болатын, әрекет жасауда сол қолдың оң қолдан басым болу сипаты.

Сәби есейе барып, кез келген нәрсені қолына ұстауға тырысады. Ол алдымен екі қолын бірдей жұмсайды. 18 айға толғаннан бастап ол оң немесе соң қолын көбірек пайдаланады. Бұл кезде біз баланың оңақай немесе солақай болатынын біліп аламыз.

   Қазіргі уақытта құрсақта жатқан сәбидің солақай немесе оңақай екененін небары 10-11 аптада анықтауға болады екен. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бармағын сорса-оңақай, сол қолының бармағын сорса-солақай болып дүниеге келетіндігі анықталған. Ал туылған сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.

Солақайлық әдетте түзетуді қажет ететін нормадан ауытқушылық ретінде қабылданады. Бірақ, солақайлар да нәзік моториканы игереді, психикалық және дене дамуының барлық сатыларынан қалыпты өтеді және толыққанды тұлға болып қалыптасады.

Мамандар жер бетіне шыр етіп дүниеге келген 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын айтады. Ал, статистикаға сүйенетін болсақ, әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар екен. Қазіргі күнде жер бетінде 500 миллиондай солақай бар.Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, көбінесе ұл балалар солақай болып дүниеге келеді екен. Солақайлар әр кезеңдерде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халықтар жынның белгісі ретінде қабылдаған. Кезінде, Жанна Д.Арк соң қолын көп пайдаланғаны үшін отта күйдірілген. Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп білсе, солтүстік америкалықтар оларды жолы ашық адам ретінде бағалайды.

Солақай жандар мынадай төрт топқа бөлінеді:

Біріншісі, тұқым қуалайды. Яғни, қан мен тек арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бұл топтың санатына жататындардың саны солақайлар арасында 10 пайызға ғана жуық. Егер әке-шешесінің екеуі де солақай болса, олардан туылатын баланың солақай болу ықтималы 46 пайыз, әке-шешесінің біреуі солақай болса, туылатын баланың солақай болу ықтималы 19 пайыз, ал, екеуі де солақай болмағандарда 2 пайызды құрайды екен.

Екіншісі, әйелдердің кеш босануына байланысты. 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары болады. Уақыт создырып алған әйелдің құрсағынан жаралған сәби дүниеге келерде ауыр қиналысқа түседі. Соның салдарынан оң қолдың қызметіне жауап беретін мидың клеткалары зақымдануға ұшырайды.

Үшіншісі, мәжбүрліктен орын алады. Мысалы, сәби қолын күйдіріп, жарақаттап алған жағдайда сол қолдың көмегіне тәуелді болады.

Төртіншісі, саналы түрде өзін-өзі күштеп үйретуден. Жалпы солақай адамдар тумысынан дарынды келеді дейді білетіндер. Себебі, ондай жандар өз мақсатына жету үшін әр қандай қиыншылыққа көнуге даяр. Бір қызығы, осы қағиданы желеу етіп, солақайлық қасиетті қолдан жасайтындар да бар екен.Осы топтың арасында екі қолымен де тамақ ішетін, қос қолымен жазу жаза алатындар да кездеседі.

Әлемде 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемді жұмыс істей береді. Мысалы, аты аңызға айналған суретші Леонардо да Винчиның бір уақытта екі қолда бірдей сурет салу қабілетіне ие болған.

Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы екендіктен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болады. Кейбір солақайлардың қысқа уақыт ішінде үлкен мағлұматтарды қабылдай алатындары да кездескен. Оларда ақылдылық коэффициенті жоғарырақ болады. Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура, химия секілді кеңістікке байланысты пәндерге тумысынан қызығушылықтары төмен болады. Бірақ, осы салаларға ықыласпен зер салса, оңақайларға қарағанда икемді болып, көп жетістіктерге жетеді екен. Сондай-ақ, Австралия ұлттық университеті ғалымдары өткізген тәжірибе нәтижесінде солақай адамдардың оң қолдыларға қарағанда компьютерді жақсы ойнауы, жылдам жазуы анықталған. Солақайлардың тағы бір ерекшелігі, соң қолмен оңнан соңға қарай жазу, жазудағы әріптерді керсінше оқып кетеберу олар үшін бір рефлекс болып қалыптасады.

Солақайлар сирек жаратылыс иесі. Әсіресе, өнер мен спорттың есігін ашқан солақайлар – биік жетістіктерге жетеді. Сондай-ақ, спорттық жүлделердің 40 пайызын солақайлар жеңіп алады екен.

Психологтар солақай жандардың шығармашылық жұмысқа да аса қабілетті болатындығын айтады. Әсіресе, дизайн, киноматография, архитектура, музыка, спорт, сурет салу, ғарышкерлік, жүргізушілік, жазушылық салаларында оларға теңдесетіні жоқ. Солақайлар арасында ұлы ғалымдар мен экстрасенстер де көп кездескен. Төменде тілге алынған әлемге танымал солақай жандар солақайлардың ақылды да қабілетті болатындығын дәлелдемек:

 Әлемге белгілі патшалар мен саясатшылар: Александр Македонский, Юлий Цезарь, Ұлы Карл, Наполен Банопарт, Петр І, Жанна д׳Арк, Виктория патшайым, Елизавета патшайым, Ханзада Уильям, Фидель Кастро, Гарри Трумен, Уинстон Черчилль, Ганди, Жеймс Коллаген, Горацио Нельсон, сондай-ақ, Американың үш президенті Рональд Рейган, Джордж Буш (үлкені), Билл Клинтон;

Ғалым, философтар: Исаак Ньютон, Чарлз Дарвин, Иван Павлов, Альберт Эйнштейн, Герман Гольмгольц, Аристотель, Ницще Фридрих;

Әлемнің ең бай адамдары: Билл Гейс, Николь Кидман, Генри Форд, Жон Рокфеллер;

Суретшілер мен спортшылар: Микеланджело Буанаротти, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Рубенс, Пикассо, Жон Макинрой, Пит Сампрас, Моника Селеш, Мартина Навратилова, Диего Марадона;

Ақын-жазушылар: Льюис Керрол, Пушкин, Толстой, Марк Твен, Гете, Бенжамин Франклин, Франц Кафка, Николай Лесков, Усман Носир, Гулханий, Абдулхамид Мажитий;

Композитор, киножұлдыздар: Джимми Хандрикс, Ринго Стар, Моцарт, Бетховен, Пол Маккартни, Шопен, Роберт Шуман, Чарли Чаплин, Роберт де Ниро, Сильвестр Сталлоне, Жулия Робертс, Том Круз, Вупи Голдберг, Брюс Уиллис, Деми Мур, Амитабх Баччан, Абхишек Баччан, Айша Такия, Каран Жохар, Прокофьев, Грета Гарбо, Брет Питт, Анжелина Жоли, Рикки Мартин, Мила Йовович, Селин Дион, Киану Ривз, Жеймс Камерон, Жим Керри, Мерлин Монро, Барт Симпсон, Николо Поганини және басқа түрлі кәсіппен атақты болғандар Дин Кемпбелл, Роберт Гриндан, Франклин Уинборн тағы басқалар…

Қазақ халқында да солақай асыл азаматтар жетерлік. Қазақтың бір туар сазгер-күйшісі Нұрғиса Тілендиев, сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш спорт журналшысы болған Сейдахмет Бердіқұлов, танымал суретшісі Гүлфайрус Исмаилова тағы басқалар.

Солақай жазушылар жер жүзінде солақайлармен байланысты көптеген шығармалар жазып қалдырған. Бәрімізге белгілі «Алиса айналар артында» кітабының авторы Льюис Керрол өзі солақай болғандықтан шығармадағы бас кейіпкердің яғни солақай адамның көңіл-күйін өте шеберлікпен бейнелеген. Ұлы орыс жазушысы Николай Лесков та солақай болып, ол ХХІ ғасыр солақайларына арналған шығармасын жазған. Ал, ағылшын ғалымы Крис мак-Манус өзінің «Правая рука, левая рука» кітабында бүкіл адамзат тарихында солақайлардың оңақай адамдарға қарағанда жоғары жетістіктерге қол жеткізгендігі туралы толығымен жазған.

АҚШ-тың Канзас штатындағы Топика қаласында халықаралық солақайлар ұйымы бар. Оның негізін қалаушы Дин Кемпбеллдің «Солақайлар туралы Заңында» солақайлар құқығы кеңінен жазылған.

Солақайлар құқығын қорғауға 1980 жылда Америка полицейі Франклин Уинборнның жұмыстан босатылуы себепші болған. Ол солақай болғандықтан заң бұзушылыққа жол қойып, оң тарапта алып жүретін тапаншасын соң тарапта қолданғаны үшін айыпталып, оны қорғау үшін солақайлар арасында үлкен көтеріліс ұйымдастырылған. Осылайша, 1980 жылдан бастап солақайларға соң қолды еркін пайдалану құқығы берілген.

Солақайлар солтүстік Америка, Европа елдерінде көп ұшырайды. Кейбір мемлекеттерде солақайлар үшін арнайы дүкендер ашылып, онда соң қолға ыңғайлы қайшы, музыка, спорт және тігіншілік құралдары, тіпті компьютерлер де сатылады екен.

Бала өзінің солақай екенін көбінесе мектепке барып, балаларға қосылғанда түсінеді. Бұл кезде педагогтардың, ата-аналардың солақай балаға «оң қолың жоқ па, неге оң қолмен жазбайсың, оң қолмен тамақ ішпейсің» деген зілді сөздері дұрыс емес. Бала өзін айыпты сезінбеуі керек. Мұғалім балаға әдемі жазбағаны үшін төмен баға қойған кезде, солақайлықты себеп қылып көрсетпеуге тиіс. Баланың өзіне ыңғайлы қолмен жазуына мүмкіндік беру керек. Солақай бала жазуды үйренуге біраз қиналады: дәптерді қисық ұстайды, тез жаза алмайды, жазған жазуын қолымен жасырып, көре алмайды… Бірақ үйреніп кеткеннен кейін, әдемі де тез жаза алады. Кейбір бастауышта солақай болған балалар уақыт өте келе өз-өзінен оң қолға үйреніп кетеді. Сондықтан, ересектер арасында балаларға қарағанда солақайлар кем кездеседі.

Кейде солақайларға «ұят» деп айқайлайтын адамдарды да көп кездестіреміз. «Ұят» түсінігін бала «кемістік» деп қабылдайды, нәтижеде жүйкесіне қатты әсер етіп, баланың білім алуға да қызығушылығы төмендейді.

Балабақшада солақай балалардан алынған бақылаулар нәтижесінде, оң қолға мәжбүрленбейтін, ешкім мазаламайтын балалардың солақай болғанына мақтанатындығы анықталды. Ал оларды оңақай болуға күштеу, өздерін айыпты сезініп, солақайлығынан өкінулеріне соқтырады екен. Тіпті, солақай жандардың оң қолмен тамақ жегенде ішіп отырған асының дәм-тұзын тұшына алмайтындарын ғылыми түрде ғалымдар дәлелдеген. Мидың оң бөлігі пікірлеу, сезіну, тыңдау функцияларын, ал сол бөлігі кеңістіктерді бағдарлау, есептеу, мақсатқа ұмтылуды белгілейді. Мидың оң бөлігі сол қолды басқарса, сол бөлігі оң қолды басқарады. Сондықтан, солақай балаларды қайта оң қолды пайдалануға үйрету қажетсіз және зиянды. Бұл — бала табиғатына керісінше, зардап әкеліп, миы зақымданады. Ол психикалық жарақат пен неврозға, тіл кемшіліктеріне соқтырады. Солақайлар өз мақсатына жету үшін қандай қиыншылыққа көнуге даяр. Оларды – оң қолды пайдалануға күштеу, кемсіту, «солақай» деп атау, күлу, басқа балалардан айыру, жүзіне айту, айыптау – үлкен қателік. Баланың үнемі сол қолын пайдалана беруінен алаңдамаңыз. Себебі баланың бас миы неге бұйырса, сол бойынша жұмыс жасайды. Яғни, солақайлық – баланың емес, мидың таңдауы екенін ұмытпаңыз. Сіз оңақайлыққа мәжбүрлеу арқылы миды өзгертуге әрекет жасаған боласыз. Солақайлық — кез келген адамға бұйыра бермейтін қасиет  екендігін бала тәрбиесімен шұғылданатын адамдар түсіну керек.

Солақай балалар мен басқа балалардың мінез-құлқында айырмашылықтар байқалады. Солақай балаларда сезімталдық басым болып, олар кішкентай кезінен басқа балалармен араласпай өзімен-өзі сурет салу, сызумен айналысып қалуы күзетіледі. Әсіресе, музыка тыңдап, оны қайталап айтуға әуес болады. Олардың тілдері жайлап шығуы, кейбір сөздерді қате айтуы мүмкін, бірақ кейіннен дұрыс сөйлеп кетеді. Солақай адамдар сенгіш, өзгеруші, нәзік көңілді, көңіл-күйіне қарап қарым-қатынас жасайтын жандар. Олардың ішінде бетге шабатын, ашушан, дөрекі, қайсар балалар өте кем кездеседі.

Баланың оңақай немесе солақай екенін анықтайтын және қолдардың белсенділігін арттыру үшін қолданылатын жаттығулар:

  1. «Жұмық көздер». Баланың көзін орамалмен байлап, алдына қарай тұра жүргіземіз. Егер бала оң жаққа қарай жылжып барса, ол солақай болады. Сол жаққа ағып кетсе, ол бала оңақай болады.
  2. «Каракуле». Тақтаға солақай баламен оңақай бала шығады. Олар екі тарапқа екі қолдарымен бір уақытта каракуле сызбасын сызады. Екі сызбаны салыстырған кезде, оңақай баланың сызбасының оң тарапы, солақай баланың сызбасының сол тарапы біртегіс көрінеді.
  3. «Дирижер» жаттығуын қол белсенділігін арттыру үшін пайдалануға болады: балаларға қол арқылы (3 И) дирижерлық әрекеті істелінеді.
  4. «Сиқырлы айна» жаттығуы арқылы қолдардың белсенділігін арттырамыз. Бұл әдісті балабақшада жоғары топ балаларына пайдалана отырып оң қолмен оң тарапқа, соң қолмен соң тарапқа қарай есімімізді ақырын жазамыз. Бірнеше рет жаттығу істегеннен кейін, ең соңғы жазуды айнамен көреміз. Соң тарапқа қарай жазылған жазу айнамен көрген кезде оң қолда жазған әдеттегі жазудай көрінеді. Ал, оң тарапы керісінше. Дәл осы жаттығу арқылы бала екінші қолдың көмегіне де таяну мүмкіндігін түсінеді.
  5. «Оң-соң» жаттығуында балалар серіктес болып, бір-біріне қарап отырады. Олардың біреуі «оң», біреуі «соң» есімін алады. Тәрбиеші олардың біреуінің есімін атайды. Мысалы, тәрбиеші «оң» деп айтса, «оң» есімді бала «соң» есімдінің қолдарын ұстап қалу керек. «Соң» есімді бала қолдарын ұстатпауға тырысады. Бұл жаттығу бір неше рет қолданылып, солақайлармен бірге оңақай балалардың да қол белсенділігін арттырады.

Халықаралық «Солақайлар күні» ресми түрде 13 тамызға бекітілген. Бұл күн алғаш рет 1976 жылы Британия солақайлар клубында өткізілген. Бірақ, кейбір мағлұматтар бұл күнді белгілеу туралы шешім 1992 жылы қабылданғанын айтады.

Құрметті ата-аналар, педагогтар! Болашағымыз болған балалардың солақай, оңақай, немесе басқа да ерекшеліктеріне қарай емес, оларға үлкен сеніммен қарап, АДАМ ретінде қарым-қатынас орнатайық. Үлкендердің бір ауыз сөзі баланы өмір бойы өзін бағалай алмайтын, өзін-өзі танымайтын маңгүрттікке, немесе «оян, сені ұлы болашақ күтуде» сөзін естіп ұлғайған ғалымдар дәрежесіне жеткізеді. Солақайлық – табиғаттың берген ерекшелігі. 13 тамыз – солақайлар күнінде оларды құттықтап қоюды ұмытпаңыз.

 

Мухамеджанова Ирода Тахировна,
 Түркістан облысы, Кентау қаласы.
“Тажиниса ана” балабақша мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.