Home » Балабақша » Сиқырлы ноталар

Сиқырлы ноталар

Мақсаты: музыка арқылы бала бойындағы дүниетанымдық, адамгершілік, шығармашылық қасиеттерін дамыту. Өмірге деген сүйіспеншіліктерін жаңа деңгейге көтеру.

Көрнекіліктер: сиқырлы ноталар суреттері, гүлдер.

Жүргізуші: — Балалар сіздер білесіңдер ме, бүгін таңертең музыка залына келсем таңғажайып сиқырлы жылтыр бір зат таптым.Таң қалғаным соншалық, ол сиқырлы заттарды ұстап үлгергенімше болған жоқ, олар көз алдымда  ғайып болып кетті. Балалар қараңдаршы, сол сиқырдан бір ғана гүл қалып қойыпты (жеті түсті сиқырлы гүл). Бұл жай гүл емес, сиқырлы гүл сияқты, кәнекей балалар неше жапырақшасы бар екен санайықшы  (7).

Жүргізуші: Менің ойымша, бұл ғажайып гүл бізді сиқырлы әлемге шақырғысы келетін сияқты. Балалар сендер бұл гүлді қандай ертегі арқылы білесіңдер? (Балалар жауап береді). Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл сиқырлы гүл шығар. Ендеше сиқырлы әлемге аттануға дайынсыңдар ма? Дайынбыз.

Онда балалар көздерімізді жұмып сиқырлы сөздерімізді айтайық:
«Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді».
Балалар көздерін жұмып тақпақты айтады.
Сиқырлы музыка ойнайды.
Музыкалық нота ашылады
Жүргізуші:  Балалар, қараңдаршы біз қайда келдік?
Балалар: Біздер  музыка еліне келген сияқтымыз
Қараңыздаршы бұл не? ( Музыкалық көрсетеді)
Ноталар тұратын сиқырлы үй кімнің есінде?
Нота санында неше сызық бар екен? (5)
Музыка әлемінде неше нота бар.  (7)
Ендеше барлық ноталарды әндетейік.
(балалар әндетеді)

Музыка тыңдату: «Көңілді күн»  әнін тыңдатамын.
Тағы саяхатқа аттанамызба?
Жүргізуші:  Ендеше екінші жапырақшамызды ашайық.
«Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»
би ырғағына сай музыканың дыбысы естіледі
Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдаршы, бір музыка естілетін сияқты.
Бұл қандай музыка екен?
Жүргізуші. Балалар бұл қандай музыкаға жатады? Би ырғағы ма, әуен ырғағы ма? (Би ырғағы)
Дұрыс айтасыңдар балалар біз би әлеміне саяхаттап келдік.
Бейнетаспа арқылы түрлі би қимылдарын жасатамын.
Жүргізуші: Әрі қарай саяхаттайық балалар?
«Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»
Барабан дыбысы естіледі.
Жүргізуші:  Қандай ғажап балалар! Біз қайда келдік?
Балалар тыңдайықшы бұл әуенді музыка ма? (Жоқ)
Не естіп отырсыңдар балалар?  (Барабан) Ол музыка емес пе.
Ал қандай дыбыстар болады?  (шулы дыбыстар және музыкалық дыбыстар)
Барлық бала біледі
түрлі шулы дыбыстар
Ұшақ ұшып кетеді
машина жүріп барады
жәй жапырақ сыбдыры
шулы дыбысқа жатады
Қандай музыкалық дыбыстар болады? (Қатты-жәй, Жоғары-төмен)
Ойын: «Аспаптардың дыбыстарын ажырату»
Жүргізуші:.әрі қарай саяхатқа  аттанайық?
Көздерін жұмады
«Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»
Жүргізуші: Тағы да музыка естіледі. Бұл әуен сендерге таныс сияқты?  (Таныс)
Бұл не екен?   (Ән) тыңдап көрейік.
Жүргізуші:  Дұрыс айтасыңдар балалар, біз ән әлеміндеміз!
Ендеше орындарымыздан тұрып ән айтайық. Әнді айтпас бұрын даусымызды жаттықтырып алайық ( бейнероликтің  көмегімен).
Ән: «Домбырасыз сән қайда?» (балаларға айтқызамын).
Жүргізуші:  Жарайсыңдар балалар, сендер би билейді екенсіңдер әнді де жақсы айтады екенсіңдер.
Қараңдаршы балалар, біздің сиқырлы гүлімізде неше жапырақша қалды екен, санайықшы (3).
Жүргізуші:   Бірақ балалар, біздер ол жапырақшаларды бүгін ашпаймыз, өйткені сиқырлы музыка әлемі өте үлкен және біз ол әлемде әлі де көп саяхаттаймыз. Ал сиқырлы гүліміз бізге болашақта көмектеседі.
Жүргізуші:  Ал енді балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз. Көздерімізді жұмып, сиқырлы гүлімізбен балабақшамызға қайтайық
Балалар көздерін жұмады.
«Шыр айналып әлемді
Бақшамызға әкетші!»
Сиқырлы музыка естіліп балалар көздерін ашады.
Жүргізуші: Мінекей бақшамызға да оралдық. Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар, маған сендердің билерің, әндерің ұнады.
Балалар осындай сиқырлы ноталармен танысып, тамаша қатысқандарың үшін сендерге көп-көп рахмет! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Ерембаева Кундыз Тұрарбекқызы,
БҚО, Қазталов ауданы, Жалпақтал ауылы,
«Балдәурен» бөбекжайының музыка жетекшісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.