Максаты: балалардың музыкалық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.Музыканы сүюге,үйренуге,тыңдай білуге, музыкалық шығармалар сипатын анықтауды жалғастыру,музыка арқылы табиғат құбылыстарын сезінуге үйрету, музыкаға сайкес қимылдап,билеуге дағдыландыру.
Көрнекілік: музыкалық аспаптардың суреті, композиторлардың суреті,музыкалық аспаптар,бес сызықта орналасқан нота суреттері.
Әдіс- тәсіл: сұрақ – жауап,екі топқа бөлу, музыкалық дидактикалық ойындар,ән айту.
Балалар музыканың сүйемелдеуімен залға кіреді.
Балалар музыка арқылы амандасады,дауыс жаттығуын жасайды.
Муз.жетекші: Сендер музыка залына қонаққа келдіндер.Қарандаршы,қаншама қонақ келді! Ендеше олармен амандасайық.
Қайырлы таң,ұстазым!
Қайырла таң, достарым!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық!
Доброе утро,учитель!
Доброе утро, друзья !
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!
Good morning , good morning
Good morning to you,
Good morning , good morning,
We are glad to see you!
-Балалар алдарыңызда жатқан эмблемаларды алып «Қарлығаш» және «Бұлбұл» тобына бөлінеміз.
— Балалар , жылдың қазір қай мезгілі?
— Көктем мезгілі.
— Көктем айларын атап беріңдерші.
— Наурыз, сәуір, мамыр.
— Көктем мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі ?
— Күн жылынады, ағаштар гүлдейді , бүршік жарады, жаңбыр жиі жауады, табиғат оянады.
Балалар, олай болса , біз музыка арқылы табиғат құбылыстарын ,жылдың төрт мезгілін әуендерін тыңдап ажыратып корейік. ( П.И.Чайковскийдің «Времена года» ,Ф.Шопеннің «Вальс дождя» музыкаларын тыңдап балалар жылдың төрт мезгілін ажыратады).
Сіздер әуенді тыңдағанда не сезіндіңдер? ( балалардың жауабы:
— күн шығып,дала жылынып ,құстар сайрағаны,гулдер жайнағаны,
— қыс түскен дала суытып,қар жауып түрғаны мұңды музыка,
— жаз мезгілі,балалар қуанып теңізге түсіп, жайлауда қозы,қошақандармен ойнап жургені ,
— күз мезгілі дала салқындап ,жауын шашын болады,жапырақтар сарғаяды).
Муз.жетекшісі: Жарайсыңдар!
Балалар суретті кім салады?
— ( балардың жауабы — суретші
Кітапты кім жазады? — жазушы ,
ал музыканы кім шығарады? – композитор.
– Балалар , айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек? — Нота
– Нота дегеніміз не?
— Нота дегеніміз – музыка дыбыстарын қағаз бетіне жазатын белгі.Ән нота арқылы жазылады.
– Иә, дұрыс айтасыңдар .Олай болса,ноталардың атын атап және олар қай жерде орналасатынын көрсетейік.
(ноталар нота сызығына орналасады).
(әр нотаның дыбысын шығару). .
Я – « До» .
Я – нота добрая .
Желаю всем добра!
Я – «Ре» .
Гуляю во дворе, .
Всегда уверена в себе. .
Люблю я солнце , облака , .
Я звуков музыки река! .
Я – « Ми»
Я – мисс Очаровашка! .
Милашка я , друзья , милашка!
Я – «Фа»
Дружу я с нотой «Соль» ,
Ращу горох , бобы , фасоль.
У «Соль» особенная роль: .
Я ключ скрипичный открываю , .
На строчках ноты расставляю.
Я – нота «Ля» .
Я – нота «Ля» .
Меня запела вся земля!
А «Си» поем мы для того , .
Чтоб вновь вернуться к ноте «До». Ән айту: « До-ре-ми» ( музыкасымен сөзін жазған Өмірбек Байділдаев)
– Жарайсыңдар! Ал сендер мына композиторларды танисыңдарма?
(суретте Құрманғазы ата, Д.Нурпейисова, Н.Тілендиев , К.Ыбрай – Манғыстау облысы, Манғыстау ауданындағы ақын , композитор ).
— Ал сіз олардың шығармаларын білесіңдерме,қане тыңдап , тауып көрейік.
( «Сары арқа» , « Аққу», « Бұлбұл» , «Күз» , « Сары арқа»оркестр орындауында музыкалар жіберіледі).
– Балалар , оркестр дегеніміз не?
— Музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы.
— Қане біз мына асаптарды білемізбе? ( аспаптарды көрсету, олардын құрылысын айтып беру).
– Ендеше ойын ойнайық. Екі топқа бөлінеміз. Қиылған аспаптардың суретін құрастырамыз. – Ойын «Музыкалық аспаптардың дыбыстарын ажырату»
— Балалар, жалпы музыкада неше жанр бар?
— Балалардың жауабы (ән,би, марш ,күй )
— Бидің қандай түрлері бар? —
— Вальс , полька , ұлттық би.
– Ендеше осы жанрлардан үзінді әуендер қосамыз, сендер тыңдап соған би ырғағын көрсетеміз.
— Жайрайсыңдар,өте керемет. Ендеше ата-анамын ойын ойнайық «Күлкі – дәрумен».
— Бүгінгі оқу – іс әрекетіміз сіздерге ұнадыма ?
— Балалар, сендер жыл бойына көп әндер үйрендіңдер.Сол әндердің ішінде сендерге қандай әндер ұнайды? — «Науырыз», « Жаңа жыл», «Күз», «Нұр ата», «Тату доспыз бәріміз»
— Бұл әндер қай композитордікі?
— Біздің Манғыстау облысының ақын-композиторы Көмек Ыбрайұлынікі.
– Балалар, келің ендеше әні Ф,Жолдасованікі, сөзі С.Моласынұлынікі «Бала тілегі» әнімен қорытындылаймыз.
Нугиева Арухан Ертлеуовна
№8 «Алтын сақа» балабақшасыМКҚК
Ән-саз жетекші
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы