Home » Ашық сабақтар » Сманова А.Ж., Молдахметова М.Ж.

Сманова А.Ж., Молдахметова М.Ж.

«Жемістер мен көкөністер»

(Сынып: 1)

Тәрбие сағатының бағыты: Салауатты өмір салты.
Оқыту типі: 1- 2-сатылы.
Мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын арқылы , есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ — жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, жаттығулар.
Құрал-жабдықтар: Көрнекіліктер, жемістер мен көкөністер, үлестірмелі материалдар.
Тәрбиешілер: Сманова Ақмарал Жұмабековна,
Молдахметова Маржан Жанеровна
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: (табиғатпен амандасу).
Армысың асыл- күн, Армысың –жер ана. Армысың жан досым , Жүрегіме жылу қос Міне қолым бос. (балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды,қимылдар жасайды).
Қонақтармен сәлемдесу.
2-кезең Жыл мезгілін және айларын айтып өту.
Қазір жылдың қай мезгілі, балалар? Көктем!
-Көктемде ауа райының қандай өзгерістері болады?. Қар ериді, күн жылына бастайды, жиі жаңбыр жауады.
3- кезең — Балалар біздер тәніміздің саулығы үшін ,біз бірінші болып таза жүруіміз керек,үнемі тазалық ережелерін сақтап жүруіміз керек. Тазалық ережелерін қалай сақтаймыз? Қолымызды,бетімізді денемізді.шашымызды,тісімізді жуып тазалап жүруіміз керек, және киімдерімізді де тазалап жуып үтектеп киіп жүруіміз керек.
(есік қағылады, сиқырлы қорапша).
Тазалық құралдарымен таныстырып өту.
4-кезең. Ал, деніміз сау, ауырмай жүру үшін біздер күнделікті ағзаға қажетті дәрумендер жеп отыруымыз керек.
Мысалға, жемістер мен көкөністер.
Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы « Жемістер мен көкөністер» жайлы әңгімелейміз.
Жемістер бақшада, яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі.
5-кезең.Көрнекіліктер бойынша таныстыру, оқушылардан сұрақ-жауап алу, әр жемісті көрсеткенде тәтті тосап артикуляциялық жаттығуын жасау.
— Осы жемістер мен көкөністерді біз қайдан аламыз? -Дүкеннен сатып аламыз.
6-кезең.Ендеше, біз қазір дүкенге барып жемістер мен көкөністерді дүкеннен сатып аламыз (Дүкенші ойыны).
Дүкеннен үйге әкелгеннен соң, міндетті түрде жуып жейміз,жуып қолданамыз (Судың суретін көрсетумен).
7- кезең. Балалар, сендермен тағы бір ойнап көрейік, ойынның аты «Кім тапқыр»
Ойын шарты жемістер мен көкөністерді көз байлап, искеу,сипау арқылы табу.
Сегіту сәті : Балалар әуен бойынша қимылдар жасайды.
8- кезең. Миға шабуыл жасайық балалар,мына жемістер мен көкөністердің жұптарын тауып құрастырайық (қиылған карточка бойынша құрастырады).
9-кезең.Келесі тапсырмамыз саусақ гимнастикасына байланысты:
Мына ағашқа жемістерді қыстырғышпен қыстырып алма мен алмұрт ағашын жасап көрейік (картон қағаздан жасалған алма мен алмұрттарды ағаш бейнесіне қыстырғышпен қыстырып қояды).
10-кезең. Балалар соңғы тапсырма , жемістерден біз тәтті тосап жасадық, ал енде мына көкөністерден салат жасайық (аппликация шығармашылық жұмысы).
Қорытындылау. Рефлексиялық түзету. Балалар жемістер мен көкөністерді білеміз ба? Мынау қандай жеміс? Ал мынау қандай көкөніс?
Жемістер мен көкөністерді ажыратайық ( жеміс пен көкөністерді көрсете отырып,жемістерді ағаш суреті үстіне,ал көкөністерді бақша суреті үстіне жапсыру арқылы ажыратады).
Мақтау- мадақтау. Балаларды жемістермен бағалау!

Сманова А.Ж.,
Молдахметова М.Ж.,
Астана қаласы әкімдігінің «№1 Арнайы мектеп-интернаты» КММ
бастауыш сынып тәрбиешілері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.