Мақсаты: Денсаулықты сақтау үшін, денсаулық ережелерін білу. «Денсаулық — зор байлық», «Дені саудың – жаны сау»-деген қағидаларды бала бойына сіңіру. Балаларға түстерді ажырата білуді қалыптастыру.
Міндеттері:білімділік: сөздік қорын байыту, сөзбен қимылды сәйкестіруге үйрету,балалардың тілін дамыту.
Ауа райының құбылыстарын-кемпірқосақ,жаңбыр,жел туралы білімдерін кеңейту. Сөйлеу тынысын дұрыс қалыптастыру.Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер,гуашь,қағаз,магнитофон,доп
І Ұйымдастыру кезеңі
Әуен ырғағымен балалар залға кіреді. Шаттық шеңбері өлеңі айтылады. (Балалар өлең сөзіне сай қимылдар жасайды)
ІІ «Ой қозғау» кезеңі
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біз сиқырлы түстер еліне саяхатқа барамыз. Бізді ұзақ жол күтіп түр,біріншіден біздің саусақтарымызды оятайықшы.
Доппен жаттығу: «Кірпі»
Балалар қолдарына массаж добын алып жаттығу жасайды.
Тәрбиеші:Балалар, қарандар бізге әдемі көбелек ұшып келді. Көзімізбен қарайықшы көбелек қалай ұшады?
Көбелек ұшып гүлге қонды.
Саусақтарымыз оянды, көзіміз оянды? Ал енді көрейікші аяқ пен құлағымыз ояндыма?
Шеңбер құрып тұрайық
Жаттығу «Көбелек».Балалар музыка әуенімен жаттығуды жасайды.
Тәрбиеші:Ал, енді біз саяхатқа дайынбыз! (Музыка әуенімен)
Балалар паровозға отырады.Қатар-қатар тұрайық. Ал, паравоз баста алға,Бәрімізді басқар да!Пш-пш, пш-пш!-біз кеттікЖүрісті біз гулетіп.Жүрісті біз гулетіп.Гу-гу, гу-гу, гуілдеп.Қалып қойма біріңдеПш-пш, пш-пш!-біз кеттік жүрісті біз үдеттік.
Келдік! Шығайық.Таза ауамен демалайық.
Жаттығу «Тынысалу»
Балалар мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен ауаны ұртқа жинамай, жәйменен дем шығарады.
Сөздік массаж ойыны«Жаңбыр»
Тәрбиеші:Балалар, сиқырлы түстер елінде жаңбыр жауып жатыр.Кәне бізде ойнайық
Жаңғырсын
Баулар бір,
Жау, жаңбыр,
Жау, жаңбыр!
Балалар бір біріне массаж жасайды.
Тәрбиеші: Балалар, келесі тапсырма мынау суреттердің түстерін табу қажет(Музыка әуенімен)
Тәрбиеші: Балалар, бізде қандай түстер шықты? Ал,осы түстерді пайдаланып қандай сурет салуға болады? Дұрыс, кемпірқосақ
Балалар кемпірқосақтын суретін салады.
Тәрбиеші: Жақсы балалар, біз сиқырлы түстер елінде көп нәрсе үйрендік, бірақ балабақшаға қайтуымыз керек. Барлығымыз паровозға отырайық балабақшаға қайтайық.
ІІІ-бөлім: Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
Тәрбиеші: Біз қайда бардық?
Тәрбиеші: Саяхатта кім кездесті бізге?
Тәрбиеші: Ненің суретін салдық?
Балалар: Балалар жауабы
Тәрбиеші: Олай болса балалар, бүгінгі айтылған қағидаларды естеріңнен шығармаңдар. Сендердің де денсаулықтарың мықты болсын, әр кезде күліп жүріңдер.
Токназарова Нурсила Жумашбековна
№34 «Ақ бидай» балабақшасының тәрбиешісі