Home » Ашық сабақтар » Сиқырлы суреттер

Сиқырлы суреттер

Тренингтің мақсаты:

Мазасыздану деңгейін азайту, позитивті көңіл-күйді қалыптастыру.

Шығармашылық әрекетке бірге қатысып балаларды бір-бірін оң қабылдауға үйрету, қарым-қатынасын жақсарту.

Міндеттері:

  • Психоэмоционалдық үдеуін болдырмау.
  • Балалардың ішкі сезімі мен көңіл — күйін  жақсарту.
  • Танымдық үрдісін, ой-қиялдарын, эмоциясы мен сезімдерін, өз-өзіне сенімділігін дамыту.
  • Түс пен форманы қабылдауды жетілдіру.
  • Өзара іс-тәжірибелік қарым-қатынастарын, дағдылары мен біліктілігін арттыру.
  • Балаларды достыққа, әсемділікке, шығармашылығын дағдыландыра отырып нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
  • Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі бақылауға үйрету.

Әдістері мен технологиялар: әуен-терапиясы, изо терапиясы.

Қажетті құралдар: Мультимедиалық проектор, компьютер, үнтаспа, фотоаппарат, ватман, маркер, эбру әдісіне арналған су (сүт), гуашь, қағаз беттері, жалпақ, жіңішке қылқалам, сүлгілер.

Тренингтің барысы:

І. Амандасу.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.

Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!

1.Балалар шеңбер бойымен бөлменің ортасына отырады тұзды шаммен демалады.

ІІ. Мазасыздану деңгейін азайтып, позитивті көңіл-күйді қалыптастыруға арналған жаттығу:

Бөлмеде жарық сөндіріледі. Әдемі әуен қойылады. Балалар жатып төбеге, қабырғаға әуен шамынан түскен түрлі-түсті дөнгелек пішіндерді тамашалайды. Жүргізушінің сұрақтары: Балалар, бұл не? Кімге қай түсті дөңгелек ұнады? Елестетіңдерші, дөңгелектер неге ұқсайды?

— Балалар жауап береді.

Жүргізуші балаларға көздерін жұмуға ұсыныс жасайды да. Қалаған түсті дөңгелекшелерді қолдарына ұстата қояды. Балалар көздерін ашып, келесі тапсырманы орындайды.

ІІ. Графикалық тапсырма: Балалар әр түрлі көлемді, түрлі-түсті дөңгелекшелерден берілген өрнекті жалғастырады. Тапсырманы бәрі балалар кезекпен орындайды.

Мақсат: Балаларды бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету. Шығармашылықтарын, қиялын дағдыландыра отырып нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Педагог-психолог: Суретші бүгінгі сабаққа қандай тосын сый қалдырды екен. Бұл құралдармен біз сурет салдық. Мальбертте балалардың алдындағы сабақтарда салған суреттері ілулі тұрады. Балалар суреттер қандай әдіспен салынғанын атап өтеді. Слайд арқылы жұмыс жасап отырған сәттерді тамашалайды.

Бір мезетте әуеннің дыбысы естіледіде тосын сый пайда болады. Бұл не болды екен!? Су! Балалар, калай ойлайсындар, суға сурет салуға болады ма? Ендеше салып көрейік.

Педагог-психолог қажет құралдарды қалай қолдану керегін атап отырып, сурет салу әдісін көрсетеді. Жұмыс барысында мәлімет береді: Бұл әдіс Эбру әдісі деп аталады. Тарихы өте көнеден басталған. Сурет судың бетіне салынады. Ең алдымен керекті заттарды алу керек: арнайы су, фон жасау үшін қылқалам және бояуға пішін беруге біз, өрнектеуге тарақ қажет. Сурет дайын болған соң қағазға түсіреміз. Өз суреттеріне атау бересіңдер.

IІІ.  «Жұлдыздар» ойыны

Мақсаты: қарым-қатынастағы белсенділікті арттыру.

Әдемі әуен қойылады. Музыка ырғағымен ортада қатысушылар билеп жүреді, жүргізуші 6 жұлдыз десе 6 бала болып, 3 жұлдыз десе 3 бала жиналу қажет.

ІV. Балалардың ішкі сезімі мен көңіл-күйін жақсартуға арналған тапсырма

Сурет салу.

Әр бала жеке жұмыс жасайды. Педагог бақылап көмектеседі. Жүргізуші ескерту жасайды: Балалар, сендердің суреттерін ұқсамауы мүмкін, өйткені әр адам ерекше. Жұмыстың соңында суреттеріне атау беріп не бейнеленгенін әңгімелейді.

  1. Рефлексия «Ду қол шапалақ» ойыны арқылы өтеді.

Мақсаты: өзіне деген сенімділігін арттыру.

Балалар бір-бірінің артынан шығып өзін суретші секілді сезініп бәрінің алдынан жүріп өту қажет. Сол кезде педагог әр баланың тренингтегі белсенділігін, шеберлігін атап отырады.

Педагог: Бұл не?! Жіп?! Балалар, сендер білесіңдер ме, жіппен сурет салуға бола ма? Келесі сабақта жіппен сурет саламыз.

Нургуль Александровна ХАЙЛЯМОВА,
педагог-психолог,
№6 сәбилер бақшасы,
Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.