Home » Балабақша » Сиқырлы су

Сиқырлы су

(Ортаңғы тобы)

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»

Бөлімі: Тіл дамыту, құрастыру, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Мақсаты: Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейін байқау, нәтижесін көрсету. Баланың тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда  ертегі желісіне сүйене отырып, сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ- жауап.

Көрнекіліктер: сандық, түрлі кілттер, кішкентай бөтелке, көк мата (көл), балықтар, геометриялық пішіндер, ертегі қиылған суреттер.

Билингвальды компонент: қоян- заяц- hare, кірпі- еж- hedgehog, аю- медведь- bear, түлкі- лиса- fox, қасқыр- волк- wolf

 Ұйымдастыру кезеңі:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Тосын сый:

Дәрігер Салауат топқа кіреді:

-Дәрігер Салауат: Балалар маған көмектесіңдерші

-Тәрбиеші: Дәрігер Салауат, не болып қалды?

-Дәрігер Салауат: Сендер білесіңдер ме, маған Африкадан хабарласып, тез жетуімді сұрады. Африкада барлық кішкентай жануарлар ауырып қалды. Мен өзімнің сиқырлы суымды алып, жолға шықтым, бірақ бара жатқан жолымда қарақшылар менің сиқырлы суымды алып, сиқырлы сандықтың ішіне салып, жауып тастады. Ал кілтін терең көлге тастап жіберді.

-Тәрбиеші: Дәрігер Салауат, біз сізге қалай көмектесейік?

-Дәрігер Салауат: Ол үшін сендерге 5 тапсырманы орындау қажет. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға балықтан сиқырлы кілтті аласыңдар. Егерде балалар, сендер 5 ссиқырлы кілтті жинасаңдар, ішінен сиқырлы суды ала аласыңдар. Мен сендермен өзім жолға аттаңар едім, бірақ мені ауырып жатқан кішкентай жануарлар күтіп қалды.

-Тәрбиеші: Балалар, Салауат дәрігерге көмектесеміз бе? Жолға шығуымыз керек, бірақ ең алдымен сендердің Дәрігер Салауатқа көмектесе аласыңдар ма? Соны тексереміз.

-Тәрбиеші:

-Қазір жылдың қай мезгілі? (Қазір жылдың көктем мезгілі)

-Көктемде қандай өзгерістер болады? (аған бүршік атады, жапырақтар шығып, гүлдер гүлдейді)

-Көктемде алғаш гүлдейтін гүл? (Бәйшешек)

-Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Дәрігер Салауат, мүмкін сізде балалардың білімдерін тексергінің келетін шығар? Балаларға сұрақ қойыңыз.

-Дәрігер Салауат: Ойын «Бұл қай мезгілде болады?»

-Қай мезгілде барлақ адамдар шомылып, күнге күйеді?

-Қай мезгілде балалар сырғанақ теуіп, қармен ойнайды?

-Қай мезгілде бәйшешектер гүлдейді?

-Қай мезгілде жапырақтар сарғайып түседі?

-Жарайсыңдар, балалар, сендер барлық тапсырмаларымды орындап, кілттерді алып келетіңдеріне сенемін. (Дәрігер Салауат кетіп қалады)

-Тәрбиеші: Балалар, ендеше біз қазір көлге аттанайық.

-Балалар, қараңдаршы көлде балықтар жүзіп жүр. Қандай 1- ші тапсырма екенін білу үшін, ең алдымен біз балықтарды рет- ретімен орналастырамыз.

-Кәне, балалар, 1-ші балықты ұстайық.

-Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Ал енді тапсырмаларды орындайық.

1-ші тапсырма:

Ойын «Бір сөзбен ата»

-Алма, алмұрт, жүзім…………….(Жемістер)

-Машина, доп, қуыршақ…………(Ойыншықтар)

-Ит, мысық, сиыр…………………..(Үй жануарлары)

-Қияр, қызанақ, сәбіз……………..(Көкөністер)

-Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Дұрыс жауап берген үшін, балық бізге кілт берді.

2-ші тапсырма:

Ойын «Сипаттаған аңның атын ата»

-Қыста тоны ақ, жазда тоны сұр. Ол тез жүгіреді орманда бәрінен қорқады. (қоян- заяц- hare)

-Өзі кішкентай және тікенекті. Қыста ұйықтайды, жазда құрт- құмрсқаларды ұстайды. (кірпі- еж- hedgehog)

-Өзі үлкен, қорбаңдаған. Қыста апаңында ұйықтайды. Жазда орман аралап, таңқурай мен балды іздейді. (аю- медведь- bear)

-Өзі қу, құйрығы үлбіреуік, тышқандар мен тауықтарды ұстайды.  (түлкі- лиса- fox)

-Өзі сұр, қорқынышты, және үнемі қарны ашып жүреді? (қасқыр- волк- wolf)

-Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Дұрыс жауап берген үшін, балық бізге тағыда бір кілтті берді.

3-ші тапсырма:

«Сергіту сәті»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды,

Ойлы қырлы  жерлермен.

Ытқып- ытқып секірді.

-Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Өте жақсы. Балық бізге 3-ші кілтті берді.

4-ші тапсырма:

Ойын «Пішіндер қайда орналасқан»

-Тәрбиеші: -Балалар, қазір сендер ақ қағазға пішіндерді ретімен орналастырасыңдар. Ол үшін мен сендерге пішіндерді  атаймын, ал сендер оны ретімен орналастырасыңдар. Келістік пе?

-Ортасында- дөңгелек, оң жақта жоғарыда- төртбұрыш, сол жақта төменде- сопақша, оң жақта төменде- үшбұрыш, сол жақта жоғарда- тіктөртбұрыш

-Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Барлығын дұрыс жасадыңдар ма? Онда балық бізге 4- ші кілтті береді. Енді соңғы тапсырманы көрейік.

5-ші тапсырма:

Ойын «Ертегілерді атау»

-Балалар қиылған суреттерді жинап, ертегінің атын атайды. (Балалар берілген тапсырманы орындайды)

-Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Балық бізге тағы бір кілт берді. Кәне, балалар, бізде неше кілт болды? (Бізде 5 кілт болды)

-Ендеше, дәрігер Салауатқа хабарласайық.

-Дәрігер Салауат кіреді:

-Сендерде 5 кілт бар, қазір сендер кілтті таңдап, ішінен сиқырлы суды аласыңдар.

-Тәрбиеші: Меніңше, бұл сиқырлы емес, жай су ғана.

    -Дәрігер Салауат:  Жоқ, қараңдар, нағыз сиқырлы су. Рахмет сендерге балалар. Маған көмектескендерің үшін мен сендерге дәрумендер беремін. Дендерің үнемі сау болын жүрсің. Ал енді менің кетуім керек, Африкаға тез аттанамын.  Сау болыңдар, балалар. (Сау болыңыз)

-Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін бізде кім көмек сұрап келді? (Дәрігер Салауат)

-Біз қайда бардық? (Көлге)

-Біз не істеуге көмектестік? (Сиқырлы суды табуға)

-Кілтті қалай біз алдық? (Тапсырмаларды орындап, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы)

Балаларды мадақтау. Марапаттау.

Смагулова Ақмарал Сахаватқызы

Астана қаласы,  №33 «Алтын дән» балабақшасының

тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.